бірін теріске шығарады. Христиандык шіркеу ірі ғылыми ашылымдарға талай рет карсы шықты. Алайда христиандыктың рухани бастауды - жаратушы-кұдайдың өзінің жараткан тірі табиғатына карсы коятынын ұмытпаған жөн. Мұньгң өзі табиғатқа эксперимент жасауға тыйым салуды алып тастайды, өйткені, ол кұдірет емес, кұдіретті жаратушының нәтижесі ғана. Осылайша, терістеудің диалектикалык заңы бойынша христиан діні өзінің бітіспес жауы - эксперименталды жаратылыстанудың пайда болуына ықпал етті. Қазіргі жаратылыстанудың эксперименталдық әдістерінің ерекшелігі неде? Эксперимент өзінің казіргі мағынасында пәндік практикалык әрекеттің ерекше түрін білдіреді. Бұл әрекеттің барысында зерттеуші (таным субъекті) зерттеліп отырған жүйенің (таным объекті) өзін қызыктырған сипаттамасын жасанды түрде оқшаулайды жэне оның өзге сипаттамаларға бағыныштылығын зертейді. Әдетте, бұл үшін арнайы кұралдар мен приборлар колданылады. XVIII-XIX ғасырларда салыстырмалы түрде арзан бүл жабдыктарды ғалымдардың өздері немесе олардың көмекшілері мен қолөнершілері жасай алатын. Бүгінгі күнгі эксперименталды приборлар мен бақылау күрал-жабдыктары - электронды микроскоптар, радиотелескоптар, элементарлык бөлшектерді жеделдеткіштер, атомдық реакторлар, түңғиык суға арналған батискафтар, автоматты жасанды спутниктер - бірқатар ірі өнеркэсіп орындарында жасалады жэне өте кымбат түрады. Оларда кызмет ету мен эксперимент жасау үшін жүздеген, тіпті мыңдаған адамның бірлескен күш-жігері кажет. Бұл мәселенің бір жағы ғана, ең алдымен экономика жэне ғылым социологиясы түрғысынан маңызды