Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


ХІХ Тарау. Инфекциялық аурулар кезіндегі психикалық бүзылыстар ПСИХИКАЛЫҚ БҰЗЫ ЛЫ СТАРДЫ Ң



Pdf көрінісі
бет163/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

290
ХІХ Тарау. Инфекциялық аурулар кезіндегі психикалық бүзылыстар
ПСИХИКАЛЫҚ БҰЗЫ ЛЫ СТАРДЫ Ң 
КЛИНИКАЛЫҚ КѲ РІНІСТЕРІ
И нф екциялы қ аурулар кезінде ж әне одан кейінгі кезеңде бақыланатын 
психотикалық емес бұзылыстар ішінде жиі кездесетіні 
астениялық бузылыс
болып табылады. Науқастар өте тез ж әне жеңіл шаршайды, бас ауыруына, 
әлсіздікке, сылбырлыққа шағымданады. Үйқысы шала болып, қорқынышты 
түс көрулермен бірге жүреді. Көңіл-күйінде тұрақсыздық (көңіл-күйі көбінесе 
төмен, мұңаюға бейім келеді), тітіркенгіш тік, аш уш аңды қ байқалады. 
Науқастардың қимылы баяу және сылбыр.
Жедел инфекциялыц психоздарға
сана бұзылуы, соның ішінде оның күң- 
гірттенуі: делириоздық немесе аментивті синдром, сирек — сананың қарауытқан 
күңгірттенуі тән. Сана бұзылысы жиі дене температурасы жоғары шегіне жет- 
кенде пайда болады, олардың құрылымында айқын есту және көру галлюци- 
нацияларымен бірге жедел сезімдік сандырақ бақыланады. Бұл құбылыстар 
безгектік кезең өткен соң жойылады.
Инфекциялық психоз дене қызуы қалпына келгеннен кейін де дамуы мүмкін. 
Ауыр инфекцияның жедел кезеңі өткен соң гиперестезия және эмоционалды 
әлсіздік көрінісімен терең астенияға ауысатын аментивті синдром байқалуы 
мүмкін.
Созылыщы ждне созылмалы инфекциялық психоздарға
мыналар тән: 
амнестикалық корсаков синдромы (ес бұзылыстарының біртіндеп қалпына 
келуі үрдісімен), галлюцинациялық-параноидты синдром, формальды ашық 
сана фонындағы кататоно-гебефрендік синдромдар. Соңғы екі синдром сол 
сәтте ш изоф рения симптоматикасы нан қиы н ажыратылады. Бұл кезде 
ш изофренияға тән тұлғалық өзгерістердің (аутизм, тұлғаның эмоциялы қ 
кедейленуі ж әне т.б.) немесе инф екциялы қ психоздарға (эмоционалды 
лабильділік, ес бұзылысы және т.б.) тән тұлғалық өзгерістердің дифференциалды- 
диагностикалық мәні жоғары. Мұнда барлық симптомдардың кешендерін, 
сонымен қатар диагностика үшін маңызды серологиялық ж әне басқа да 
зертханалық мәліметтерді де ескеру қажет.
Ми тіні мен оның қабықтарының тікелей зақымдалуына байланысты пайда 
болған инфекциялар кезінде (нейротропты инфекциялар: құтыру, эпидемиялық 
кенелік ж әне ж апондық масалық энцефалиті, менингит), жедел кезеңнің 
келесідей клиникалық көрінісі бақыланады: қатты бас ауыруы жиі, жиі құсу, 
шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі және басқа да неврологиялық симптомдар 
фонында (Керниг симптомы, диплопия, птоз, сөйлеудің бұзылуы, парездер, 
диэнцефальды синдром белгілері және т.б.) есеңгіреу, сананың онейроидты 
күңгірттенуі (қиял тәрізді), сандырақтық және галлюцинарторлы бұзылыстармен 
бірге қимылдық қозу дамиды.
Энцефалит кезінде 
психоорганикалық синдром
симптомдары байқалады. Есте 
сақтау қабілеті ж әне интеллектуалды өнімділік төмендеп, психикалы қ 
үрдістердің, әсіресе, интеллектуалды үрдістердің инерттілігі, белсенді зейіннің 
ауысуының қиындауы және оның тарылуы, аса лабильділік және ұстамсыздықпен 
эмоциялық-еріктік бұзылыстар байқалады. Психоорганикалық синдром жиі


Этиологиясы және патогенезі
291
созылмалы регредиентті ағымды болады. Энцефалит кезіндегі психикалык 
бұзылыстар неврологиялык бұзылыстармен бірге жүреді. Әдетте, табанды және 
күшті бас ауырулары, аяк-колдардың орталыктык және перифериялык салда- 
ры мен парездері, гиперкинетикалык бұзылыстар, сөйлеудің ж әне бас-ми 
жүйкесі кызметінің бұзылысы, эпилептиформды ұстамалар байкалады. Дене 
кызуы жиі өте жоғары көрсеткіштерге дейін көтеріледі (39-40 °C). Вазовегетативті 
бұзылыстар байкалады (артериалдык кысымның тербелістері, гипергидроз).
И н ф екц и ял ы к психоздар созылмалы ағыммен жүргенде, олардың 
клиникасындағы психикалык бұзылыстардың әркилылығы органикалык син­
дром типтес тұлғалык өзгерістерге алып келеді.
ЖИТС (журе пайда болған иммунды тапшылъщ синдромы) кезіндегі психикалыц
бузылыстар.
Ж И Т С -тің кли н и калы к көрінісінде осы дерттің баска да 
көріністерімен катар диагностика, емдеу және жүргізу тактикасы үшін маңызды 
болып табылатын психикалык бұзылыстардың ерекше орны бар.
Ж ИТС-пен ауыратын наукастардың преморбидтік тұлғалык ерекшеліктері 
жиі психопатиялык айры кш алы кпен сипатталады, олардың ішінде жиі 
истериялык тұлға ерекшеліктері байкалады (мәнерлілікпен, мимикасы мен 
жестерінің театралдылығымен). Әр түрлі сексуальды бұрмаланыстар байкалады. 
Ж ИТС-ті жұктыру факті жөніндегі акпаратты әдетте наукастар сәйкес баға- 
ламайды, айкын реакгивті психопатологиялык күйлер бакыланбаған.
ЖИТС-пен наукастанудың алғашкы кезеңдерінде инфекцияның соматикалык 
көріністерінің пайда болуымен катар, зейін жинактау, есте сактаудың киындауы 
және эмоционалды тұраксыздык сиякты бұзылыстар көрінетін неврастения 
тәрізді синдром жиі байкалады.
Ал, ауру дамуының соңғы сатыларында амнестикалык бұзылыстар айкынырак 
бола бастайды. Бұл фиксациялык амнезияны еске түсіреді, өткен өмірінің 
окиғаларына катысты ес сакталған, өзіне сыни көзкарас төмендеген, өз мүм- 
кіндіктері мен жеке басын асыра бағалау тенденциясы бар аса бағалы идеялар 
пайда болады. Ойлау байымдылыкка бейімделеді. Эмоциялык ұстамсыздык 
байкалады.
К линикалы к психопатологиялык көрінісі динамизммен, психикалык 
жағдайының уакытша жаксаруы кезеңдерімен ерекшеленеді, бірак аурудың 
дамуы мен үдеуіне байланысты психикалык бұзылыстар айкын психоорганикалык 
синдром дәрежесіне дейін жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет