126
VIII Тарау. Психикалық бүзылыстар симптомдары
келгенде, ол көне Грек шығармашылығы туралы мүлдем мағлұматы жоқ екенін
айтқан. Дегенмен, бұл науқастың ж асты қ шағында көне Грек әдебиеті
мәселесімен айналысқан белгілі ғалымның үйінде үй қызметкері болып жұмыс
істегені анықталды. Ғалым жиі өз бөлмесінде жүріп Көне Грекия ақындарының
шығармаларын дауыстап оқыған, бұл кезде үй қызметкері үй шаруашылығымен
айналысып жүріп, еріксіз иесінің оқыған шығармаларын тыңдайтын болған.
Осылайша, науқас үшін қажетсіз ақпарат қабылданған, өзгерген сана жағдайында
ес тұңғиығынан беткейге шыққан.
Өткенді ұмыту ретсіз емес, белгілі заңдылықпен өтеді.
Рибо заңы
бойынша,
бірінші ретте неғұрлым кеш қабылданған, нашар ұйымдастырылған дағдылар
зардап шегеді; одан кейін біртіндеп естегі көне оқиғалар жойылады. Бұл
қалыпты жағдайға да, патологиялық жағдайға да қатысты, бірақ патологиялық
жағдайда ұмыту үрдісі қарқы нды жүреді ж әне ол білім, дағды жинақтау
үрдісінен басым болады. Осындай жағдайда өмірдің ерте кезеңіне қатысты
ақпараттардың өзекті болуы бақыланады (гипермнезия ^былыстары). Мұндай
науқас бір жыл бұрын әйелінің қайтыс болғанын, 2 жыл бұрын тұрғылықты
орнын ауыстырғанын есінде сақтамайды, бұрынғы мекен-жайын айтады,
зейнетке 5 жыл бұрын немесе 10 жыл бұрын шыққанын айта алмайды, бірақ
балалық шағын, көшесін, мектепке барғанын, алғашқы ұстазының есімін
айтып бере алады.
Есті жер қабаттарымен салыстыруға болады: өмір барысында біртіндеп
жинақталған білім, дағды өткен тәжірибемен қабатталады және онымен бай-
ланысты ұйымдастырылады. Дерт беткей қабаттарды шайып, көне қабаттарды
бетке шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: