2015 ж. Лысенко В. Ю. 2015 ж. «М.ӘУезов өмірі мен прозалық шығармалары»



Дата05.11.2016
өлшемі189,76 Kb.
#1092
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

АЛМАТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ


К Е Л І С І Л Г Е Н Б Е К І Т Е М І Н

колледж әдіскері директордың ҒӘІ __________ Қалабаева Г.Қ. жөніндегі орынбасары

«____»_______ 2015 ж. ____________ Лысенко В.Ю.

«____»__________ 2015 ж.


«М.ӘУЕЗОВ ӨМІРІ МЕН ПРОЗАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША САТЫЛАЙ ТАЛДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН ДАЙЫНДАЛҒАН АРАЛАС САБАҚТЫҢ

әдістемелік нұсқауы

Марденова А.Ж. «Қазақ тілі»,

«Қазақ әдебиеті» пәнінің оқытушысы

АЛМАТЫ, 2015

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Сатылай кешенді талдау студенттердің сөйлеу мәдениетін қалыптастыра отырып , шығармашылық талдау жасауға көп көмегін тигізеді, студенттердің жылдам әрі жүйелі талдау дағдыларын қалыптастыруда өз ойын жинақтап айтуға, дәл, нақты жауап беруге, қандай орта болсын өзін еркін сезінуге мүмкіндік береді.

Бұл технология шығарманың табиғилық, түсініктілік, ғылымилық, жүйелілік, бірізділік, көрнекілік, саналылық пен белсенділік ұстанымдарын басшылыққа алады.

Қазақ әдебиетін ғылыми негізде терең меңгермейінше, әдебиеттің күрделі де қиын пән екендігін жете сезіну қиын. Өз ұрпақтарымыздың оған жүрдім – бардым, ат үсті қарауға болмайтындығын сезініп, бүгінгі таңда жаңа технологиялармен оқыту он нәтиже бермек.

    Сатылай кешенді талдау дегеніміз - оқыту мақсаты, міндеттері, тәсілдері, өзіндік ерелшелігі бар және оқушыларға білімді ғылыми негізі сатылай, жүйелі, кешенді меңгертіп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалай қолдана білуге машықтандыра оқыту.

Сатылай кешенді талдау технологиясының мақсаты:

 1. Шығармашылық материалдарды студентке ғылыми негізде меңгерту.              

2. Кез келген шаршы топта өз ойын шешен де шебер жеткізе білуге машықтандыру. Сол арқылы әр оқушының өз ана тілінің құдіретін басқаға таныта, бағалай білуге баулу.

3. Түрлі шығармашылық жұмыстар жүргізу арқылы оқушыларды іскерлікке, тапқырлыққа баулу:

4. Әдеби шығармаларды сауатты, жоғары деңгейде, шығармашылықпен орындай білуге төселдіру.

5. Қазақ әдебиетінің сөз байлығын терең игерту арқылы, әр шығарманың 

сюжеті мен қолданыстағы ерекшелігін көрсету, сөз сырына бойлату арқылы танымдық дүниесін қалыптастыру.

6. Топ бойынша әдеби шығармаларды талдау.

  Әдебиетіміздің терең қатпарларын жас ұрпақ санасына сіңіріп, ұлттық рух тәрбиесіндегі болашақ ел тұтқасын  ұстар азамат етіп қалыптастыру үшін оқытудың төл технологиясы студенттерді ұлт жандылыққа, өз елінің тарихын оқып-тануға, салт-дәстүрін құрметтеуге, өздерін басқаларға сыйлата және өзге адамдарды сыйлай білу қасиетін бойларына дамытуға ықпал етуде.




САБАҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ

1.1. Ж.Жабаев өмірбаяны

1.2. Ж.Жабаев өлеңдері

1.3. Айтыскерлігі

1.4. Дастандары
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

3.1. М.Әуезов өмірі мен прозалық шығармалары

3.2. Жазушы өмірінің кезеңдеріне хронологиялық талдау жасау

3.3. Жазушының шығармашылығына хронологиялық талдау

3.4. «Қараш- Қараш оқиғасы» повесіне сатылай кешенді талдау

IV.Жаңа сабақты бекіту

4.1. Ассоцация құру (топтастыру стратегиясы)

4.2. БҮҮ стратегиясы бойынша
V. Үйге тапсырма
VI. Бағалау

САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ


Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әзезов өмірі мен прозалық шығармалары

Білімділік мақсаты: М.Әуезовтің өмірі,шығармашылығы туралы мағлұмат беру,өнегелі өмірімен,әңгімелерімен таныстыру,танымын кеңейту.

Дамытушылық мақсаты: Ұлы жазушы жайында оқыған,білгендері арқылы ойларын қорытындылауға талаптандыру,ізденушілікке,шығармашылыққа баулу,танымдық қабілеттерін арттыру,қосымша деректер арқылы студенттердің дүниетанымын кеңейту.

Тәрбиелік мақсаты: Студенттерді адамгершілікке,Отансүйгіштікке,өз әдебиетін сүйе білуге,жеке тұлға ретінде қалыптасуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, әңгімелеу,сатылай кешенді талдау
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта,слайд,электронды оқулық

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
І. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ

Студенттермен сәлемдесу, түгендеу, кабинет тазалығы, студенттердің сабаққа қатысуын тексеру.


ІІ. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ

1.1. Ж.Жабаев өмірбаяны

1.2. Ж.Жабаев өлеңдері

1.3. Айтыскерлігі

1.4. Дастандары
Жамбыл тауының етегінде қарлы, боранды күні дүниеге келді.


  • Жамбыл – ақиық ақын.

  • Табиғат Жамбылға дарын береді.

  • Жамбыл ән салғанда дауысы зор.

  • Жамыл белгілі ақындармен кездесті.

  • Жамбылдың өлеңдері бүкіл Жетісуға әйгілі болды.

  • Жамбыл үздік ақын атанды.

  • 1897 жылы

Сөзжұмбақ.






















Ж































А











































Б



















А


































Е





































В




















Сұрақтары.

  1. Жамбыл Жабаев өлеңдері қай жерде әйгілі болды?

  2. Табиғат оған не берді?

  3. Жамбылдың ұстазы кім?

  4. Ол қандай ақын?

  5. 1897 жылы қай ақынмен айтысты?

  6. Қай патшаның тұқымын мақтаудан бас тартты?



Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау, әрі жауынгер жыршы. Ол – ұлы адам.

Жамбыл – өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау. 13 - 14 жасынан бастап сөзінің көбін өлеңмен айтқан ақынның XIX ғасыр шегінде шығарған өлең - жырлары мен айтыстары да өте мол болған. Олардан дәуір шындығы, Жамбылдың ақындық мұраты мен зор таланты айқын танылады. Ерлікті, елдікті дәріптеген, халықтың жоғын жоқтап, әлсіздерді күштілердің зорлығынан арашалаған, әділдікті, бостандықты жыр еткен көркем де қуатты поэзиясымен Жамбыл сынды тұлғаларымыз өз ғасырында қазақ әдебиетінде көрнекті орын алады.
ІІІ. ЖАҢА САБАҚ

3.1. М.Әуезов өмірі мен прозалық шығармалары (Электронды оқулық арқылы түсіндіру)

Қазақ халқының ХХ ғ. Ұлы жазушысы, ғалым, қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1897 жылы 28 қыркүйекте бұрынғы Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысына қарасты Шыңғыстау деген жерде, Абай туған өлкеде дүниеге келген. Әкесі Омархан, атасы Әуез Абай ауылымен іргелес отырып, айналасындағы адамдармен достық көңілмен араласа білген. Әуездің өзі Абайдың өлеңдерін сүйіп оқыған, түрік, парсы әдебиетінен хабары мол, ескіше сауатты, еліне қадірлі адам болған. 


Атасы Әуез, әжесі Дінәсіл немерелеріне Абай өлеңдерін кайта-қайта айтқызып тыңдап отырған. Ол жөнінде жазушы: «Бір қыс, бір жазда Абайды түгелге жақын жаттап алдым», – деп кейін еске алады. Бұл жас Мұхтардың мейірін қандырған қайнар бұлақтың мөлдір суындай болып, оның болашақ өміріне, шығармашылық тағдырына игі әсерін тигізеді.

Алғашқыда 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. Әкесі қайтыс болғаннан кейін он бір жасар Мұхтар Семей қаласында ағасы Қасымбектің тәрбиесінде болып, 1908 жылы бес жылдық орыс училищесіне түседі. Оны бітірген соң төрт жылдық мұғалімдер семинариясында оқып, 1919 жылы семинарияны бітіріп шығып, бірыңғай әдеби қызметпен шұғылдана бастайды. Ауыз әдебиетінің асыл нұсқаларын өңдеп, өзінің жазушылық тәжірибесімен көрсетті. «Еңлік–Кебек», «Айман–Шолпан», «Қарақыпшақ Қобыланды» пьесалары соның куәсі. 


М.Әуезов 1928 жылы Ленинград университетінің филология факультеті, Ташкент қаласындағы Орта Азия университетінің аспирантурасын бітіреді. 
20-30 жылдары жазушы қаламынан көптеген әңгімелер туған. «Қараш-қараш оқиғасы» (1927) және «Қилы заман» (1928) повестерін жазылған.

Қаламгердің есімін әлемге мәшһүр еткен ең басты туындысы – «Абай жолы» атты 4 кітаптан тұратын тарихи роман-эпопеясы.

1921 жылы жазылған «Қорғансыздың күні» атты әңгімесінде тағдыр тауқыметін арқалаған жүдеу үйдегі соқыр әйел, кәрі әже, жас қыздың зарлап қалуы кімді болса да тебірентпей қоймайды. Тек Ақан сияқты қатыгез, жауыз болыс қана міз бақпай, өзінің айуандық бет-пердесін біртіндеп ашады. Жас қызды зәбірлеп, зорлық көрсетуі Ақанның азғындығын, адамгершіліктен жұрдай екенін дәлелдейді. Қорлыққа жаны төзбеген, жауыздықтың құрбаны болған Ғазизаның әкесінің моласына барып, үсіп өлуі себебін жазушы өте анық та дәл шебер суреттейді.

«Жетім» әңгімесінде жетімдік тауқыметін тартқан он үш жасар Қасым, өгейлік тепкісінен қашып, әке-шешесінің зиратына келіп қаза табады. Қараңғы түндегі табиғат құбылысы үрейі ұшқан баланың ішкі сезімімен тұтасып, өте әсерлі бейнеленген. Сондай-ақ, сол кездегі өмір шындығын жете тануға итермелейтін әмеңгерлік салтқа лағынет айтқан Рабиға "(Қыр суреттері"), құса болып – өмірін қиған Ғазиза ("Кім кінәлі?"), т.б. – бұлардың тағдыры бір-біріне ұқсас болғанмен, әрқайсысы өмір талқысында өзіндік ерекшелігімен әр қырынан көрінеді. Бұл әңгімелердің бәрінде жағымды кейіпкерлер бір-бірімен тағдырлас, қорғансыз, жетім, жесір, көкірегі мұң шерге толған аяулы жандар. Жазықсыз құрбан кейіпкерлер тағдыры бұлай болып қала бермейтініне жазушы үлкен үміт, сеніммен қарайды. Ол «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаятында анық көрініс тауып, әлеуметтік теңсіздік тартысы үлкен суреткерлік күпшен бейнеленеді. «Қараш-қараш оқиғасы» повесінің тақырыбы – ескі қазақ аулындағы әлеуметтік теңсіздік мәселесі.

Жазушы шығармада адамдардың тағдырын, күрес-тартысын жайдан-жай бейнелемейді. Адамдар тағдырына, оқиғаның сипатына, шешіміне қатысты өз көзқарасын,ойын білдіреді. Яғни жазушы өзі суреттеп, көркем баяндап отырған құбылыстарға бағасын да береді.

Демек, алғашқы мақала, алғашқы әңгіме, пьесаларының өзінде-ақ М.Әуезов ешкімге ұқсамайтын өзіндік даралығымен, көреген білімпаздығымен танылды. Өмірді жан-жақты қамтып, терең сипаттаған бұл дүниелер – жазушының реалистік қол таңбасының айғағы. 


1961 жылдың жиырма жетінші маусымында Мәскеу қаласындағы ауруханада қайтыс болды; Алматы қаласында жерленген. Сол жылы Қазақстан Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтына оның есімі берілді, одан кейін жазушы тұрған үйде мұражай-үйі ( 1963 ) ашылып, ескерткіштер орнатылды. Қазақ академиялық драма театры , Алматы, Астана, Семей және басқа қалалар мен облыстардағы аудан, ауыл, көше, мектептер Әуезов есімімен аталады. Мұхтар Әуезовтің туғанына 100 жыл толуы ЮНЕСКО-ның шешімімен, дүниежүзілік деңгейде ( 1997 ) аталып өтті.

3.2. Жазушы өмірінің кезеңдеріне хронологиялық талдау жасау

М.Әуезов



1897 жылы

28 қыркүйекте



 Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысына қарасты Шыңғыстау деген жерде, Абай туған өлкеде дүниеге келген. Әкесі Омархан, атасы Әуез Абай ауылымен іргелес отырып, айналасындағы адамдармен достық көңілмен араласа білген.

1908 жылы

 бес жылдық орыс училищесіне түседі.

1914-1919 жыл

мұғалімдер семинариясында оқыды.

1917 жылы

алғашқы шығармаларының бірі – «Қазақтың өзгеше мінездері» Ташкентте шығатын «Алаш» газетінде жарияланды. «Адамдық негізі – әйел» мақаласы Семейде шығатын «Сарыарқа» газетінде басылды. 

1923-1928 жылы

Ленинград университетінің филология факультеті,

1928-1931 жылы

Ташкент қаласындағы Орта Азия университетінің аспирантурасын бітіреді. 

1930 жылы

идеялық көзқарасы үшін тұтқынға алынады. Тергеу ұзаққа созылып, 1932 жылғы сәуір айында үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылады. Осы жылғы 10 маусым күнгі «[[Социалистік Қазақстан ]]» және « Казахстанская правда» газеттерінде М. Әуезовтің «Ашық хаты» жарияланады. Онда Мұхаң өзінің қазақ әдебиетінің тарихы және Абай туралы зерттеулерінен, « Қарагөз» , « Еңлік-Кебек» , « Хан Кене» , « Қилы заман» сияқты шығармаларынан бас тартатынын мәлімдеуге мәжбүр болды. Сонан кейін ғана ол түрмеден босатылып, оқытушылық жұмыспен айналысуға рұқсат алды.

1932-1933

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтында,

1934-1955

С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде,

1943-1945 жыл

КСРО Ғылым Академиясы Қазақ филиалының Тіл-әдебиет және тарих институтының әдебиет секторында аға ғылыми қызметкер,

1946-1956

Қазақ әдебиеті секторының меңгерушісі қызметтері,

1954 жыл

М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде

оқытушылық,



1957-1961

Қазақ КСР ҒА Тіл және әдебиет институты халық творчествосы бөлімінің меңгерушісі ) қызметтерін атқарады) қызметтерін атқарады.

1945 жыл

Еңбек Қызыл Ту,

1956 жыл

«Құрмет белгісі»,

1957 жыл

Ленин орденімен марапатталған.

1961 жылы

27 маусымда



Мәскеу қаласындағы Кремль ауруханасында операция кезінде қайтыс болды.


3.3. Жазушының шығармашылығына хронологиялық талдау

  • М.Әуезов шығармашылығы

  • Прозасы

  • «Қорғансыздың күні»,

  • «Қараш-Қараш оқиғасы»,

  • «Үйлену», «Жуандық»,

  • «Жетім», «Барымта»,

  • «Ескілік көлеңкесінде», «Кім кінәлі»,

  • «Қаралы сұлу», «Көксерек» ,

  • «Қыр суреттері»,

  • «Оқыған азамат»,

  • «Абай жолы»,

  • «Бүркітші»,

  • «Іздер» т.б.

  • Пьесалары:

  • «Еңілік-Кебек» (1922, Орынбор),

  • «Қарагөз»(1926),

  • «Октябрь үшін» (1933),

  • «Айман – Шолпан» (1934,1936),

  • Қарақыпшақ Қобыланды»,

  • « Бекет», «Түнгі сарын»(1934),

  • «Тартыс»(1934), «Тастүлек»(1935), «Абай»,т.б.

  • Мақалалары:

«Қазақтың өзгеше мінездері»,

«Адамдық негізі – әйел»,

«Оқудағы құрбыларыма»,

«Қайсысын қолданамыз»,

«Ғылым тілі»,

«Оқу ісі»,

«Мәдениетке қай кәсіп жуық»,

«Асыл нәсілділер»,

«Түркістан осылай туған» т.б.

  • Аудармалары:

  • Шекспир «Отелло», «Асауға тұсау»,

  • Гоголь «Ревизор»,

  • Погодин «Ақсүйектер»,

  • Тренев «Любовь Яровая»,

  • Тургенев «Дворян ұясы»

  • Зерттеуі:

  • Қырғыз эпосы «Манасты» терең зерттеп, монографиялық еңбек жазған

3.4. «Қараш- Қараш оқиғасы» повесіне сатылай кешенді талдау

1.Авторы - М.Әуезов қазақ халқының ХХ ғ. ұлы жазушысы, ғалым, қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1897 жылы 28 қыркүйекте бұрынғы Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысына қарасты Шыңғыстау деген жерде, Абай туған өлкеде дүниеге келген.

2.Тақырыбы Ескі ауылдағы әлеуметтік теңсіздік тәрізді өткір тартысқа құрылған. Мұнда жиырмасыншы жылдардың әңгімесіндегідей дала билеушілерінің заңсыз жуандығы – байлардың кедейлерге жасар өктемдігі, зорлығы, кедейлердің байлардан көрер қиянаты, қорлығы сипатталған. «Байлардың таңы атқан, кедейдің күні батқан » тар кезеңде қожасынан қысым, қиянат, қорлық, зорлық көрген сіңірі шыққан кедейлердің әділдікті, еркіндікті аңсаған, сол кездегі қазақ халқының басында болған қиын кезеңді Рысқұлдай өжет ердің іс  –  әрекетімен суреттеген.

3.Эпикалық жанр түрі – орта көлемді эпикалық түр. Повесть- бұл орта көлемді эпикалық түр.Повестің жанрлық ерекшелігі көлемінде емес,мазмұн тереңділігінде.

4.Идеясы – жазушы тақырып арқылы өмір шындығын суреттегенде, өз көзқарасы, дүниетанымы тұрғысынан бейнелеп, мақсат, мүддесін, арманын білдіреді. «Қараш- Қараш оқиғасы» повесінің негізгі идеясы-

5.Шығарманың композициялық құрылысы:


Әңгіменің басталуы Дауылды жылдардағы қазақ қоғамының қоғамының шындығынан туған


Әңгіменің дамуы Бақтығұлдың Жарасбай байдың малын бағуы

Әңгіменің байланысуы Жарасбайдың Бақтығұлды өз

пайдасына жаратуы

Әңгіменің шиеленісуі Бақтығұл Жарасбайдың

алдағанын, қателескенін біледі

Шарықтау шегі Кек алынады


Әңгіменің шешімі Бақтығұлды абақтыға

жабады
Қорытынды Бақтығұлдың баласының оқып,

азамат болуы

6.Кейіпкерлер бейнесі:
Жағымды кейіпкерлер: Бақтығұл, Тектіғұл, Қатша

Жағымсыз кейіпкерлер:Жарасбай, Сәт, Сәлмен, Афанасий

Федотыч.

7.Тәрбиелік мәні.

IV. Жаңа сабақты бекіту

4.1 Ассоциация құру (топтастыру стратегиясы)
ғалым драматург

қоғам қайраткері




МҰХТАР

КІМ?

ұлы жазушы журналист

ф.ғ.докторы академик

профессор
4.2. БҮҮ стратегиясы


Нені білемін?

Нені үйрендім?

Нені үйренгім келеді?











Қорытынды. Абайша айтсақ, «Атаның ұлы болмай, адамның ұлы болу» біздің мақсатымыз. Біз қандай мамандық таңдасақ та, қандай өмір жолында жүрсек те, біз Мұхтар атамыздың әділдігін, оқу-білімге ұмтылуын ту етіп биік ұстауымыз парыз!
    Туған әдебиеттері үшін Шекспир, Бальзак, Диккенс,  Тиккери, Толстой, Достоевский, Тагор мен Кавабата не бітірсе, Әуезов те қазақ әдебиетінде дәл соны бітірді. Өз ұлтын адамзатқа тегіс танымал, рухани туысқан етсе, ұлттық әдеби дамуымызды әлемдік биікке алып шығып, қазақ сөзі мен қазақ пікірін жалпы адамзаттық мәшурада алғаш рет паш етті.
    Туған елімізді, жерімізді, тілімізді өліп-өшіп сүйіп өтуде Абай жолынан, Әуезов жолынан айнымайық..

V. Үйге тапсырма:1) Мұхтар Әуезов шығармашылығынан әңгімелер оқу.

2) Абай – Мұхтар ұқсастығы неде? Ойтолғау.


VI.Бағалау.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.  Дүйсенбаев  Ы. Мұхтар Әуезов. Мақалалар мен естеліктер. - А, Ғылым  1974.

2. Қазақ   әдебиетінің  тарихы. -8-том  А,2004ж     

3. Мұхтар  Әуезов  тағылымы.Әдеби  сын  мақалалар  мен  зерттеулер. - А, Жазушы , 1987ж

4. Нұрқатов А. М.Әуезов  твочествосы.-  А,1965ж

5. Сыздықов К. Мұхтартанудың   беймәлім  беттері. -А, Қазақстан, 1997ж



6. Тайжанов А. Мировоззрение М.Әуезова   -А, Ғылым, 1997ж

 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет