Ойлау мазмұнының бұзылуы
Сандырац ойлар
— аурудың санасын толық жаулап алатын және түзетуге
келмейтін қате ой түйіндеулер.
Қате талдау, ой түйіндеу әрбір адамда болады. Дегенмен, сау адамдарда
логикалық қателіктер қосымша түзетулер немесе фактілер арқылы түзетілуі
мүмкін. Сандырақ кезінде науқас өз ойларын түзетуге қабілетсіз ғана емес,
дұрыс емес пікірлерді сырттан түзетулерге, сыни көзқарастарға мүлдем
берілмейді. Бұл науқастың сөздерінен ғана емес, оның жүріс-тұрысынан да
көрінеді. Жалған дұшпандарының бар екендігіне сенімді сандырақ жағдайындағы
науқас жаудан қашады, жасырынады немесе оған шабуыл ұйымдастырады,
жауларының әсер көрсетіп отырған аппараттары, биоөрістерінен қорғанатын
тәсілдер ойлап шығарады, өздерін қатаң жазалауды өтінеді, жалған қылмыстары
үшін өздерін қинайды, өздерінің жасаған жобаларын жоғарғы инстанцияларға
жібереді.
Жоғарыда келтірілген сандырақ анықтамасының дұрыстығын ескере отырып,
жиі сандырақ дамуы толық аяқталмай, оны аса бағалы идеялар және жабысқақ
ойлармен дифференциаланған диагностика жүргізу қажеттілігі пайда болады.
Сандырақтаған науқас сандырақ дамуының ең жоғарғы шыңына жеткенде
түзетулерге саңыраулық танытады. Психоз баяу, ал сандырақ болса өте төмен
қарқында — айлар, кейде жылдар бойы түзілуі мүмкін. Мұндай ауруларда ұзақ
уақыт ауруына аздап сыни көзқарас сақталады, олардың дұрыстығына
күмәнданады; түзетулер қы сқа уақытқа оң нәтиже береді. Мұндай жағдай
сандырақ жүйесі ем нәтижесінде ыдырай бастағанда да байқалады.
Кейбір жағдайда сандырақтаған сау адамның шатасуынан ажырату қажеттілігі
туады. Мұндай адасу қандай да бір дәрежеде тұлғаның әлеуметтік орнын,
ұстанымын анықтайтын адамның бүкіл өміріндегі тұрақталған жүйе ретінде
болғандықтан, ажырату қиынға соғады. Бұл жерде сөз жиі діни сипат алған
ұстанымдар жөнінде болып тұр. Мұнда әдетте, білім жеткіліксіздігі, кейде
қарапайым надандық бірге жүреді. Сандырақ, психикалық науқас сандырағы
дертті жағдайда (ауру негізінде) оның өнімі және белгісі ретінде пайда болады;
сандырақ жүйесі жиі алынған білім деңгейіне қарама-қайшы болады.
Сандырақтың біртіндеп дамуында оның құрам бірлігі болып табылатын
компоненттер динамикасын көруге болады. Сандырақ пікірдің пайда болуы
134
VIII Тарау. Психикалық бүзылыстар симптомдары
алдында эмоционалды күйдің өзгерісі орын алады. Ішкі кернеліс, түсініксіз
тынышсыздық, үрей, төніп тұрған бақытсыздықты сезіну байқалады. Науқас
шарқ ұрып не болғанын, қоршаған орта неліктен ол үшін жаңа, түсініксіз ішкі
мағынаға ие болғанын түсінуге тырысады.
Осындай сандырақты көңіл-күй дамуымен сандырақтық қабылдау бірге
жүреді: айналадағылардың барлығы шындық емес, жасанды немесе бір қауіпті
құпия тұнып тұрғандай көрінеді. Сандырақтық қабылдау сандырақтық елесте-
тулер түзілуімен тікелей байланысты, осының негізінде аурудың өткен өмірінің
кейбір сәттері жаңа мәнге ие болады. Сонымен, сандырақтықтау пайда бола
ды — бұрын түсініксіз болған құбылыстардың интуиция арқылы айқындала
түсуі. Осы сәттен бастап сандырақ нақты мазмұнға ие болады, бұл субьективті
жеңілдену сезімімен, эмоционалды тынышталу жағдайымен бірге жүреді —
сандырац кристаллизациясы.
Қолданыстағы сандырақ классификациясы оның жеке сипаттамасына
негізделеді ж әне бір жағдайда күйзелістер тақырыбын, келесі жағдайда —
жүйелілік дәрежесін, құрылымын, пайда болу ерекшеліктерін немесе өзге де
белгілерін ескереді. Мағынасына байланысты сандырақ соңына түсу, әсер ету,
уландыру, қызғаныш, өзін-өзі кінәләу, өзін-өзі кемсіту, ұлылық ж әне т.б.
бөлінеді.
Соңына тусу сандырағында
науқас, белгілі бір адамдар немесе ұйымдардың
өзін құпия немесе ашық түрде соңына түсіп, жоюға әрекет жасап жүргендігіне
сенімді.
Эсер ету сандырағы
соңына түсу сандырағының бөлігі немесе оның бір түрі
болып табылады: сол аталған ізге түсушілер науқасқа моральді немесе физикалық
әсер етеді, ол үшін күрделі тәсілдер және қазіргі жаңа техникалық құралдарды
қолданады деп есептейді. Науқас өзінде гипноз, телепатиялық әсерді сезінеді,
электр тоғы, сәуле, магниттердің әсері жөнінде айтады.
Уландыру сандырағы
да соңына түсу сандырағының құрамына кіреді; науқас
уландырудың негізгі көзі құрамында улы заттары бар дәрі, су, ауа, тамақ деп
санайды.
Кртынас сандырағы
соңына түсу сандырағын толықтырып отырады. Науқас
өзіне байланыссыз жағдайларды өзіне қатысты деп есептейді. Мысалы, үйде
жарық жоқ болып, қараңғы болса, ол оның қараңғы, білімсіз адам екенін ар
найы көрсету үшін жасалған деп қабылдайды. Егер дәрігер халатының 3 ілгегі
салынбаса, ол ауруханаға 3 рет жататындай, автокөліктің кенеттен жол
қиы лы сына бұрылуы, науқас өмірінде де өзгеріс болатындай әсер етеді.
Науқастың айналасындағы болған оқиғалар ол үшін екі түрлі мағына береді,
науқас бәріне ерекше көңіл аударады.
Сахналау, интерметаморфоза сандырағымен науқастар айналадағылардың
бәрі әдейі құрастыр^ілған, өмірінің бір үзіндісі жайлы көрініс ойнап жатқандай,
эксперимент жасалып жатқандай, қос ойын жүргізіліп тұрғандай, барлығы
үздіксіз мағынасын өзгертіп жатқандай сезімде болады: кейде бұл аурухана,
кейде аурухана емес, тергеу мекемесі секілді; дәрігер — дәрігер емес, тергеуші,
ал ауру тарихы — қылмыстық іс қағазы, науқастар мен медперсоналдар — киім
ауыстырған қауіпсіздік органының қызметкерлері болып көрінеді.
Ойлау бүзылысы
135
Зиян сандырағы.
Науқас зиянкестер оған материалды немесе моральды зиян
келтіруде, тонап, заттарын бүлдіреді, құқығына қысым жасайды деп сенеді.
Кверулянттыц сандырац.
Өзінің тарапына ұқыпсыз, қайырымсыз, адал
емес көзқарасты сезген науқас дауласады, оны әшкерелеуге көп күш жұмсайды,
көп уақытын, кейде бүкіл материалдық жиған-тергенін жұмсап жібереді,
әр түрлі мекемелерге шағым жасайды, сандырақ мазмұнына біртіндеп жаңа
адамдарды қоса түседі; сандырақ тақырыбы шынайы ситуациялардан баста-
лады, мысалы, көршілермен, жанұя мүшелерімен, қызметтестерімен жанжал-
дасудан.
Қызғаныш сандырағы
кезінде науқастың жолдасының әрекеті, сыртқы келбеті
мен жүріс-тұрысы, жолдасының сөздері, қоршаған ортадағы түрлі оқиғалар
жұбайлық көзге шөп салу белгілері түрінде көрінеді («дәлелдер»).
Достарыңызбен бөлісу: |