Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


Эмоциялық көріністер және олардың бұзылысының белгілері



Pdf көрінісі
бет75/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

Эмоциялық көріністер және олардың бұзылысының белгілері
Эмоциялық көріністер төмендегідей бөлінеді:
1) эмоциялық жағдай;
2) эмоциялық реакция;
3) эмоциялық қарым-қатынас.
Бұзылыс осы аталған топтардың әрқайсысын қамтуы мүмкін.
Эмоциялыц жағдай.
Э м оциялы қ жағдай жөнінде айтқанда, ұзақ уақыт 
сақталатын белгілі бір жүйкелік-психикалық тонусты түсінеміз. Эмоциялық 
жағдайларға, ең алдымен, жалпы бейтарап сипаттағы, бірақ ағзадағы жайлылық 
немесе жайсыздық жағдайын бейнелейтін адамның көңіл-күйін жатқызамыз. 
Сонымен қатар, көңіл-күй қалыпты жағдайда адамның әрқилы күйзелістері 
мен әсершілдігіне байланысты тербелмелі болып келеді. Патологиялық жағдайда 
көңіл-күй кенет өзгеріп, көтерілуі немесе төмендеуі мүмкін; ол кенет өзгеріске 
ұшырауы мүмкін немесе ұзақ уақыт бірқалыпты болуы мүмкін және адекватсыз, 
ситуацияға, адамның психикалық немесе физикалық жағдайына сай болмауы 
мүмкін. Эмоциялы қ жағдайдың өзгеруі науқастың психикалық қызметіне 
мақсатты әсер етіп, мүгедектікке соқтыруы мүмкін.
Көтеріңкі көңіл-күй маниакальды жағдайдың басты симптомы болып та­
былады. Көңілді және қуанышты көңіл-күй күндерге, апталарға, айларға со- 
зылады. Науқас өзін бақытты сезінеді, күші және энергиясы тасып, ешқандай 
дерті ж әне ф изикалы қ бұзылысы ж оқ тәрізді болып, қорш аған ортадағы 
жайттардың барлығы қызықтырып, өмір сүруге құштар болады. Олар әр уақытта 
күлімдеп жүреді, көп қозғалып, көп сөйлеп, сөз тапқыш болып келеді (8.5-су- 
рет). Осы суреттелген көңіл-күй көтерілуі маниакальды-депрессивті психоздың 
маниакальды фазасында, кезеңді шизофенияда, орталық жүйке жүйесінің 
органикалық ауруларында кездеседі.
Көтеріңкі көңіл-күй түрлерінің бірі — 
эйфория
деп аталады. Эйфория кезінде 
көңіл-күй шектен тыс шабытты жағдайға (маниакальды науқастардағыдай) 
дейін көтерілмейді. Эйфория интеллектуалдық үрдістердің белсенділігімен және 
әрекет етуге талпыныспен көрініс бермейді.
Кеңпейілділік және бейғамдық науқастың қорғансыз, аянышты жағдайына 
сәйкес келмейді. Өкпе туберкулезінен өлім аузындағы ж әне ауыр миокард 
инфарктының жедел сатысында эйфория жалпы жағдайдың ауырлауымен 
қатарласып жүреді. Эйфория мастану жағдайына да тән (ішімдікпен, есірткімен). 
Бас миы ісігімен және бас-ми жарақатының жедел кезеңінде және бас миының 
басқа да органикалық ауруларында қозғалыстық қозумен, алаңғасарлықпен 
және оғаш жүріс-тұрыспен эйфория жағдайы бақыланады, бұл жағдайды — 
мория деп атайды.
Ш изофрения (гебефрения) ауруындағы есалаңдықты мания мен эйфория- 
дан айыру қажет. Ауру бет аузын қисайтып, тілін көрсетеді, секіреді, билейді,


Эмоция бұзылыстары
143
8.5-сурет. Маниакальді жағдайдағы науқас кейпі
домалайды, кенеттен қатты айқайлап күледі. Бұл «көщлдену» қоршаған 
адамдардың эмоциялық резонансын тудырмайды, себебі ол бос көңілділік: 
көңіл-күйдің көтерілуі және оған сәйкес келетін ассоциативті белсенділік бол- 
майды. 
Көңіл-күй төмендеуі
депрессивті жағдайларға тән. Бұл жағдай — 
науқастарда апат тәрізді субъективті күйзеліс. Бұл жағдайдың негізгі белгісі 
ауыр қайғы-мұңмен көрінеді, кейде бұл жағдай өз-өзіне қол жұмсауға дейін 
жеткізеді. Мұң сезімі кейде аса айқындалады: науқастар жан ауруына, жан не- 
месе жүректегі ауырлық сезіміне шағымданады.
Осындай 
жүректік мүң (anxietas praecordialis)
деп аталатын сезімнің пайда 
болуы, оған ұқсас стенокардия ұстамасымен дифференциалды диагностикасын 
жасауға негіз болады; оны ажырату әсіресе, егде тартқан адамдарда және қан 
тамырлық жеткіліксіздігі бар адамдарда депрессия жағдайы дамығанда қиындық 
тудырады. Ауыр депрессия кезінде, әсіресе, қартайған шақта кейбір сыртқы 
тітіркендіргіштердің (инфекциялар, ауруды қарау және т.б.) әсерінен мұң күрт 
күшеюі мүмкін: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет