Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


НЕЙРОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕР ТТЕУ Л ЕР



Pdf көрінісі
бет50/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

105
НЕЙРОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕР ТТЕУ Л ЕР
Психикалық бұзылыстар ми патологиясының салдары болып табылады. 
Бірақ симптомдардың пайда болуы мен дамуын байланыстыруға болатын 
патологоанатомиялық өзгерістер барлық аурулар кезінде табыла бермейді. Бұл 
ұғым өз ретінде психикалық ауруларды функционалдық және органикалық деп 
бөлуге негіз болды. Біріншісіне, сөзсіз, маниакальды-депрессивті психоз, пси­
хогения, екіншісіне ақылкемдігіне алып келетін үрдісті сипаттағы аурулар 
жатады.
Морфологиялық зерттеулер техникасының дамуы, гистохимия, электронды 
микроскопия және т.б. тәрізді жоғары сезімтал әдістердің пайда болуы ағзада 
қалыпты жағдай мен патология кезінде жасуша, синапс, рецептор деңгейінде 
болып жатқан көптеген функционалды процестерді түсінуге мүмкіндік береді. 
Бұл функцияның кез-келген өзгерісі — өзінің негізінде құрылымдық өзгеріс 
жатқандығының дәлелі.
П сихиатрияда электронды м икроскопия әдісі шектелуі жағдайларда 
қолданылады, ол тірі тіннің м орфофункциялық жағдайын фиксациялауға 
бағдарланған. Біздің елімізде психикалық науқастарға өмір сүру кезеңінде 
психикалық өзгерістерді анықтау үшін ми биопсиясы жасалмайды, ал өлгеннен 
кейін миды электронды-микроскопиялық зерттеу көп пікірталас тудырады, 
өйткені, ол тіндегі аутолиздің әртүрлі сатысын бейнелейді. Сондықтан дәстүрлі 
микроскопиялық және нейрогистологиялық әдістер нәтижелеріне көп көңіл 
аударылады. Тарихи дамуы жағынан бұл әдістер клиникалық-морфологиялық 
салыстырулар жолымен клиникалық мәліметтерге негізделген. Осыған байла­
нысты патологоанатомиялық зерттеулер клиникалық зерттеулердің жалғасы 
болып табылады.
Патологоанатомиялық зерттеу жүргізгенде мидың көлденең кесіндісінде 
анықталатын мидың мөлшері, салмағы, тығыздығы ми қабықтарының жағдайы, 
жүлге, иірімдері мен тініндегі өзгерістер қаралады. Одан әрі гистологиялық 
зерттеу жүргізгенде, миды 5% — формалин ерітіндісінде ұстаған соң жеке 
аймақтардан алынған бөліктерін түрлі әдістер бойынша бояйды: Ниссель бой­
ынша — жүйке жасушаларын анықтау үшін, Ортеге мен Александровский 
бойынша — микроглияға, Бильшовский бойынша — нейрофибриллаларға 
ж әне т.б. Кейде гистохимиялық зерттеулер, люминесцентті микроскопия 
жүргізіледі.
Нейроморфологиялық зерттеу аяқталған соң толық патологонатомиялық 
диагноз құрастырылады, ол барлық әдістермен бірге клиникалық фактілерді 
де қамтиды. Патологонатомиялық диагноз қойған соң нозологиялық форма, 
оның сатысы квалификацияланады, мидағы патологиялық өзгерістердің сипа- 
ты мен орналасқан жері анықталады, соматикалық локальды ж әне жалпы 
өзгерістер, жасқа байланысты өзгерістер ескеріледі, өлім себебі анықталады. 
Кейде психикалық ауруларда өзіне тән морфологиялық субстрат болмаса, 
(маниакальды-депрессивті психоз, психопатия, невроз) диагноз клиникалық 
мәліметтерге негізделеді.


106
VII Тарау. Психикалық ауруларды зерттеу әдістері
Барлық патологоанатомиялық өзгерістер 3 топқа бөлінеді:
1) ми дамуының аномалиялары;
2) өмір сүру кезіндегі церебральды үрдіс ерекшелігін бейнелейтін өзгерістер: 
жүйке тінін зақы м дайты н м езенхим аны ң ілкі немесе салдарлық 
зақымдалуы нәтижесіндегі қабынулық немесе дистрофиялық үрдіс;
3) ми тініндегі тыртық, дефектіге байланысты болатын резидуальды 
құбылыстар. Сонымен, патологоанатомиялық зерттеулер арқылы диа- 
гнозды дәлелдеп қана қоймай, сонымен бірге аурудың даму механизмін, 
үрдістің сипатын, орналасуын, тіндердің таңдамалы зақымдалуын, 
жеделдік дәрежесін, фазасын, ауруға организмнің жалпы реакциясын, 
ішкі органдардың жағдайын көз алдымызға елестете аламыз.
Кейбір жағдайларда патологоанатомиялық зерттеулер аурудың себеп фак- 
торын табуға көмектеседі. Үдемелі салдануда, мерез ауруы кезінде мидан бозғылт 
спирохеталарды көре аламыз, Кох таяқшасын таба аламыз, сәйкес патология 
кезінде цистицерк немесе сәулелі саңырауқұлақты таба аламыз. мидағы жалпы 
өзгерістер негізінде жарақаттар, уланулар, қан айналысы бұзылысы кездерінде 
мидағы өзгерістердің жалпы суретіне сүйеніп, бұзылыс себептерін анықтауға 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет