Алғашқы рет ақыл-ой бұзылуларды, көңіл-күйді, аурулардың физикалық жағдайын ескере отырып психикалық ауруларды жіктеген ғалым.
медицина профессоры Феликс Платтер;
педагог, философ, славян ғалымы Ян Амос Коменский;
дәрігер Филипп Пинель;
бельгиялық психиатр Жан Демор;
неміс психиатры Эмиль Крепелин.
Алғаш рет «аменция», «деменция», «имбецилизм» және «кемақылдылық» деген ұғымдарды енгізген ғалым кім?
Жан Этьен Доминик Эскироль;
О.Рюле;
Жан Итар;
Филипп Пинель;
Е.Келлер.
Алғаш «олигофрения» ұғымын көрсетіп енгізген ғалым кім?
Эмиль Крепелин;
Л.С.Выготский;
Екатерина Константиновна Грачева;
Всеволод Петрович Кащенко;
О.Рюле.
«Олигофрения» ұғымы қандай мағына береді?
грек тілінен – ақылы аз, кем деген мағына береді;
латын тілінен – түзету, жөндеу деген мағына береді;
испанша – мүгедек деген мағына береді;
парсы тілінде – ақылынан адасқан деген мағына береді;
грек тілінен – арнайы сала деген мағына береді.
Дефектология ғылымы қандай салаларды біріктіреді?
сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика, логопедия, арнайы психология;
аменция, деменция, имбецилизм және кемақылдылық;
дебильдік, имбецильдік және идиотия;
адам психикасының дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторлар;
«бірінші дефект немесе кемістік» және «екінші ауытқулар.
Сурдопедагогика нені зерттейді?
есту мүшелері кеміс дамыған және қабілеті төмен балаларды тәрбиелеп оқыту сұрақтарын зерттейді;
әлеуметтік ортада пайда болатын өзекті мәселелерді зерттейді;
туғаннан берілетін кемістіктерді қарастырады;
тіл мүшелері кеміс дамыған балаларды тәрбиелеп оқыту сұрақтарын зерттейді;
әр адамзат басында пайда болатын кемістіктерді зерттейді.
Тифлопедагогика нені зерттейді?
көру мүшелері кеміс дамыған және көру қызметі төмен балаларды тәрбиелеп оқыту сұрақтарын зерттейді;
тірек-қимыл аппаратының бұзылуы себептерін зерттейді;
есту мүшелері кеміс дамыған және қабілеті төмен балаларды тәрбиелеп оқыту сұрақтарын зерттейді;
тіл мүкістігін педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолданып түзетумен айналысатын арнайы дефектологиялық ғылым;
ақыл-ойы кеміс дамыған балаларды тәрбиелеу және оқыту.
Логопедия дегеніміз –
тіл мүшелері (артикуляциялық аппараты) кеміс дамыған және сөйлеу қабілеті төмен балаларды тәрбиелеп оқыту;
әуенді вибрациялық сезім арқылы жеткізу жолдары;
кеміс балалардың әлеуметтік бейімделуі;
кеміс дамудың сапалық өзгешілігін тану әдістері мен принциптері;
дамудағы кемістік, яғни, физикалық немесе психикалық жетіспеушілік.
Олигофренопедагогика –
ақыл-ойы кеміс дамыған балаларды тәрбиелеу және оқыту;
сал ауруымен ауыратын балаларды емдеу және тәрбиелеу;
мінез акцентуациясын қарастыру;
балалар дамуындағы нормальды жақтарды зерттейді;
баланың іштен жетілмей туатын дене дамуындағы патологиялық кемістік.
Дефектологияда балалардың психикалық, физикалық дамуындағы жетіспеушіліктерді әлсірету немесе дұрыстауға, түзетуге бағытталған педагогикалық шаралардың жүйесі –
коррекция;
реабилитация;
компенсация
декомпенсация;
адаптация.
Коррекциялық-тәрбиелеу жұмыстары:
баланың физикалық және танымдық әрекеттерінің дамуындағы кемістіктерді азайту немесе жою;
тек қана туғаннан берілетін кемістіктерді болдырмау және мүлдем жоюдың жолдары;
есту мүшелері кеміс дамыған және қабілеті төмен балаларды айқындау;
кеміс дамудың сапалық өзгешілігін арттыру;
ақыл-ойы кеміс дамыған балаларды тәрбиелеумен ғана шектеледі.
Коррекцияның мақсаты –
кеміс балалардың ақыл-есі дұрыс, дені сау балалармен қарым-қатынасына жағдайлар туғызу;
кеміс балаларға дәрі-дәрмектерді қолдану арқылы ғана емдеу;
адамның компенсациялық процестерінің дамуын анықтайды;
дені сау оқушылардың жалпы білімдерін қалыптастыру;
балалардың дамуындағы алғашқы кемістікті анықтау.
Компенсация дегеніміз –
тек туа біткен кемістіктердің салдарынан туындайтын процесс;
тек жүре пайда болған кемістіктердің салдарынан туындайтын процесс;
соқыр болып туған баланың көру талдағыш қызметі;
кемшіліктің екінші әлеуметтік салдары;
организмдегі жетілмеген немесе бұзылған функционалдық қызметтерді қалпына келтіру.
Дефектология ғылымы нені зерттейді?
кемістігі бар балалардың психологиялық және физиологиялық даму ерекшеліктерінзерттейді, сонымен қатар оларды оқыту және тәрбиелеу заңдылықтарын белгілейді;
тәрбие принциптері мен заңдылықтарын қарастырады;
бала дамуының нормальды жақтарын көрсету;
халық ішінен түрлі кемістіктерді, психикалық ауруларды аластау;
оқыту процесін зерттейді.
Әлеуметтік реабилитация сөзінің медициналық-педагогикалық мағынасы:
кеміс балаларды әлеуметтік ортаға қалыптастыру, олардың психикалық-физикалық мүмкіндіктеріне сәйкес қоғамдық өмірге, еңбекке араластыру, баулу;
кеміс балалардың мүмкіншілігіне қарай оқу-құралдарын оптималды қолдану;
арнайы әдістер мен ережелерді қолдана отырып, тәрбиелік жұмыстар жүргізу;
кеміс балалардың оқу тәртібі мен еңбек процесін дұрыс ұйымдастыру;
кеміс балаларды белсенділігі мен өз бетіндік қабілеттерін жоғарылатуға бағыттау.
Әлеуметтік адаптация дегеніміз –
жалпы қоғамдық нормалар жүйесіне сәйкес кемтар балаларды топ ішіндегі және жеке тәртіптерге бейімдеп үйрету;
медициналық құралдардың көмегімен іске асырылады;
оқу тапсырмаларының шамадан артық болмауын ескерту;
арнайы жабдықтар жүйесін кеңінен қолдану;
функционалдық ауытқулар, төзімсіздік және психикалық процестердің әлсіреуі.
Дефектологияның негізгі міндеттері:
әртүрлі кемістігі бар балалардың физикалық, психикалық дамуындағы ерекшеліктері мен заңдылықтарын педагогикалық, психологиялық, физиологиялық, клиникалық тұрғыда жан-жақты тереңірек зерттеу;
ақыл-есінің дамуындағы тұрпайы кемістіктерде жартылай компенсация қолдану шаралары;
әлсіреген функцияларды хирургиялық жолмен қалпына келтіру жұмыстары;
оқыту мен дамытудың ішкі өз-ара байланысын құрастыру;
кемтар балаларды тек отбасында, жанұяда тәрбиелеу керек деген қағида.
... – кемтар балаларға ертерек, дер кезінде тәрбиелеу және оқыту мәселелерін тәжірибелік тұрғыда шешіп, ғылыми өңдейді.
Дефектология;
Патопсихология;
Невропатология;
Психопатология;
Неврология.
Профилактика қамтамасыз етеді:
тұрғындардың тұрмыстық, еңбек жағдайын сауықтандыру, жоғары маман медициналық қызмет көрсету, аурудың алдын алу, ана мен баланы қорғау;
кеміс балаларды үйде оқыту және жетілдіру;
оқыту барысында білім беру және тәрбиелеу;
кеміс балаларды оқытудың арнайы дидактикалық сұрақтарымен, білім беру қағидаларымен айналысады;
кеміс балалардың қасиеттері, көзқарастары, сенімі.
Кемақылдылықтың тереңдігіне және ауырлығына байланысты оның қандай дәрежелерін ажыратады:
дебильдік, имбецильдік және идиотия;
менингит, энцефалит, менингоэнцефалит;
олигофрения және шизофрения;
тұқымқуалағыш және сыртқы;
эндогенді және экзогенді.
Дебил кезіндегі интеллектуалдық коэффициенті –
50-70 %-ды құрайды;
40-60 %-ды құрайды;
30-40 %-ды құрайды;
20-30 %-ды құрайды;
40-80 %-ды құрайды.
Ересек дебилдардың психологиялық дамуы неше жастағы баланың дамуына сәйкес келеді?
8-12 жастағы;
7-10 жастағы;
9-15 жастағы;
10-14 жастағы;
12-16 жастағы;
Имбецилдің интеллектуалдық коэффициенті –
20-50 %-ды құрайды;
50-80 %-ды құрайды;
40-50 %-ды құрайды;
10-30 %-ды құрайды;
30-50 %-ды құрайды.
Соқыр балалар үшін өз атымен белгі жазу, оқу әдістерін ойлап тапқан ғалым кім?
Л.Брайль;
А.Адлер;
Л.Выготский;
В.Павлов;
М.Цоговский.
Соқыр адамға қарағанда қандай адамның түрі өмірге тез араласуға және оны тез дамып білуге бейімдірек?
соқыр-саңырау-мылқау;
мылқау;
саңырау-соқыр;
соқыр-мылқау;
саңырау-мылқау.
Имбецилдің психикалық дамуы неше жастағы баланың деңгейіне сәйкес?
3-7 жастағы;
12-16 жастағы;
8-12 жастағы;
7-10 жастағы;
10-14 жастағы;
Жалпы даму процесінің үздіксіз екендігіне алғаш назар аударған ғалым:
А.Адлер;
Л.Монтьев;
В.Павлов;
М.Потовский;
А.Брайль.
Адам бойындағы кемістігін сезінуі оны қайда ұмтылдырады?
қоғамда алатын орнын белгілеуге;
адамдармен қарым-қатынасқа түсуге;
өзінің кемістігін жоюға;
жоспар құруға;
бағыт-бағдар сілтеуге.
Грек жұртының шешені, тіл кемістігін жетілдіру үшін тілінің астына ұсақ тас салып, таңда теңіз жағасына барып, өзінше сөйлеп жаттыққан кім?
Демосфен;
Сократ;
Платон;
Цицерон;
Петцельд.
Сөйлеу тілінің ең көп тараған кемістігіне не жатады?
тұтығу;
сөйлеу барысында кейбір дыбыстардың орнын ауыстыру;
мылқаулық;
дыбыстардың бұзылып айтылуы;
кекештену.
ПДТ-ң этио-патогенетикалық топтастыруын ұсынған ғалым:
К.С.Лебединская;
С.Ниуте;
О.Рюле;
А.Золкленд;
А.Гризбар.
Адамның тіршілік бейнесі қандай жағдайдың талаптарына бағытталған:
әлеуметтік;
экономикалық;
өз мақсатының;
биологиялық;
өз жоспарының.
Құлағының, көзінің тағы басқа мүшелерінің кемістігі бар балаларды тәрбиелеу теориясы және практикасында, толықтыру жайындағы ілімді анықтауда қандай ғылымның маңызы зор?
психология;
педагогика;
физиология;
валеология;
әлеуметтану.
Адамның бойындағы кемістігін жетімсіздік деп санаудың дұрыс еместігін ерекше атап көрсеткен:
В.Штерн;
Л.Леонтьев;
Л.Выготский;
А.Рулер;
Л.Брайль.
Соқыр адам өзінің кеміс мүшесін толықтыру ниетімен нені дамытады?
психологиясын;
тәрбиесін;
қарым-қатынасын;
мәдениеттілігін;
қуатын.
Саңырау түрлі амал-айла қолданып, қандай жағдайды жеңуге тырысады?
кереңдікті;
мылқаулықты;
тіл мүкістігін;
кемақылдылықты;
соқырлықты.
Үлкен бір мектепте кереңдер мен саңырауларды сөйлеуге үйретудің жаңа әдістерін жетілдіріп зерттеу негізінде табыстарға қол жеткізген ғалым:
И.А.Соколянский;
О.Рюле;
В.Выготский;
Е.Киллер;
В.Суворов.
Барлық тіл мүкістіктері қандай топқа бөлінеді?
ауызша тілдің және жазбаша тілдің бұзылулары;
кекештік пен мылқаулық;
тұтықпа, мылқаулық, сақаулық;
дыбыстарды қате айту және шатастыру;
кейбір сөздерді дұрыс айта алмау және мүлдем сөйлей алмау.
Естуі нашар кезінде естудің қатты бұзылуын қандай дәрежелерге бөлуге болады?
жеңіл, орташа, айрықша, ауыр;
терең және жеңіл;
нашар және қате;
мүлдем естімей қалу, орташа есту;
естудің жойылуы, айрықша нашар есту.
Логопедия саласында тіл мүкістіктерінің екі жіктеуін ажыратады –
клиникалық-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық;
афазия және дислексия;
дисграфия және дисфония;
медициналық және психологиялық;
дизартрия және тілдің фонациялық мүкістігі.
Соқыр әрі мылқаулармен оп-оңай тілдесіп кетуге болады деп тұжырымдағандар:
С.Соколянский, А.Протопопов;
А.Петцельд, В.Залкинд;
А.Гризбах, В.Шперн;
В.Шперн, Е.Кемер
А.Адлер, В.Выготский.
Брадилалия дегеніміз –
патологиялық өзгерістерге байланысты сөйлеу ырғағының, темпінің бәсеңдеуі;
|