Оқулық o p s 3 философия негіздері


(әділеттік туралы), “Мемлекет” (идеялар теориясы), “Теэтет” (білім



Pdf көрінісі
бет34/521
Дата21.09.2023
өлшемі13,05 Mb.
#181915
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   521
(әділеттік туралы), “Мемлекет” (идеялар теориясы), “Теэтет” (білім
туралы), “Тимей” (космогония), “Заңдар” т.б.
40


Платон пікірінше, шын болмыс - ақылмен ғана білуге болатын
денесіз идеялар элемі. Платонның болмысы парменидтікіндей біртұтас
болмыс емес керісінше, өздеріне тэн идеялары бар рухани көпшілік. Әр
идея өз алдына мэңгі және өзгермейді, ол өзіне өзі тэн. Идеялардың саны
көп, бірак шексіз емес. Әлемде канша бір тектес, бір-біріне ұксас заттар,
кұбылыстар, процестер, катынастар т.б. көп болса, соншама идеялар бар.
Идеялар бір-бірімен тек кана карым-катынасты емес, сонымен бірге бір-
біріне бағынышты, немесе бірнеше түрлі идеялар бір ортак идеяға
бағыныпггы қатынастарда болады. Платон рухани әлемнің жеке-жеке
идеялары туралы айтканда, көбінесе “эйдос” деген ұғымды колданады.
Ежелгі грек тілінде идея да, эйдос та бір-біріне ұксас мағына береді: түр,
пішін, кейіп, тәсіл т.б. эйдостар сезімдік заттар үшін бір мезгілде эртүрлі
міндет аткарады: 1. Себептілік. 2. Заттардың жаратылу кескіні үшін
үлгі. 3. Заттардың түпнегізін бейнелейтін ұғым.
Материалдык денелер өзгермелі, кұбылмалы, 
ал эйдостар
(идеялар) мэңгі, өзгермейді, сондыктан Платон оларға косымша тағы бір
ұғым - “хораны” (материя) кіргізді. Хора-материя көрінбейтін, түрсіз,
еленбейтін, өзіне өзі тең кұбылыс. Бірақ ол кез келген түрді қабылдап,
пішінделген (түрленген) материя болуға кабілетті. Оны денелі, немесе
денесіз деп айтуға болмайды. Платонның материясын танып-білуге
болмайды, ол бейболмыстың бір түрі. Осыған қарамастан, материя көп
түрліліктің, жалкылықтың, заттанудың, өзгерістердің, туу мен өлімнің,
табиғи кажеттіліктің, жамандыктың және еріксіздіктің кайнар көзі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет