27. Мұздық (гляциалды) процестер және бедердің мұздық пішіндері
Мұздық бедер түзілу процестер мұз әрекетіне тікелей байланысты. Мұндай процестердің дамуы үшін жер бетінің белгілі бір аймағында мұздықтың ұзақ уақыт сақталып тұруы қажет.
Егер жер бетінің қандай да бір бөлігі хионосфера шегінде болса, онда мұз алыптасу жағдайы тууы ықтимал. Хионосфора (грек сћіоп - қар және sparia - шар) деп өз құрамында атмосфералық ылғалдың басым көпшілігі қатты заттар күйінде тұратын тропосфераның қабатшасын айтады. Мұнда қар жауу басым болып, үнемі қар мен мұз саталуы мүмкін. Хионосфераның төменгі шегі - қар сызығы (О.Леонтьев, Г.Рычагов, 1988).
Қар шекарасының биіктік деңгейі климат жағдайына тікелей байланысты. Мәселен, Анды тауларында, Магеллан бұғазының аймағында ол 900 м. биіктікте орналасса, оңтүстік тропикалық ендігінде 6700 м биіктікке жетеді. Демек, қар шеқарасының ең биік жері - тропикалық белдеу. Ал, экваторлы белдеуде жауын-шашынның молдығынан оның деңгейі біраз төмендеу болады. Мысалы, Килиманджаро тауларында қар шекарасының биіктігі -5500 м. Экватордан солтүстік бағытқа қар шекарасының биіктігі төмен түсе береді. Шпицбергенде оның биіктігі 600-м-де байқалса, Франц-Иосиф жерінің солтүстік аралдарында 50 м., ал полюске жақындаған кезде қар шекарасы теңіз деңгейіне дейін төмендейді.
Табиғи мұз екі түрге - су мұзы және қар мұзы болып ажыратылады. Су мұзы - ұрлытағы судың немесе мұхит суының мұз боп қатқан кезде пайда болса, қар мұзы - қардың метаморфтанғаннан пайда болады. Қар сан мәрте қату мен ерудің сондай-ақ кысымның нәтижесінде баданадай ірі түйіршікті құрылым алып, фирнге (түйіршікті тығыз қарға) айналады. Ол одан арғы өзгеру процестерінен өткен соң глетчер мұзына, яғни құрлытағы мұздықтар мұзына айналады. Сөйтіп, шамасы 10-13 м3 қардан 1 м3 мұз жаралады.
Мұздықтардың пайда болу жағдайы мен қоректенуі.
Мұздықтардың түрлері
Жер бетінде ұзақ уақыттар бойына сақталатын кристалды мұз шоғырын (қорын) мұздық деп атайды. Олар таулы өлкелерде тек қарлы шеқарадан жоғары аймақтарда түзіледі. Мысалы, Іле Алатауында қар жиегі 3700-4000 м. биіктікте орналасқан. Алайда динамикалық процеске орай мұздықтар бұл шекарадан төмен түсе алады. Көлемі үлкен мұздықтар өз салмағынан және созылмалы (пластичность) қасиеттерінің әсерінен таудан төмен қарай жылжиды. Мұздықтардың жылжу жылдамдығы тәулікте бірнеше сантиметрден ондаған метрге дейін жетеді.
Мұздықтардың қоректенуі оның бетіне қар түрінде түсетін атмосфералық жауын-шашын есебінен, жел арқылы айдап алып келген және тау баурайларынан құлаған қардан, сонымен қатар мұздың үстінде ауадағы булардың суға айналуынан жүзеге асады.
Судың қатты фазасының, яғни қардың, фирнның, мұздың балансы жағдайларына қарай мұздықтың өзі аккумуляция және абляция зонасына бөлінеді. Мұздық массасының еру және булану арқылы кемуі абляция деп аталады. Абляция мұздықтың шеткі бөлігі алыңдығының жұқаруына әкеліп соғады. Абляцияның қарқындылығы ауа температурасына тікелей байланысты. Температураның ауытқуымен қатар абляция да ауытқып тұрады. Сондықтан мұздықтың алдыңғы жиегі тұрақты орнында қалмай өзгеріп тұрады. Оның сәл ғана алға қозғалуы мен артқа шегінуі осциляция деп аталады. Мұздықтардың негізгі түрлері туралы айтсақ, ең алдымен ажырата белгілейтініміз, жамылғы мұздықтар немесе материктік мұздықтар және таулық мұздықтар. Таулық мұздықтар көбінесе биік тау беткейлерінде және аңғарлардың бастауында тараған. Мұздықтардың осы екі негізгі түрлерімен қатар тау етегі мұздықтары мен шельфтік мұздықтарды атап айтуға болады.
Жамылғы мұздықтар миллиондаған шаршы километр аумақтарды алып жатады және үсті жайпақ дөңестеу келеді. Мұндағы мұздар мұздықтың ортасынан шетке қарай жылжиды. Қазіргі кезде Жер шарында бар-жоғы екі материктік жамылғы мұздықтар бар. Олар Греландия мен Антарктиданың мұз жамылғылары. Мұндай мұздықтардың өздеріне тән ерекшеліктерінің бірі - олардың кең байтақ көлемі мен (Антарктидадағы мұздану көлемі 13.2 млн. шаршы километрге жуық алқапты алып жатыр) және орасан зор қалындығы (4 километрге дейін). Мұздық жамылғысының ең жоғарғы қалындығы оның орталық бөлігінде. Ал жиектерінде мұздықаың алыңдығы кемиді, сөйтіп бұл аймақтардың астынан тасты құндағының кейбір шығыңы тұстары көрінеді. Мұндай жерлерді Антарктидада "оазис" (жазира) деп атайды. Мұның мысалы Советтік антарктидалық "Мирный" станциясы төңірегінде Бангер оазисі. Егер мұндай тасты сілемдер мұздықтың бетінде оқшауланып көрініс берсе, оларды нунатаки дейді.
Гренландия мен Антарктиданың жамылғы мұздықтары өздері көмкеріп жатқан бедердің жағалаулық еңісті жазытықтары арқылы теңізге қарай жылжиды. Мұздардың бұл ағысы ысырылған мұздықтар (выводные ледники) деп аталады. Суға жеткен мұз жүзіп шығады да сынады, соның нәтижесінде теңізде еркін жүзіп жүретін орасан зор мұздар (қалқыма мұздар) мұзтаулар (айсбергтер) пайда болады. Теңіз ағысымен жүзген мұзтаулар төменгі ендіктерге жетіп, бірте-бірте ери бастайды. Еру барысында мұзтаудың ішіндегі түйіртпекті материал айсбергтен босап, теңіз түбіне шөгеді.
Антарктида шеткі аймақтарындағы мұздардың едәуір аумағы шельфтерде жатады немесе біразы жүзіп жүреді. Бұларды шельфтік мұздықтары дейді.
Егер қар шеқарасы, мұздануға ұшыраған тау етегі деңгейімен шамалас жатса, мұздық тау етегінен жазыққа шығып, жан-жаққа жайылып кетеді. Осы даму сатысындағы мұздықтар, тау етектік мұзды (ледники подножий) деп аталады. Мұндай мұздықтың бірі - Аляскадағы Маластин мұздығы. Бұл бірнеше аңғарлы мұздықтардың тау етегінде бір-бірімен қосылуы нәтижесінде пайда болған.
Жер бетінде мұздықтар көмкерген алқаптың жалпы ауқымы 16 миллион шаршы километр, немесе олар ұрлық бетінің 11 %-ін алып жатыр. Оның 13,2 млн, шаршы километрі Антарктиданың үлесінде (барлық мұздық көлемінщ 85,3%-і). Мұздық көлемі ең аз материк - Африка. Мұнда бар жоғы 23 шаршы километрді ғана алып жатқан мұздық бар. Гренландия мұздығы 1,7 млн. км2 алапты алып жатыр. ТМД елдерін арктикалық және таулы аймақтарында 28000 мұздықтар бар, олардың ауқымы - 75 мың км2. Бүкіл жер бетіндегі мұзды пен мәңгі қардың жалпы көлемі 27-30 млн км3. Егер осы мұздықтар түгелімен ерісе, әлем мұхитының деңгейі шамамен 60 м-ге дейін көтерілу мүмкін екендігі есептелген.
ұрлықтың едәуір бөлігін көмкере отырып, мұздықтар экзогендік морфогенезде елеулі және маңызды ролін атқарады. Ежелгі мұзбасу заманында жазғы және ортажылдық температураның төмендегенінен климаттың салқындауынан қатты күйде түскен атмосфералық жауын шашынның мөлшері ұлғаяды. Мұндай кезде тау өлкелерінде мұз қату жағдайы ұлғая келіп, қар шекарасының төмендеуіне әкеп сокқан. Нәтижесінеде Солтүстік Америка мен Евразия жазықтарында қалың жамылғы мұздықтар пайда болған және олардың бедер түзуші ролі арта түскен.
Мұз балансының кіріс және шығыс бөліктерінің ара қатынасына байланысты оның дамуы бірнеше тарамдарға (фазаларға) бөлінеді: мұздықтың ұлғайып қарқындауы, мұздықтың тұрғылық қалыпты жағдайы және еріп кейін шегінуі. Осы мұздықтың әр фазасына байланысты бедердің мұздықтық пішіндерінің белгілі кешені қалыптасады. Мысалы, мұздықтың қарынды шағында, мұз негізінен қиратқыш жұмысын жүргізеді, ал тұрғылықты қалпында, немесе кеміп не кейін шегінген кезде көбінесе аккумуляциялық мұзды пішіндерін түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: |