Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


XVIII Тарау. Бас-ми жарақаты және сәулелік зақымданулар кезіндегі психикалық бүзылыстар СӘ УЛЕЛІК АУРУЛАР КЕЗІНД ЕГІ



Pdf көрінісі
бет161/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

288
XVIII Тарау. Бас-ми жарақаты және сәулелік зақымданулар кезіндегі психикалық бүзылыстар
СӘ УЛЕЛІК АУРУЛАР КЕЗІНД ЕГІ 
ПСИХИКАЛЫҚ БҰЗЫ ЛЫ СТАР
Сәулелік аурулар кезіндегі психикалық бұзылыстарды екі топқа бөлуге бо- 
лады: жедел реактивті жағдайлар (кез-келген уақытта пайда болуы мүмкін және 
денсаулық пен өмірге қауіп тудырумен сипатталатын, әр түрлі тереңдік пен 
айқындылық дәрежесіндегі арнайы емес психикалық реакциялар) және енген 
радиацияны ң әсерінен болатын бұзылыстар. Тікелей сәулелену үрдісінде 
(сәулелік терапия) көптеген науқастарда жалпы әлсіздік, бас ауыруы, жүрек 
айнуы мен бас айналу және өзін-өзі нашар сезіну байқалады. Кейбір жағдайларда 
ес төмендеуі, тез шаршағыштық, эмоционалды тұрақсыздық, ұйқышылдық, 
әлсіздікпен көрінетін астениялық жағдайдың клиникалық көріністері дамыды.
Кейбір жағдайларда сәулеленуден кейін 2—7 жыл аралығында ОЖЖ жағынан 
өзгерістер орын алған. Әр түрлі синдромдардың пайда болуы мен олардың 
ауырлық дәрежесі сәулелік әсердің суммарлы интенсивтілігімен анықталды. 
Ж иі вегатативті-қан тамырлық ж әне эндокриндік регуляция бұзылыстары, 
астеновегетативті ж әне церебрастениялық синдромдар, жүйке жүйесінің 
органикалық бұзылыстары байқалып отырды. Сәулеленуден кейінгі алғашқы 
2 жылда вегетативті-қан тамырлық және эндокриндік бұзылыстар басым бол- 
ды, ал кейбір жағдайларда айқын жалпы астенизациямен ж әне невроздық 
реакцияларм ен бірге жүрді. Сәулеленуден кейін 3—4 жыл өткен соң 
церебрастениялық бұзылыстардың біруақытта үдеуімен астенизацияның одан 
әрі тереңдей түсуі байқалды. Науқастар есте сақтау кабілетінің күрт төмендеуіне, 
тез шаршағыштық пен қажу жағдайына, ал кейде тіпті, қарапайым ой еңбектеріне 
зейінін жұмылдыру мүмкінсіздігіне шағымданды. Көптеген науқастарда үнемі 
немесе кезеңмен бас ауыруы байқалған.
Науқастардың жалпы әлсіздігінің көрінісі ұлғая түскенде, жүйке жүйесінің 
(бас-ми иннервациясының бұзылысы, қимыл сферасының бұзылыстары, оп- 
тико-вестибулярлы симптомдар және т.б.) органикалық зақымдануларының 
микросимптомдары байқалды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет