Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым



Pdf көрінісі
бет165/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

ЕМІ


ХХ Тарау 
МИ МЕРЕЗІ ЖӘНЕ ҮДЕМЕЛІ САЛДАНУ 
КЕЗІНДЕГІ ПСИХИКАЛЫҚ БҰЗЫЛЫСТАР
Мидың мерездік закымдануы нәтижесінде психикалык бұзылыстар аурудың 
әр түрлі сатыларында әр түрлі психопатологиялык синдромдармен байкалады 
және үдемелі ағым үрдісімен жүреді.
Нейромерез кезінде ми мерезі (ми кан тамырлары мен кабыктарының бірінші 
ретгік закымдануы) және үдемелі салдануды (мидың бірінші ретгік закымдалуы) 
жеке нозологиялык формалар ретінде бөледі. Ми мерезі де, үдемелі салдану да 
бозғылт спирохетамен закымдалу нәтижесінде туады, бірак олар аурудың 
басталған уакытына, патологиялык үрдістің сипаты мен орналаскан жеріне, 
сонымен бірге клиникалык көрінісі бойынша күрт ерекшеленеді.
Соңғы кездерде үдемелі салдану өте жиі кездеседі.
Өткен ғасырдың ортасында Г. Вирхов нейромерез кезіндегі патогистологиялык 
өзгерістерді атап өткеннен кейін, бұл аурудың клиникалык сипаттамасы да 
пайда болды. ОЖЖ-де бозғылт спирохеталар табылған соң (Х. Ногуши) бас 
миының мерезі кезіндегі жүйкетік және психикалык бұзылыстар этиологиясының 
бірлігі жөніндегі ілім дами бастады.
Бас ми мерезінің психопатологиялык синдромдары мен симптомдары 
аныкталып, сипатталуына байланысты Ф. Ж оллидщ (1901) мерез кезінде 
бакыланбайтын және пайда болмайтын психикалык бұзылыстардың формасы 
жок деп айтуына негіз болды.
Мерезді және осы ауру кезіндегі психикалык бұзылыстарды зерттеу мен 
емдеудегі жетістіктерге карамастан, соңғы жылдарда мерезбен ауыру жиілігі 
артуда.
МИ М ЕРЕЗІ КЕЗІН Д ЕГІ ПСИХИКАЛЫҚ БҰЗЫ ЛЫ СТАР
Ми мерезінің
психопатологиялык көрінісі әр түрлі және ағза реактивтілігіне, 
ауру сатысына, локализациясына, патологиялык үрдістің таралуына байланысты.
Ми мерезінде болатын психикалык бұзылыстар мидың баска органикалык 
аурулары кезіндегі патологиялык симпгомдармен ұксас болады, оларға: энце­
фалит, менингит, ісіктер, тамыр аурулары жатады. Осы ауруларды есепке ала 
отырып, мерезді диагностикалау ж әне баска аурулардан ажырату кезінде 
неврологиялык симптомдарға және серологиялык зерттеу нәтижесіне көп көңіл 
бөлінеді.
Мерездің I—II сатысындағы кең таралған психопатологиялык синдромға 
неврозтәрізді
(мерездік неврастения) синдром жатады, бұл кезде невроздык,


294
ХХ Тарау. Ми мерезі және үдемелі салдану кезіндегі психикалық бүзылыстар
ипохондриялық және депрессивті бұзылыстар анықталады. Бұл жағдайда аса 
тітіркенгіштік, эмоциялық лабильділік, жиі бас ауырулары, ес нашарлауы, 
еңбекке қабілеттің төмендеуі тәрізді смптомдар басым болады. Біртіндеп 
лаку-
нарлы ақылкемдігі
қалыптасады.
Бұл психикалық бұзылыстарға қараш ық симптомы қосылады (жарыққа 
реакциясы төмендейді). Бас-ми жүйкелерінің патологиясы, менингеальды 
симптомдар, эпилептиформды ұстамалар пайда болады. Вассерман реакци- 
ясы қанда әрқаш ан ж әне жұлын сұйықтығында үнемі емес оң мәнді, шама- 
лы плеоцитоз, глобулин реакциясы оң м әнді, Л анге реакциясы кезінде 
патологиялық қисы қ (алғашқы 3—5 түтікшедегі сұйықтық түсінің өзгеруі 
«мерездік тісше» 112321110000, 5—7 түтікшедегі «м енингиттік қисық» 
003456631100) анықталады.
Мерездің II—III сатысына басты симптомдарына қарай жіктелетін психоздар 
тән. Галлюцинаторлы-параноидты, псевдопаралитикалық синдромдармен және 
делириозды тип бойынша сана күңгірттенуімен байланысты мерездік психоз- 
дарды ажыратады.
Ми мерезі кезіндегі 
галлюцинаторлы-параноидты синдром
жиі есту галлю- 
цинацияларының пайда болуымен басталады: науқас өзінің тарапына балағат 
сөздер, кемсітулер, жиі жәбірлеуші сексуальды сөгістер естиді, көп ұзамай 
науқастар бұл дауыстарға сыни көзқарасын жоғалтады, өзін кісі өлтіретіндер, 
ұрылар және т.б. аңдып жүр деп есептейді.
Галлюцинаторлы-параноидты синдром фонында қозу жағдайымен бұзылған 
сана эпизодтары бақылануы мүмкін.
Ми мерезі кезіндегі галлюцинаторлы-параноидты синдромды алкогольдік 
психоздан, шизофрения тәрізді синдромдардан ажырату керек.
Ми мерезі кезінде сандырақ пен галлюцинация қарапайым мазмұнда болады, 
эмоционалды компонентпен байланысқан, тұлғаның органикалық өзгерістері 
фонында дамиды, ал шизофрения кезінде олар абстрактылы, тұлғаның эмоци- 
оналды кедейлену белгілері, ойлау бұзылысы бақыланады. Алкогольдік психоз 
кезінде тұлғаның алкогольді тип бойынша өзгерістері байқалады.
Мерез үрдісінде әрқаш ан мерездің соматикалық ж әне неврологиялық 
белгілері және лабораториялық зерттеулердің сәйкес мәліметтері болады.
Псевдопаралитикалық синдром
кезінде органикалық тип бойынша ақыл 
кемдігі фонында бейғам көңіл-күй басым болады, науқастар эйфория күйінде, 
әр түрлі фантастикалық сипаттағы ұлылық сандырақтық идеяларын айтуы 
мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет