Қозғалыстық және еріктік бұзылыстар
153
8.7-сурет. Айкын маниакальді козу
8.8-сурет. Үрейлі депрессия кейпі
көмек көрсетуге тырысканда, шабуыл жасайды, карсыласады. Осындай
жағдайлар айналасындағылар үшін және өзі үшін де кауіпті. Нағыз кауіптісі
сана өзгерісімен козу жағдайы болып табылады. Жедел сандырак және галлю
цинация әсерінен делириозды, онейроидты, сананың күңгірттенген карауытуы
жағдайындағы, бағдарлау бұзылысымен және ситуацияны түсіну бузылысымен
наукастар терезеден секіріп,
басы ауған жакка кашады, шыныны сындырып,
киімін, кұжаттарын жыртып, бағалы заттарды лакты рып жібереді. Сана
күңгірттенуінің (аменция, мусситирлеуші делирий) ауыр жағдайында козу
ретсіз, хаосты, төсек деңгейімен шектеледі, сөзі былдырлаған немесе байла-
ныссыз болады.
Жедел ж әне ауыр психогениямен байланысты
туындайтын аффективті-
шокты ступорлык реакциялар туралы тежелу жағдайларын сипаттаған кезде
айтылды. А ф ф ективті-ш окты р еакц и ялар кө р ін ісін ің 2-ш і түрі —
гиперкинетикалык. Мұндай
психогенді қозу
аффективті тарылған сана фонын-
да дамиды, наукас өз әрекетін баскара алмайтын жағдайда болады. Қоркыныш
билеген адам бағытын таңдамай, әлсірегенін және жаракат, күйік кезінде ауру
сезімін сезбей жүгіре береді. Бұл жағдайда адам кауіпке керісінше жакын бо
лады: мысалы, өрт кезінде жағдайды байыппен түсініп, ғимараттан есік арқылы
шығудың орнына адам үлкен ғимараттың терезесінен секіріп кетеді.
Истериялық қозу
әркаш ан психогенді себептен пайда болады ж әне
истерияның барлык көріністері сиякты театрландырылған, демонстративті
болады. Бұл — туракгы немесе кезеңді кайталанатын
гиперкинездер немесе
ұстамалар. Бұл кезде ауру айғайлап жылап, ұрынып, еденде сырғанап, әр түрлі
козғалыс жасап, театрлардағы калыпты колданады. Истериялык ұстамада егер
154
VIII Тарау. Психикалық бұзылыстар симптомдары
наукас бұрын осындай ұстаманы өз көзімен көрген жағдайда эпилепсиялык
ұстаманы имитирлейді. Психогенияға катыссыз дамитын эпилепсия ұстамасынан
айырмашылығы: истериялык ұстама әркашан өзге адамдардың көз алдында
эмоциогенді дамиды және ұйкы кезінде болмайды; наукас кұлаған кезде закым
алудан корғанады, тілін тістеп алу немесе кіші дәретін жіберіп кою байкалмайды,
тыныш, сабырлы жағдай жасау аркылы ұстаманы тоқгатуға болады. ¥стаманың
ұзактығы бірнеше сағатка созылады.
Эпилепсиялық қозу
дисф ориям ен бірге жүреді
ж әне әдетте, наукаста
канағаттанбаушылык сезімін тудыратын сырткы себепке байланысты болады.
Қозу агрессивтілікпен және күйрететін әрекеттермен жүреді, монотонды және
ұзак болуы мүмкін: наукас бір сөздерді айғайлап, кайталайды, біркелкі козғалыс
және әрекет жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: