Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым



Pdf көрінісі
бет52/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІС
Эпидемиологиялық әдіс жеке жағдайларды емес, көпшілік дертті жағдайларды 
зерттеуге және психикалық патологияға тән жалпы заңдылықтарды анықтауға 
мүмкіндік береді. Эпидемиологиялық зерттеулер нәтижесі барлық популяция 
мен репрезентативті топты зерттеу нәтижесінде алынған жағдайда ғана маңызды 
болып табылады. Популяция бір аймақты мекендеген тұрғындар немесе қандай 
да басқа бір белгілері арқылы біріккен (мамандық, жыныстық, нәсілдік және т.б.) 
топтар болуы мүмкін. Популяция шизофрениямен, эпилепсиямен немесе қандай 
да бір басқа аурулармен ауыратын адамдардың тобы болуы мүмкін. Көлемді 
зерттеулерде репрезентативті топтар құрылады.
Құрылған топ барлық көрсеткіштері бойынша популяцияға (жынысы, жасы, 
қызметі, білімі) сәйкес келуі керек.
Тұрғындардың психикалық денсаулығының негізгі көрсеткіштері ауыру, 
аурушаңдық және ауыру қауіптілігі болып табылады. 
Ауруға шалдығу
— попу­
ляция деңгейінде бір жыл ішінде тіркелген жаңа науқастар санымен анықталады. 
Аурушаңдық — науқас адамдардың жалпы санымен анықталады. Аурушаңдық 
пен ауыру 100, 1000, 10 000, кейде 100 000-ға дейінгі тұрғындар есебінен алы- 
нады. Интенсивті көрсеткіштер бойынша басқа да құбылыстардың таралу 
дәрежесі көрсетіледі: өлім дәрежесі, мүгедектік және т.б. Ауыру мен аурушаңдық 
және басқа да көрсеткіштер басқа сипаттамаларға қатысты көрсетіледі: нақты 
бір жылда немесе қандай да бір уақыт кезеңінде, қандай да бір жас кезеңіндегі 
адамдарға және т.б. 
Ауруға шалдығу қаупі
— адам жасына қарай аурудың пайда 
болу мүмкіндігі және аурудың басталу жасы. Қауіп мүмкіндіктері (50 ішінен 
1 мүмкіндік) немесе пайыз түрінде көрсетіледі.
Психикалық аурулардың қалаларда, аудандарда, елдердегі таралу көрсет- 
кіштерін салыстыру науқастардың психикалық жағдайын бағалау унификаци- 
ясы іске асырылғанда ғана нақты нәтиже береді.
Дегенмен, мектептердің көбеюі мен диагностикалық тәсілдердің әрқилы- 
лығына байланысты ұқсас жағдайларды нақты квалификациялауды әртүрлі 
елдерде емес, бір ғана ел шеңберінің өзінде іске асыра алмаймыз. Ауру жағдайын 
бағалауда келіспеушіліктерді болдырмас үшін психикалық аурулардың таралуы,


110
VII Тарау. Психикалық ауруларды зерттеу әдістері
формасы, нұсқасы туралы мәлімет алғанда, зерттеу кезіндегі есепке алынған 
сипаттаманың униф икациясы қажет. Осыған байланысты біздің елімізде 
эпидемиологиялық зерттеулер жүргізгенде, тәжірибеде қолданылатын барлық 
негізгі нозологиялы қ формалар үшін психопатологиялы қ синдромдар 
глоссарийлері дайындалған. Кез келген психикалық ауруларды бағалауға 
қолданылатын стандартты синдромдар жинағы құрастырылған. Синдромдарды 
глоссарий бойынша шифрлай отырып, диагностикалық бағытқа және мамандық 
бойынша дайындық дәрежесіне тәуелсіз дәрігер суреттелген синдромдардың 
бірімен науқас жағдайын идентификациялайды.
Осылайша, болашақта статистикалық өңдеу жүргізу үшін мәліметтер алу- 
да бірлік қалыптасады. Әрі қарай мәліметтерді талдауда зерттеу кезінде нақты 
синдромды анықтау ауру дамуының өте ерте сатысында науқастың алдағы 
жағдайы жөнінде нақты қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Осындай 
жағдайда ауру ағымын синдромдардың динамикалық тізбегі түрінде қарауға 
мүмкіндік туады, бұл психопатологиялық үрдістің динамикалық тенденция- 
сын, себептерді ж әне клиникалы қ патоморфоз ерекшеліктерін анықтауға 
мүмкі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет