Николай Андреевич Римский-Корсаков
6.3.1844, Тихвин қаласы, Новгород губерниясы —21.6.1908, Любенск усадьбасы, Псков облысы] .
Ресей композиторы, дирижер. Теңізшілер кадет корпусында оқыған (1856- 62). 1858 ж. пианист Ф.А. Канилледен дәріс алған Р.-К. кейіннен М.Балакиревтің “Жасампаз топ” шығармалық үйірмесіне қатысты, муз. танымы, бағыты, эстетикалық көзқарасы қалыптасты. Ол Балакиревтің ықпалымен 1-симфониясын (1861-65) жазды. 1867 ж. “Серб қиялы” және “Садко” муз. суреттемесі мен бірқатар романстар жазған. 1868 ж. “Антар” 2-симфониясын, 1872 ж. “Псков қызы” операсын дүниеге әкелді. “Орыстың 100 халық әні” (1875- 76), “40 әуен” (1875- 82), “Мамыр түні” (1878-79), “Ақшақар” (1880-81) шығармалары жарық көрді. Кейіннен оркестрге арналған “Ертегі” (1879-80), фортепьянолық оркестрге арналған концерттер (1882-83), симфониетта (1884-85), сондай-ақ шығармашылық шыңы-“Испан коприччиосы” (1887) мен “Шехерезада” (1888) жазылды. “Рождество алдындағы түн” (1894- 95), эпик. “Опера-былина”, “Садко” (1893-96), камер. опера “Моцарт және Сальери” (1897), бір актілі “Бояр әйел Вера Шелога”, “Патша қалыңдығы” (екеуі де 1898), “Ажалсыз Кощей” (1902) опералары дүниеге келді. Р.-К. жазған “Оркестровка негіздері” және “Тәжірибелі Гармония оқулығы” атты еңбектері өзінің ғылыми-педагогикалық маңызын осы күнге дейін жоймай келеді.
1908 жылдың 8 [21] маусымында Любенск қаласында, қала сыртындағы қоныста қайтыс болды. Ол жерде қазір композитордың қайта құрастырылған екі қонысы – Любенсктегі үй мен 1907 жылға дейін тұрған Вечашадағы үйінің біріктірілген мемориалды мұражайлық комплексі орналасқан.
Римский-Корсаков композиторлық мектептің негізін қалаған, оның оқушыларының ішінде шамамен екі жүз шақты композиторлар, дирижёрлер, музыкатанушылар, солардың ішінде Фёдор Акименко, Николай Амани, Антон Аренский, Николай Арцыбушев, Мелитон Баланчивадзе, Семён Бармотин, Феликс Блуменфельд, Юлия Вейсберг, Язепс Витол, Александр Глазунов, Николай Лысенко, Анатолий Лядов, сынды тұлғаларды атап өтуге болады.
Сонымен біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
А. Н. Островскийдің пьесасының желісімен жазылған орыс халқының композиторы Н. А. Римского-Корсаковтың «Ақшақар» операсы.
Көрініс:
Ақшақар: Өнербай Наерке.
Шал: Шайлібек Бегімжан
Кемпір: Асылхан Қымбат.
Ақшақар
Автор: Ерте ерте ертеде шал мен кемпір болыпты. Екеуі тату тәтті өмір сүрген екен. Бәрі жақсы сиақты, бір қайғылары перзент сүймепті.
Міне, ақ қылышын сүйретіп қыс та келді. Кішкентай балалар жүгіріп ойнап, аққала жасап, қуанып жүр. Ал шал мен кемпір болса терезеден қараса өздерінің қайғысы естеріне түседі....
- Кемпір жүр екеуіміз өзімізге қардан бала жасап алайық, – дейді шал..
Жасасақ жасап алайық, – дейді кемпір..Басына баскиімін кие салып шал мен кемпір далаға шығып, қардан аққала жасауға кірісіп кетті.
Шал басын жасап, мұрнын,
көзін жасады
Сөйтіп олар қыздан айнымайтын ақшақар жасап шықты. Екеуі тамсанып тұрғанда оның еріндері қызарып, көздері ашыла бастады. Қарияларға қарап күлімсіреп тұр. Сосын басын шұлғып, қолдарын қимылдатты. Аяқ қолдарымен қарды үстінен қағып тастап аққаланың ішінен тірі қыз шыға келді... Шал мен кемпір қызды үйлеріне әкеліп, тамсанып көздерін алмастан қарап
отырды
.
Күн санап шал мен кемпірдің қыздары өсіп жатты. Күн өткен сайын ажары кіріп, аппақ қардай, шашы беліне түсіп ақшақар қыз өсе берді
Достарыңызбен бөлісу: |