Ес бүзылысы
127
Гипомнезия кезінде Рибо заңына тәуелді дамитын жалпы еске түсірудің
жетіспеушілігі байқалады. Гипомнезияның ауыр жағдайында соңғы жылдарда
және онжылдықтарда болған жағдайларды еске түсіру мүмкін болмай қалады.
Бұл уақыттың кеш кезеңінен ерте кезеңіне қарай ес ыдырауы
үдемелі амнезия
деп аталады.
Аурудың зақымдаушы әсеріне ертеде қабылданған жүйелі ғана емес, неғұрлым
автоматтандырылған тәжірибе қарсы тұра алады: есту және көру жадысына
қарағанда моторлы және эмоциялық жады тұрақтырақ болады. Бұл симптома
тика кәрілік ақыл кемдігі, Пик және Альцгеймер ауруларында көрінеді.
Амнезия ішінде антеро ж әне ретрогродты амнезияны бөлеміз. Бас-ми
ж арақаты на дейін бірнеше минут, күн, апта ішінде болған (инсульт,
эпилепсиялық ұстама, улану және т.б.) оқиғалардың естен жоғалуы клиникалық
тәжірибеде
ретроградты амнезия
деп аталады. Бас-ми жарақатынан кейінгі
болған оқиғалардың естен жоғалуы
антероградты амнезияға
тән. Ретроградты
немесе ретроантероградты амнезия Корсаков синдромының бір белгісі болып
табылады.
Бір кісі мотоциклмен келе жатып, оны қаладан 78 км қашықтықта жүк
машинасы қағып кетеді. Бас-ми жарақатынан кейін ол 64 км-ге дейінгі болған
жағдайды және жарақаттан кейінгі бірнеше сағатта болған жағдайларды ғана
есіне түсіре алды. Жарақаттан кейін мидың функциялық қабілеті өзгерген,
сондықтан адам өз-өзіне келіп, сыртқы ортада өзін дұрыс ұстаған жағдайда да
ақпарат біраз уақыт аралығында мимен бекітілмеуі мүмкін.
Бірақ, естен 14 км жол оқиғасының шығып кетуі, бұл — кезең ізі есте
мығымдалып үлгермегендігінің дәлелі, сондықтан жарақат әсерінен өшіп
қалған.
Достарыңызбен бөлісу: