Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


Психикалық күйді суреттеу ережелері



Pdf көрінісі
бет294/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

Психикалық күйді суреттеу ережелері
Науксатың психикалык күйін сипатгау белгілі бір ережелерді ұстануды талап 
етеді.
1. Накты психикалык бұзылыс немен көрініс беретінін міндетті түрде си­
патгау. Іс жүзіндегі көрінісін суреттеусіз, симптомдарды тек терминдермен 
жазуды колдануға тыйым салынады. Мысалы, «наукаста дене схемасының 
бұзылыстары бакыланады» деп шектелуге болмайды, өйткені бұл 
бұзылыстар әркилы көрініс береді. «Наукас кейде өз аяктарының кенет- 
тен шамамен 40 см ұзаратындығын, сол сәтте олардың өте ауырлап 
кететіндігін сезінеді. Бұл күй 2—3 мин созылып, өздігінен басылады. Бұл 
сәтте наукас осының барлығы шын мәнінде жок екендігін түсінеді, бірак 
коркыныш сезімі баурайды» деген тәрізді суреттеу керек.
2. Суреттеу толык болуы тиіс. Суреттеу толықгылығы — бұл симптомдардың 
ерекшелігі және ағымының ұзактығы, олардың пайда болуына не ыкпал 
ететіні және наукастың оларға көзкарасы.
3. Психикалык бұзылыстар суреттемесі аса дәлдікгі кажет етеді. Аурулардың 
көріністерін суреттеуде нактылыкка, дәлдікке талпыныс көне дәрігерлік 
антта бейнеленген: «Бұл симптом бар екендігін дәлелдеу үшін өз колымды 
кесуге бармын». Симптомдарды жеңілдетуге немесе әсірелеуге тырыспаңыз, 
белгілі бір синдромға сәйкестендіру үшін симптомдарды іздемеңіз.
4. Егер наукаста психикалы к функциялар бұзылысы ж ок болып, тек 
субъективті көрініс беретін бұзылыстар, мысалы, ой ашыктығы симпто­
мы, дереализация, деперсонализация және т.б. бакыланса, онда функци- 
яларды суреттеуде науқаста кандай симптомдар жок екендігін міндетті 
түрде тізіп өтуіңіз керек. Ж ок симптомдарды тізіп шығу сіздің кандай 
симптомдарды тексергендігіңізді көрсетеді.
5. Егер наукаста объективті де көрініс беретін психикалык функциялар 
бұзылысы жок болса, мысалы, зейін, ес және т.б., онда сіз наукаста зейін 
бұзылысы жок екендігін жазғаннан кейін, артынан бірден оған дәлел 
келтіруіңіз керек. «Зейін бұзылыстары жок, зейіні жылдам аударылады, 
ол тұракты, наукас әңгіме аркауына зейінін жинактаған, алаңдамайды. 
Тексеру сәтінде зейіні бірқалыпты, алмасуы дұрыс, жаңа қойылған сұраққа 
бірден жауап береді де әңгіменің өзге такырыбына көшеді».
6. Психикалык күй мәдени тілде, сауатты жазылуы тиіс. Психикалык күйді 
суреттеуді жазушылардан үйреніңіз, көркем әдебиетті көбірек окыңыз. 
Адамдардың сырткы келбетін калай суреттейтініне көңіл бөліңіз.


3-Қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет