28. Шөлді аймақтардың бедер пішіндері
Аридты (лат. aridus - қүрға) аймақтардағы бедер пішіндері негізінен желдің әрекетінен пайда болады. Желдің әрекетіне байланысты геоморфологиялық процестер мен бедер пішіндерін «эолды» деп атайды (грек. Ailos - желдің тәңірі, қүдіреті). Эолды процестердің морфологиялық жағынан көрініс беру үшін мынадай физикалық-географиялық және геологиялық жағдайлардың белгілі түрде үйлесуі: жауын-шашынның өте аз болуы, қатты желдердің жиі болуы, өсімдіктер жамылғысының мүлдем жоқ болуы немесе өте сирек кездесуі, таужыныстарынын. мейлінше физикалық үгілуі және үгілу заттарының өте ұсақ шаң-тозаң түрінде болуы қажет (О.Леонтьев, Г.Рычагов, 1988).
Мұндай жағдайлар қуаңшылық елдерде яғни жауын-шашынның жылдық мөлшері 700 мм-ден аспайтын тропикалық шөлдерде, сонымен қатар қоңыр салқын ендіктердің қуаңшылық климаттағы шөл және шөлейттерде жиі кездеседі. Демек, эолдық процестер - алдымен физикалық-географиялық белдемдермен нақтылы айтқанда ылғал мен жылылықтың белгілі бір өзара қарым-қатынас арасындағы құбылыстармен байланысты. Эолдық әрекетке қолайлы жағдай арктикалы және антарктикалық климаттық белдеулерде де болады. Кезінде эолдық процестер материктік мұз жамылғысының шетіне таяу жалғасқан перигляциялдық аймақтардағы "зандр" жазықтарында болған.
Белгілі жағдайда эолдық процестер басқа табиғат белдеулерде де кездеседі. Мысалы, климаттың жағдайына қарамастан борпылда ұмның үгілуі теңіз және көл жағасында байқалады. Эолдық бедер пішіндері аллювийлік материалдың жиналу нәтижесінде өзендер аңғарларында да қалыптасады.
Сөйтіп, жел әрекеттерінің қарқынды түрде жүзеге асу аймақтары: кең көлемді шөл және шөлейт белдемдері, теңіз бен көлдің аккумуляциялық жағалары және өзен аңғарларының құм материалы шоғырланатын бөліктері. Жалпы эолдық процестер мынадай түрлерге бөлінеді: 1) дефляция - борпылдақ топырақтарды үрлеп үшыруы; 2) желдің әрекетінен ұшатын қатты (берік) құм бөлшектер мен түйірлер арқылы таужынысына механикалық әсер етуі: ажап бұзу, өндеу, тегістеу, тесу (корразия); 3) эолдық материалды тасымалдау және шоғырлап шөгуі.
Желдің жылдамдығы мен жел арқылы ұшқан топырақ бөлшектерінің арасында тікелей байланыс бар. Желдің озғаушы күші оның жылдамдығына тура пропорционалды, ал тасымалдау бөлшектердің мөлшеріне кері пропорционалды болады.
Эксперименталды бақылау нәтижесінде желдің бастапқы жылдамдығына сәйкес құм бөлшектерінің мынадай мөлшерлері сай келеді.
Желдің жылдамдығы, м/с Тасымалды құм бөлшектердің максималды мөлшері, мм
4,5 - 6,7 0,25
6,7 - 8,4 0,5
9,8- 11,4 1,0
11,4- 13,0 1,5
Достарыңызбен бөлісу: |