122
VIII Тарау. Психикалық бүзылыстар симптомдары
Психосенсорлы бузылыстар.
Сыртқы әлемді және өз денесін қабылдаудың
күрделі бұрмаланыстарын білдіретін бұл ұғымды енгізген М.О. Гуревич болды,
яғни, бұл кезде сезім мүшелерінен тарайтын сезімдер емес, олардың синтезі —
сенсорлы синтез бұзылады. Психосенсорлы бұзылыстарды иллюзиядан айыра
білу керек. Иллюзия кезінде бір (құбылыс, зат)
зат екінші бір зат ретінде
қабылданады; ал психосенорлы бұзылыстар кезінде затты немесе құбылысты
тану бұзылмайды, оларды бүтіндей қабылдау бұзылады. Сенсорлы синтездің
бұзылуы жиі орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануларымен
науқастарда байқалады және ол әдетте пароксизм түрінде көрінеді.
Психосенсорлыға
дене схемасын қабылдау бузылысы
жатады.
Науқас адамға
бүкіл денесі немесе оның жеке бөліктері үлкейген сияқты болып көріне бастай-
ды: басы шар тәрізді домаланады, ісінеді, жарылып кететіндей болады; тілі
жуандап, ауыз қуысына сыймай тұрғандай; аяқ-қолы,
саусақтары жуандап,
ұзарған тәрізді. Бұл сезімдерді көзбен тексергенде, науқас бұл өзгерістердің
ж оқты ғы на көзі жетеді. Кейде денесі кіш ірейіп, нүктеге айналғандай,
салмақсызданғандай немесе ауырлағандай, көздері шарасынан шығып, денесінен
бөлініп бара жатқандай азапты сезім болады.
Кеңістіктегі заттарды қабылдау бузылысы:
заттар бұрмаланған (метамор-
фопсия), ұлғайған (макропсия) немесе кішірейген (микропсия), алшақтаған
немесе ж ақындаған түрде қабылданады. Науқас
стақанды столға қоюға
ұмтылады, бірақ арақашықтықты айыра алмау нәтежесінде стақан еденге
құлайды. Жер, еден науқасқа кедір-бұдыр болып көрінеді де, науқас аяғын не
тым жоғары көтеруі мүмкін немесе кенеттен жерге, еденге сүрінуі мүмкін.
Уақытты, қоршаған ортадағы өзгерістерді қабылдау бузылысы
жиі эмоцио-
налды бұзылыстармен және сана өзгерістерімен байланысты жүреді. Бұл кезде
уақыт азапты түрде ұзаққа созылуы мүмкін немесе керісінше болуы мүмкін:
күндер аса жылдамдықпен өтеді, қоршаған орта өлі тыныштық,
қатып қалған
немесе аласапыран әрекеттер түрінде қабылданады.
Дереализация
— қоршаған ортаны бөтен, өзгерген, жасанды түрде қабылдау.
Дереализация сана немесе өзіндік сана бұзылған кезде байқалады.
Деперсонализация
— өзіндік сана бұзылысы ретінде өзін, өзінің психикалық
және физикалық «Менін» қабылдаудың бұзылысы. Клиникасы бойынша де
персонализация әрқалай көрініс береді: өзін, өз денесін, ойларын, сезімдерін,
іс-әрекеттерін қабылдау нақтылығының бұзылысы немесе олардың бөтенденуі,
бұл жасандылық сезімімен, өзіндік «Менді» немесе оның бірлігін жоғалту
сезімімен жүреді. Деперсонализацияның әрқилы айқындылық дәрежесіндегі
белгілерін барлық психоз түрлерінде кездестіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: