Оқулық өңделіп, толықтырылып екінші басылуы



бет57/79
Дата30.11.2023
өлшемі11,7 Mb.
#194157
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   79
Байланысты:
Citap Geomorfologia 1.rtf 2

75-сурст. Гляциалды тау бедерінің дамуы және эквипленнің калылтасуы (В.Г.Бондарчук бойынша).

Плейстоцен кезінде әр қарқынды мұз басуымен байланысты және жаңатектоникалық қозғалыстар нәтижесінде қар шекарасының биіктік деңгейі бірнеше мәрте өзгерген. Сондықтан таудың әр деңгейінде қар баспалдақтары (лестиница қаров) деген бірнеше қатарды құрған цирк сериялары тұзілген (76-сурет). Қазіргі кезде әр биіктегі цирктер әр түрлі даму барысында: ең биіктері (жастары) мұздықтармен тұтасып, ең төмеңдегілері (ежелгілері) морфологиялық нобайларын жоғалтып, шағын көлдер мен шабындықтарға қойындасып жатыр.


Кар пішіндерінің сатылы түрде орналасуы палегеоморфологиялық және жаңатектоникалық қозғалыстарды зерггеуде үлкен роль атқарды, өйткені ол плейстоценнің әр кезеңіндегі көне қар шекарасының деңгейін және биік тау бедерінің қалыптасу тарихын зерттеп білу мүмкіншілігін қамтамасыз етеді.


76-сурет. Кар бедер пішіндерінің баспалдактары (С.В.Лютцау бойынша)- 1 -мұз, 2 - су; 3 - көл шөгінділері; 4 - беткейлер шөгінділері; 5 - түпкі таужыныстар- 6 - ірі кесекті таужыныстардың ауыссу бағыты; 7 - әр мұз басу кезеңдеріндегі қар сызығының орны; а, б, в - бұрынғы мұз басу кезеңдерінде қалыптасқан және сырты морфологиялы белгісін жоғалтан ежелгі карлар; г - азіргі мұздытар әрекетінен қалыптасқан карлар.

Мұздықтардың келесі даму сатысы аңғарлы мұздықтардың қалыптасуы. Мұздықтың көлемі үлғая келе жаңағы кар деген бедер пішіннің шегіне сыймай беткейдің еңісімен төмен қарай жылжи бастайды. Жылжу жолында мұзды әдетте эрозиялық пішіндерді (көбінесе шаталды, сайларды, немесе өзен аңғарларын) пайдаланып, оны барған сайын өз салмағымен қопарып кеңейте береді. Мұздықтардың бұзушылық әрекеті әсіресе олар қозғалған кезде орасан зор. Мысалы, қалындығы 100 метрдей мұз қабаты жылжығанда, оның табанына түсетін қысым мөлшері әрбір текше метрге 92 тоннадай болады екен. Мұздықтардың бұзушылык әрекеті "экзарация" (латынша "exaratio" - жырту) деп аталады. Экзарация әрекетінің нәтижесінде шатқал немесе аңғар бойымен төмен жылжыған мұзды олардың көлденең қимасын кеңейтіп астау тәріздес аңғарға айналдырады. Жоғарыда айтып кеткендей мұндай мұздық аңғарды трог (нем. trog - астау) деп атайды (77-сурет).




77-сурет. Теріскей Алатау. Баянкөл өзеннің бастауы. Трог.
(Суретті түсірген Б.Ж .Әубәкіров).

Олар расында да астау пішінді екі жақтары тік, тү6і тегіс, план бойынша көбіне түзу бағытта, ұзындығы шамалы келген бедердің ерекше бұрыс пішіні. Аңғарлы мұздықтарда қоректену көзі және абляция бөлігін айқын ажыратуға болады (78-сурет).


78-cypeт. Таулы мұзды және мұзды аңғарларының оректену мен еру айматары ұрылысының сипаты: A - ұзынбойлық имасы; Б - пландағы көрінісі (С.В.Лютцау бойынша, 1978).


1 - мұзды астындағы түпкі таужыныстар; 2 - морена; 3 - азіргі (а) және ежелгі (б) замандағы флювиогляциалды шөгінділер; 4 - мұзды үстіндегі жарышатар; 5 - еріген мұзды суының ағындары; 6 - мұзды маңындағы көлдер; 7 - морена астында көміліп алған мұзды тілінің жиектері; 8 - мұздытың жылжу бағыты; I, II, III - мұздытың әр кезде кейін қарай шегінгеннен алған шеткі мореналар; 6 - бүйіргі мореналар; л - ұлама мұздытар; к - бергшруида; ф - фирнды алабы; қ.с. - қар сызығы.

Жоғарыда айтылғандай, аңғарлық мұздықтардың қоректену көздері - карлар мен цирктер. Қоректену бөлігіндегі мұздытардың беті ойпаңдау болады. Оның себебі, шеткі тік тау беткейлерінен құлайтын қар көшкіндердің есебінен. Жаздыкүні қар мен мұздықтардың еруінен пайда болған мұздықтың үстіндегі гидрографиялы торы радиалды, ортаға тартқыш түрлерге жатады.


Кар пішіндес мұздық беткейі бойымен жылжыған кезде, оның соңғы бөлігінде мұздықтың жоғарғы шегіне параллельді келген бергшрунда деген жарықшақ пайда болады. Бұл жарықшаққа жоғарыдан домалап түсетін таужыныстар сынықтарының көп бөлігі жиналады. Осы сынықты материалдардың есебінен түпкі және ішкі мореналар ұрыла бастайды. Абляция бөлігінде мұздықтың орталық бел сызығына қарағанда оның шегінде еру процесі тез жүреді, сондықтан мұздықтың үсті дөңестеу келеді. Бұдан басқа мұздықтардың беті әр түрлі микро-және мезопішіндермен күрделінеді. Мұнда көлденең, диагональды және радиалды жарықшақтар жиі дамыған. Мысалы диагональды жарықшақтар мұздытың орта және шеткі бөліктерінің әр жылдамдығымен жылжығаннан түзелген.
Трог аңғарларының бойлық кескіні бір келкі емес, ойлы-қырлы, кедір-бұдыр болады. Трог түбінде көлденең түрған түпкі кертпеш шығыңқыларды ригель (нем. rigel - бөгет) деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет