Қабылдау бүзылысы
117
тамырлық психоздар) қорқы ныш , үрей,
мазасыздық, жақындаған қайғы-
қасіретті сезінуден басталады. Ауру өзіне төнген қауіпті сезінеді, істің мәні неде
екенін түсіну үшін қоршаған ортаға күдікпен қарайды. Өткінші адамдардың
сөз үзінділерін көше дыбысымен біріктіріп, өз көңіл-күйіне қатысты қабылдайды:
соғыс басталды, оған қарсы шабуыл ұйымдастырылып жатыр; көшеде ойнаған
балалар шуылын подвалда қиналып жатқан туыстарының дауысы деп ойлайды,
оларды қинамауын өтініп, жылайды. Бұл
аффективті иллюзия
деп аталады, бұл
кезде сандыраққа дайындық бар.
Сезім жеткіліксіздігіне байланысты қабылдауда елестету рөлі өсе түседі.
Қалыпты жағдайда пайда болған қабылдау қателіктері сау пікір көмегімен
түзетуге келеді. Сандырақпен ауырған науқастарда елестету де, ойлау да
патологиялық өзгерген болып саналады және де сандырақты елестету санада
үстемдік етеді. Осылайша, тітіркендіру күшінің
жеткіліктілігіне қарамастан
сезім мүшелеріне түсетін ақпарат сандырақ ойлармен бұрмаланады.
Ш изофрениямен ауыратын науқас айнаға қарап отырып, бетінің төмендегі
бөлігі алға қарай қозғалатындығын «қасқыр тұмсығына» ұқсайтынын көреді;
пресенильді психозда өзін тірі өлік санайтын адам, денесінен жанының қалай
шыққандығын, өлік дақтарын, өлім белгілерін «көреді». Осы тәріздес
Достарыңызбен бөлісу: