378
XXIX Тарау. Психиатриядағы ургентті жағдайлар
ЭТТ жүргізіледі. Плазмаферез тиімділігі де жоғары. Шоктың алдын алу үшін
кортикостероидтар тағайындалады.
Қатерлі гипертермия
кейде ҚНС нұскасы ретінде карастырылады. Бірак ол
айкын неврологиялык бұзылыстармен жүрмейді (бұлшыкет ригидтілігі және
тремор болмайды). Гипертермия ұстамалары жиі клозапинмен ем жүргізу фо-
нында пайда болады, бұл жағдайда ол арнайы ем жүргізбей-ак өтіп кетеді. Күрт
гипертермия
кезінде метаболикалык ацидоз, гиперкали-магниемия, шашы-
ранды кантамырішілік кан ұю каупі туындайды.
Сератониндік синдром
соңғы жылдарда серотониндік алмасуға катысатын
антидепрессанттардың (флуоксетин, пароксетин, циталопрам ж ән е т.б.)
тәжірибеге енгізілуіне байланысты пайда болды.
Бұл заттарды МАО ингиби-
торларымен (ниаламид, миклобемид, бефол), литий немесе трамадолмен бірге
колданғанда және дозасын күрт жоғарылатканда үлкен дәрет жиілеуі, ішекте
газ жиналуы, мазасыздык, бұлшықет дірілдері, профузды тер, тремор, козғалыс
координациясының бұзылысы пайда болады. Уактылы көмек көрсетілмеген
кезде жағдай ауырлай түседі, ретсіз козу пайда болады, сана бұзылысы орын
алады, өлімге алып келетін жүрек-кантамырлык бұзылыстары туындайды. Емі
барлык антидепрессанттар мен нейролептиктерді кабылдауды тоқгатудан,
транквилизаторлар (диазепам), р-блокаторлар және ципрогептадин (перитол)
енгізуден тұрады. Дене температурасы жоғарылағанда
мұзбен салқындату
жүргізіледі.
Холинолитикалыц делирий
атропин тәрізді әсер көрсететін заттардың үлкен
мөлшерін тағайындағанда дамуы мүмкін. Көптеген нейролептиктердің (хлор-
промазин, левомепромазин, клозапин), үш циклді антидепрессангтардың (ҮЦА)
(амитриптиллин, имипрамин, кломипрамин, мапротилин), паркинсонизмге
карсы заттардың (тригексифенидил — циклодол, бипериден — акинетон, ди
медрол) осындай әсерлері бар. Делирий пайда
болуына өткен шақгағы бас
жаракаттары, алкогольді шектен тыс колдану және наркотикалык тәуелділік
ықпал етеді. Делирий дамығандығын сана шатасуы, козу, үрей, көру және есту
галлюцинацияларының пайда болуы білдіреді. Барлык наукастарда карашык
кеңеюі бакыланады. Психоз салыстырмалы түрде жайлы болып табылады.
Барлык холинолитикалык заттарды кабылдауды токтатып, физостигмин және
бензодиазепиндік транквилизаторларды тағайындағанда,
толы к айығу
бакыланады. Аталған психоз емінде нейролептиктер колдануға
болмайды
!
Жедел аллергиялыц реакциялар
кез-келген дәрілік затты қабылдағанда
бақылануы мүмкін. Қабылдау бөлімінде науқаста бұрын бақыланған аллергиялык
реакциялар жөнінде түпкілікті сұрастыру кажет.
Барлык маңызды мәліметтер
көрнекі орында ауру тарихының сырткы кабатында жазылады.
Квинке
ісінуі
аса кауіпгі болып табылады, ол беттің және дененің жоғарғы жартысының күрт
кызаруымен, жылдам үдейтін ісінумен, тыныс алу мен жұтыну киындауымен,
дауыс жоғалтумен, жөтелмен көрініс береді. Сана жоғалуы, коллапс, тырысу-
лар — анафилактикалык шок дамуының белгісі. Жедел аллергиялык реакция-
ны токтату үшін антигистаминдік заттар (1 -2 мл 1% димедрол немесе хлоро-
пирамин — супрастин бұлшықетке), адреналин (0,5 мл 0,1% ерітіндісін тері
астына), эфедрин (1 мл 5% ерітіндісін), преднизалон (1 мл — 30 мг) немесе
Психофармакологиялық заттармен улану
379
гидрокортизон (5 мл — 125 мг дейін) енгізіледі.
Айқын ісіну орын алғанда
фуросемид — лазикс енгізіледі.
Агранулоцитоз
— бұл нейтрофильді лейкоциттер (гранулоциттердің) мөлшерінің
күрт төмендеуі. Ағзаның қорғаныс күштерінің жоғалуы бұл жағдайда іріңді
бөртпемен, стоматитпен, ауыр баспамен, пневмониямен, дене температурасының
жоғарылауымен, асқазан-ішектік бұзылыстармен көрінеді. Көпшілік жағдайда
агранулоцитоз токсико-аллергиялық реакциямен байланысты. Ол тек нақты
препаратты қабылдаған бірқатар пациенттерде дамиды.
Агранулоцитозды жиі
клозапин, тырысуға қарсы заттар (этосуксимид, карбамазепин, клоназепам),
фенотиазиндік нейролептиктер (хлопромазин, тиоридазин, дипразин) шақырады.
Препаратты шұғыл тоқтату қажет. Болжамы аталған бұзылысты уақытылы
анықтауға, яғни қан құрамын үнемі тексеріп отыруға байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: