Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


Таныстық сезімінің бұзылысы



Pdf көрінісі
бет67/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

Таныстық сезімінің бұзылысы
Ес бұзылыстары симптомдарының ішінде ерекше топ таныстық сезімінің 
бұзылуы болып табылады. Аталған бұзылыстар психопатологияда шекаралық 
бұзылыстарға жатады. Олар сау адамдарда, мысалы, көңіл-күй өзгерістерінде 
және психикалық науқас адамдарда да байқалады. Таныстық сезімінің бұзылуы 
симптом ретінде қабылдау бұзылысы шеңберінде де қарастырылуы мүмкін, 
өйткені, заттарды тану бұзылады ж әне эмоциялық бұзылыстар шеңберінде 
қарастыруға, сана бұзылысымен де байланыстыруға болады.
Бұрын көргендік симптомы (deja vu
— француз авторлары бойынша) және 
ешқашан көрмегендік симптомдарын
(
jamais vu)
ажыратамыз.
Бүрын көргендік симптомы
кезінде адам өмірінде алғаш қабылдап тұрған 
нәрсені бұрын болған оқиға түрінде қабылдайды. Бұл сезімнің қате екенін 
түсінеді. Мысалы, қандай да бір қалаға алғаш келген адам осы қалада өзін бұрын 
болғандай сезінеді.
Ал 
ешқашан көрмегендік симптомы
кезінде адамға жақсы таныс қандай да 
бір зат бөтен, алғашқы рет көріп тұрғандай сезім тудырады. Бұл жағдайда кри-


Ойлау бүзылысы
129
тика сақталады, бұзылыс екенін жоққа шығармайды. Мысалы, адам өзінің 
бөлмесіне кірген кезде өзінің бөлмесінің ерекшеліктерін біле тұра, танымауы 
мүмкін.
Таныстық сезімінің бұзылуы жиі психосенсорлы бұзылыспен бірге жүреді 
және дереализация және деперсонализация синдромдары құрылымында көрініс 
береді. Бұл бұзылыстарды ең алдымен, энцефалит, ми ісігі, эпилепсия, шизоф­
рения, маниакальды-депрессивті психозбен ауыратын науқастардан іздеу керек.
Естің жасқа байланысты ерекшеліктері
Балалар қиялы өте бай болып келетіндіктен, оларда жиі конфабуляциялар 
мен псевдореминисценциялар кездеседі. Бала ауруханада жатып, туыстары 
келмеген кезде де анасымен жаңа ғана кездескендігін «ол маған келді» деп 
айтуы мүмкін. Ереже бойынша, олардың әңгімелері қанық, фантастикалық 
детальдарға бай болып келеді. Кейде олар ертегі мазмұнын өздеріне қатысты 
оқиға ретінде әңгімелейді, өздерін шығарма кейіпкері ретінде санайды. Со­
нымен қатар, балалық шақта, әсіресе, 10 жасқа дейінгі балаларда ес иллюзия- 
лары жиі кездеседі, балалар қиял мен шындықты ажырата алмайды.
Ж асөспірімдерде, ересектерде алкогольдік мастану жағдайында естің 
ошақтық түсіп қалулары — палимпсестер бақыланады, бұл кезде қимыл-әрекет 
автоматтылығы сақталады. Науқастар қозғалыста, қарым-қатынасқа түседі, 
бірақ келесі күні ол жөнінде толық есте сақтай алмайды, үзік-үзік қана еске 
алады. Егде және кәрілік жаста ес бұзылыстары жиі кездеседі және орталық 
жүйке жүйесінің склероздық үрдістерімен байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет