Эмоция бүзылыстары
141
бөліктерімен ағзаның сыртқы ж әне ішкі ортасымен, барлық сезімтал және
атқарушы жүйелер мен мүшелер арасындағы әр түрлі байланыстардан тұратын
ерекше диспетчерлік пункт болып саналады. Гипотоламус қозғыштығына және
ондағы симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйесінің орталықтарына
байланысты эмоция пайда болу фактісі және олардың сапалық ерекшеліктері
түсіндіріледі. Өзін-өзі реттеу ортақ үрдісі шеңберінде әрекетке түрткі түзіледі
(субьектитивті күйзеліс түріндегі эмоциялық қозғалыс) және алдағы әрекеттің
энергетикалы қ қамтамасыздалуы дайындалады (соматовегетативті
ж әне
алмасулық өзгерістер формасында).
Сондықтан, барлық эмоционалды реакциялар пульс өзгеруімен, артериялық
қысым өзгеруімен, тыныс жиілігінің, мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуінің,
биохимиялық көрсеткіштердің ж әне т.б. өзгеруімен жүреді. Қорқыныш не
месе ашу жағдайында жүрек қызметі күшейеді, пульс жиілейді, артериялық қан
қысымы көтеріледі, газ алмасу артады, қандағы глюкоза мөлшері өседі, жұмыс
жасап жатқан мүшелерге, әсіресе қаңқа бұлшықеттеріне қоректік заттар мен
оттегінің түсуі жоғарылайды; бұл кезде қанның ұйығыштығы жоғарылайды,
осының әсерінен күрес кезінде (жануарларда) қан ағуы тоқтайды.
Филогенез кезінде эмоция — әрекетке дайындық — әрекет реакциялары
неғұрлым жақсы жетілген болса, жануарлар қауіпті жағдайларды аластатуға
соғұрлым бейім болып келеді.
Эмоцияның жүйкелік субстраты қыртысасты
құрылымдар екеніне кли-
никалық фактілер дәлел бола алады. Өте айқын эмоционалдық өзгерістер
патологиялық үрдістің қыртыс астында емес, таламус пен гипоталамуста ор-
наласатыны айдан анық. К линикалы қ деректер жүйке жүйесінің әр түрлі
бөліктерінің экстрипациясы және тітіркендіру арқылы жасалған зерттеулермен
дәлелденген. М и қызметі неғұрлым жоғары ж әне күрделі болған сайын
эмоциялық реакциялардың құрылуы мен бағытында соғұрлым маңызды рөлді
бас миының қыртысының қызметі атқарады.
Адамға жалпы жануарларға тән эмоциялармен қоса,
жоғарғы дәрежедегі
эмоциялық күйзелістер тән, олар зияткерлік және шығармашылық қызметке —
сезімдерге байланысты пайда болады.
Интеллектуалды, өнегелік және
эстетикалық
сезімдерді бөледі. Басым жағдайда адам эмоциялары саналы
қабылданады; эмоция және оның белгілері саналы түрде тежеледі немесе жа-
сырын болады; кез—келген эмоциялық күйзеліс сөз арқылы тулырылуы мүмкін.
Эмоцияның объективті белгілеріне
тән қалыпты көріністері — мимика, поза
және оқшау қимылдар (пантомимика) жатады. Осы құбылыстарды бірінші
болып Чарльз Дарвин түпкілікті зерттеген, ол эмоцияның сыртқы көріністері,
эмоцияның өзі сияқты шығу тегі жануарлық екенін дәлелдеді. Жануарлар
әлемінде өмір үшін күрес бейімделуге көмектеседі. Қорқыныш шақыратын
поза — жануар ырылы жауды шошытады; ал көнбістік позасы
мен мимикасы
оны тыныштандырады, агрессияны төмендетеді; көздерін кең ашып, қастарын
көтерумен таң қалу мимикасы бағдарлық реакцияны жеңілдетеді. Адамдарда
бұл реакциялар адамзаттың әлеуметтік мәніне қарай, тәрбиеге байланысты
өзгеріске ұш ыраған ж ән е санам ен бақыланады, бірақ эм оцияларды ң
физиологиялық механизмі өзгермейді. Егер адам күшпен столды ұрса, онда ол
142
VIII Тарау. Психикалық бүзылыстар
симптомдары
еріксіз тістенеді және тісін қайрайды. Жылау, күлу және басқа мимикалық
әрекеттер туғаннан пайда болады, олар әр адамда бірдей және кішкене балалар
да мұны жеңіл түрде түсінеді. Мимика және пантомимика адамдардың қатынас
құралы болып табылады (эмоционалдық деңгейдегі қатынас).
Достарыңызбен бөлісу: