Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


Ақпаратты бекіту қабілетінің бұзылысы



Pdf көрінісі
бет63/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

Ақпаратты бекіту қабілетінің бұзылысы
Егер ақпарат бекітілмесе (фиксация) оның сақталуы мен қайта жаңғыру 
үрдісі іске аспайды. Ақпаратты бекіту жеткіліксіздігі клиникасы ағымдағы 
оқиғаларды есте сақтаудың бұзылуымен көрінеді, ал бұл құбылыс 
фиксациялық


Ес бүзылысы
125
амнезия
деп аталады. Ф иксациялы қ амнезия К орсаков ам нестикалы қ 
синдромының негізгі белгісі болып табылады, ол корсаков психозында, қарттық 
психозда, қан тамырларының зақымдалуы және жүйкелік жасушалардың өлуі 
нәтижесінде ми қоректенуінің бұзылысында кездеседі. Мұндай аурулар оқыған 
кітабының мазмұнын еске түсіре алмайды, таңертең қандай тамақ жегенін, 
керек затты қайда қойғанын есіне түсіре алмайды. Мұндай аурулар дүкенге 
барып тұрып, не алу керек екенін есіне түсіре алмай қиналады. Орын мен уақыт 
бойынша бағдарлау бұзылысы орын алады. Ауру бүгін қай күн екенін, қандай 
ай, қай жыл, аптаның қай күні екенін, үйден сыртта тұрып қайда тұрғанын, 
емханаға қашан түскенін, емдейтін дәрігердің атын сұрағанда айта алмайды. 
Ф иксациялық амнезиямен науқастың өмірі біркезеңді болады, осы уақыт 
алдындағы сәттермен байланыссыз өтіп кетеді, сондықтан болып жатқан жайт- 
ты түсіну және бағдарлау бұзылады.
Осы тәріздес клиникалық фактілер қысқа уақыттық және ұзақ уақыттық ес 
бар екендігі жөніндегі жаңа көзқарас арқылы түсіндіріледі.
Қысқа уақыттық ес физиологиялық механизмі деп тітіркендіргіш әсерінен 
кейін қалған мидағы циркуляцияда жүрген қозу жағдайы түсіндіріледі. Рибо- 
нуклеин қышқылы (РНҚ) жүйке жасушалары қозған жағдайда жиналады. Бұдан 
басқа қозған аймақта электрлік белсенділік жоғарылайды. Егер қозу ұзақ уақыт 
сақталатын болса, белсенді электрлік алаң әсерінен РН Қ молекуласы өзгеріске 
ұшырайды ж әне ақпарат кодталады, осылайша қы сқа уақыттық ес ұзақ 
уақыттыға ауысады. Патология кезінде бұл механизм бұзылуы мүмкін, бұл 
құбылыс фиксациялы амнезияда және басқа да мнестикалық бұзылыстарда 
кездеседі.
Ақпараттың қысқа уақыттыдан ұзақ уақыттыға ауысу үрдісі өте сезімтал 
болып табылады, бұған эксперименттік мағұламаттар дәлел бола алады. Жану- 
арларда қозғалыс дағдысын дамытқан, артынан электр тоғы көмегімен 
тырысулық ұстама шақырған. Электрошок дағдының түзілуінен кем дегенде 
бір сағаттан кейін жасалғанда, дағды сақталып қалған. Егер электр тоғымен 
әсер ету қозғалыс дағдысынан кейін бірден жасалынғанда дағды сақталмаған. 
Бұл тәжірибе игерілген дағды іздері консалидацияланып, қысқа уақыттық ес 
жағдайында тұрған ақпарат ұзақ уақыттық еске өтуі үшін уақыт керек екендігін 
дәлелдеді. Келтірілген мысал клиникалық тәжірибеде кездесетін ретроградты 
амнезияның кейбір нұсқаларының моделі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет