Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


Бас-ми жарақатының кейінгі салдары кезеңінде бақыланатын



Pdf көрінісі
бет159/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

Бас-ми жарақатының кейінгі салдары кезеңінде бақыланатын 
психикалық бұзылыстардың клиникалық көрінісі
Б ас-м и ж арақаты ны ң 
кеш кезеңідегі
психопатологиялық синдромдар 
жарақаттан кейін бірнеше айлар, жылдар сақталады және олардың кейбір жеке 
белгілері сияқты толық кері дамуға ұшырамайды. Олар астениялық, психопа­
тия тәрізді, пароксизмальды синдромдармен, аффективті, галлюцинациялы- 
сандырақтық және параноялы психоздармен және де ақыл кемдігі жағдайлары- 
мен көрінеді.
Жарацаттыц астения (церебрастения).
Астенияны бас-ми жарақатының 
алыс салдары кезеңінің «нағыз» бұзылысы деп атайды. Бұл кезеңге тән 
астенияның клиникалық көріністерінің ішінде тітіркенгіштік, әлсіздік, тез 
шаршау, бас ауыруы, бас айналуы басым болады. Олар ыстықты, транспортты 
көтере алмайды, қызметтің бір түрінен екінші түріне ауысқанда қиындықтар 
туындайды.
Жарацаттыц энцефалопатия (психопатия тәрізді синдром).
Истериялық 
бұзылыстар, экплозивтілік, өткінші интеллектуалды-мнестикалық бұзылыс- 
тардан тұрады.
Пароксизмалды синдром
ашық және ауыр бас-ми жарақатынан кейін пайда 
болатын ж иі абортивті үлкен ты рысулық ұстамалармен сипатталады. 
Пароксизмдердің өзге түрлері: абсанстар, кіші ұстамалар, қан тамырлық- 
вегетативті ұстамалар, дисфориялар жиі бақыланады.
Сенестопатиялар да жиі байқалады. Тырысулық ұстамаларынан кейін бірден 
сананың қарауытқан күңгірттенуі орын алуы мүмкін.
Астениялық психопатия тәрізді, пароксизмалды синдромдардың дамуы 
регредиентті ағыммен жүреді, оның жылдамдығы баяу және суреттелген сим­
птоматика ұзақ ондаған жылдар бойы бақыланады.
Алыс кезеңде 
жарацаттыц психоздар
бақылануы мүмкін, олар әдетте 
қайталамалы бас-ми жарақаты, улану, инфекция, психикалық жарақаттарға 
байланысты туындайды. Аффективті ж әне галлюцинарторлы-сандырақтық 
психоздарды ажыратады.


286
XVIII Тарау. Бас-ми жарақаты және сәулелік зақымданулар кезіндегі психикалық бұзылыстар
Аффективті психоздар
кезеңдік және бір реттік (сирек) депрессия немесе 
мания жағдайларымен көрінеді. Ол бас-ми жаракатының жеңіл ж әне ауыр 
дәрежесінің нәтижесі болып табылады. Депрессивті синдром көңіл-күйдің 
төмендеуімен, ипохондриялык ж әне дисфориялык симптомдармен жүретін 
ж абы ркаулы кпен көрінеді. М ания жағдайында көщ л-күй дщ көтерілуі 
эксплозивтілікпен, аффективті күйлермен, даукестік жүріс-тұрыспен бірге 
жүреді. Айкын емес психоорганикалык синдром белгілері байкалады. Алғашкы 
ұстамалар кезінде сананың күңгірттенуі болады.
Аффективті психоздар бас-ми жаракатынан кейін әр түрлі мерзімнен кейін, 
жиі 10-20 жылдан соң дамиды.
Психоздар, әдетте, кенеттен экзогениядан кейін (бастың жеңіл жаракаты, 
жеңіл инфекциялар және т.б.) пайда болады. Симптоматикасы жедел дамиды. 
Психикалык бұзылыстар диэнцефальды бұзылыстармен бірге жүреді. Психоз
3 -4 айға созылады, ұстама ағымы регредиентті түрде өтеді.
Бас-ми жаракатының ауыр ж әне орташа дәрежесінде 
галлюцинарторлы-
сандырактык психоздар
байкалады. Психоз басталғанда, сананың карауыткан 
күңгірттенуі немесе вербальды галлюциноз синдромымен делириозды тип 
бойынша сана күңгірттенуі болады. Әрі карай клиникасында аффективті- 
сандырактык бұзылыстар басым болады. Сандырак әркашан күйзелістердің 
нактылығымен көрінеді. Жаракаттык психоздар сандырактык кызғанышпен 
(аса бағалы), даукестік тенденцияларымен көрінеді. Астения әлсіз дәрежеде 
көрінеді.
Жарацаттыц ацыл кемдігі
— бас-ми жаракатының алыс салдарының салы- 
стырмалы түрде сирек кездесетін көрінісі, жиі бастың ашык жаракаты және 
бас сүйек негізінің сынуымен көрінетін мидың ауыр контузиясы нәтижесінде 
дамиды. Акыл кемдігі дисмнестикалык тип бойынша дамиды. Клиникалык 
көрінісінде сылбырлык, аспонтанды лы к, жігерсіздік немесе тітіркену 
ұстамаларымен мезгіл-мезгіл эйфория болады.
Қарт адамдарда бас-ми жаракаты ішінен ми шайкалуы басым кездеседі. Бұл 
жағдайда жеңіл жаракаттардың өзінде үнемі сана жоғалуы көрініс береді. Ж е­
дел кезеңінде жиі бас айналу байкалады. Жаракаттан кейін ес бұзылыстары 
айкын көрініс береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет