Оқулық өңделіп, толықтырылып екінші басылуы


Тоңдық деформациялар және бедердің тондық пішіндері



бет61/79
Дата30.11.2023
өлшемі11,7 Mb.
#194157
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   79
Байланысты:
Citap Geomorfologia 1.rtf 2

Тоңдық деформациялар және бедердің тондық пішіндері
Тоңның грунттарында ең көп тараған деформациялардың түрі топырақтың ұлғаюы, немесе бұдырлануы, бөртуі (пучение). Мұндай судың сұйық түрінен қатты түріне айналуына, топырақтың суға қанығып, көлемінің үлғаюына байланысты пайда болады. Осындай жолмен пайда болған ықшамды келген жеке-дара пішіндерді бұдырлану төбекшіктері (бугры пучения) деп атайды. Олардың биіктігі 2 м-ден аспайды, төбелерінде аяз әрекетінің әсерінен радиалдық жарықшатар (морозобойные трещины) түзіледі. Егер осы төбешіктер шымтезекті тундраның шегінде болса, онда шымтезектің (торфтың) өсуіне қолайлы жағдай туады. Шымтезекті төбешіктердің биіктігі 3-7 м шамасында.
Көп жылдық тоң аймағының жерасты сулары тоң үстіндегі, тоң арасындағы және тоң астындағы суларға бөлінеді. Егер тоң арасындағы немесе тоң астындағы сулары бір жерге жиналса, онда мұз өзегі бар жер бетінде ірі төбешіктер қалыптасады, мұңдай төбешіктерді гидролаколиттер деп атайды. Бұлардың биіктігі 70-80 м-ге дейін жетеді, диаметрі 200 м шамасында, жергілікті халық мұны "булгунях" дейді. Гидролаколиттерді зерттеудің зор практикалық мәні бар, өйткені олар алдымен су көзі болып саналады және мәңгі тоңда сулы қабаттың немесе сулы жарықтардың бар екендігін көрсетеді. Әдетте төбешіктер бетіндегі жарышақтардан жаз айларында су шығып тұрады.
Егер жерасты тоңаралы немесе тоңасты сулар тікелей жер бетіне шықса, онда олар қызылсу (наледи) дейтін ерекше мұзды пішіндерді құрайды. Осындай пішіндер өзен сулары аңғарының түбіне дейін қатан мұздың бетінде де пайда болады. Мұндай түрлерін тарындар деп атайды. Қызылсудың ірі пішіндері жаз кезінде де сақталады. Олардың геоморфологиялық маңызы осы пішіндер тараған аймақтарда аяздық үгілу мен солифлюкция процесі қарқынды түрде жүреді.
Мәңгі тоң тараған аймақтарда құрылымдық топыратар (структурные грунты) деп аталатын ерекше микро және мезобедер пішіндері кең тараған. Мұндай пішіндер әртүрлі суға қанықан топырақ массасының іріктелу (сортировка) нәтижесінде және олардың қатуы немесе еруі бірнеше мәрте болғаннан кейін алыптасады. Олардың ішінде: тасты көпбұрыштар (каменные многоугольники), тасты сақиналар (каменные кольца), тас жолатар (каменные полосы) кездеседі (79-сурет).


79-сурет. Полярлық айматарда кездесетін: а - тас жолатар; б - таспа саиналар; в - тасты көпбұрыштар (Д.Г.Панов бойынша)

Осылардың ішінде ең кең тарағаны тасты көпбұрыштар, бұлар кіші-гірім жал тәрізді тас үйінділермен оршалып, тұтқыр майда топырақтан құрылған сәл дөңестеу келген дақтар. Егер көрші датардың тасты үйінділері бір-біріне жанаспаса, онда тасты сақиналарды (каменные кольца) түзеді. Осы тасты сақиналардың және көпбұрыштардың көлденең ені полярлық тундрада 1 м-ден 2 м-ге дейін болса, таулардың гольц белдеулерінде 0,25 м-ден 0,5 м-дің шамасында. Ал білік тәріздес тасты үйінділердің ені 30-50 см болады. Тасты сақиналар мен көпбұрыштардың қалыптасқан кезіндегі топыратардың іріктелуі ірі бөлшектердің мұздап қатуынан және олардың датардың ортасынан шетіне ығысуынан пайда болады. Жайпақ беткейлерде солифлюкциялы құбылыс әсерінен тасты көпбұрыштар иректеліп жоғарыдан төмен қарай созылады, ал одан енкіш беткейлерде олар тасты таспаларға айналып беткей бойында ұсақ топырақты таспалармен кезектесіп ауысып тұрады. Мұндай таспалардың ені 5 см-ден 5 м-re дейінгі аралықта.


Біркелкі сазды топырақтардың біресе еріп, біресе қатуы салдарынан тундрада медальон датары деген ерекше бедер пішіндері пайда болады. Бұлар ешқандай өсімдік өспейтін "жалаңаш" дөңгелектеу келген диаметрі 0,5 м-ден бірнеше метрге жететін сазды медальон тәрізді дақтар. Олар жалпы шымдалған тундра жазығының деңгейінен сәл жоғары (5-20 см-re дейін) шығып тұрады. Осындай бедер пішіндерін теңбіл, немесе медальонды тундра (пятнистая тундра) деп атайды. Мұндай датардың пайда болуы екі тоң қабаттары (мерзімдік және мәңгі тоң қабаттары) арасында қысылып қалған сұйы саз топырақтың жердің беткі қабатына жарықшақтылар арқылы шығуына байланысты.
Полярлық елдерде күрылымдық топырақтардың басқа да түрлері, сонын. ішінде полигональдық пішіндер кездеседі. Бүл 5 және 6-бұрышты, диаметрі бірнеше метрге дейін жететін бір-бірінен жарышақтар арқылы бөлінген көпбұрыштар. Осы полигональдық түрлердің құрылуы біркелкі ұсақ топыра арасында аяз әрекетінен жарышақтардың (морозобойные трещины) пайда болуымен байланысты. Жан-жағынан қысымға ұшыраған топырақ массасы әр полигон пішінінің ортасында сәл көтеріңкі дақ құрайды, ал ол жарышатар тұсында сәл төмендеу келеді. Мұндай пішіндер жарықшатар маусымдық-қататын топырақ қабатынан терең емес жағдайда қалыптасады.
Егер осы жарықшақтар бұл терендіктен асып кетсе, онда жаздың жылы маусымында еріп үлгермеген мұз сыналары пайда болады. Уақыт өткен сайын мұз сыналардың терендігі де, ені де өсіп тонды таужыныстарды жеке-жеке блоктарға айырып бөле бастайды. Егер өсіп келе жатқан мұз сыналарының айнала топырағы созылмалы болса, онда ол жан-жақа және жоғары қарай сығылады да, мұз сыналарының жапсарында білік тәрізді үйінділерді түзейді, ал олардың араларында сәл төмен иілген көлденеңі 25-30 м жететін полигондар қалыптасады. Біліктәрізді пішіндердің биіктігі 0,2 м-ден 0,7 м-re дейін жетсе, блоктарды бөліп тұратын жарықшақтардың ені 1,0 м-дің шамасында болады. Өзен жайылмаларының және террасаларының борпылдақ топырақтарында осыған сәйкес ірі түрлерін тетрагональдық топырақтар (тетрагональные грунты) дейді. Олардың ені 100-200 м-ге жетіп, ал сыртқы білік тәріздес пішіндерінің биіктігі 2 м-ге дейін болады. Батыс-Сібір жазығында және тундра аймақтарында көлемі 300, 500 тіпті 1000 м-ге дейін жеткен тетрагональдық блоктар кездеседі.
Жоғарыда қаралған бедер пішіндері мәңгі тоң топырақтарының айматарында мұздың немесе түйіртпекті материалдардың жиналу (шоғырлану) себептерінен болған. Сондықтан оларды тондық бедердің аккумуляциялық түрлері деп қарастыруға болады. Осындай құрылымдардың қалдықтары "криотурбация" түрінде өткен геологиялық кезеңдерде жер бетін мұздық басқан кездегі перигляциялдык зоналарда кездеседі (80-сурет).

80-сурет. A - мұз сынасы; Б - мұз сынасының орнында пайда болған топыра ұрылымдарының өзгеруі (псевдоморфоза ұбылысы) (Р.ДЖ.Раис бойынша)


Осыған ұсас криогендік қүрылымдарды Ертіс бойындағы орталық плейстоцен кезеңдегі II жайылма үсті террасаларының шөгінділерінде белгілі азақ ғалымы Б.Әубәкіров зерттеген.


Тондық бедердің денудациялық түрлері мұздар еруіне және м¼ңгі тоңның ұлдырауына байланысты. Бұл кезде әр түрлі топыратың және жоғары қабаттардың "шөгу" құбылыстары маңызды роль атқарады. Нәтижесінде көлденеңі бір метрден ондаған километрге дейін, терендігі бірнеше см-ден ондаған метрге дейін жететін термокарст пішіндері - тұйық қазаншұңырлар, табақша тәріздес ойдымдар және т.б. бедер пішіндері пайда болады. Термокарст дамыған аймақтар көлдер мен батпатардың молдығымен сипатталады.
Мұндай термокарстық ұбылыстар қазіргі заманда адамның әрекетімен де қоздырылады, мысалы, орман шабылғаннан (ағаш кесуден кейін) жер жыртылған соң, арытар қазылғаннан кейін және т.б. себептерден пайда болады.
Мәңгі тоң топырақтар дамыған аймақтардың өзендері де өзінше ерекшеліктерімен сипатталады. Өзен суының мол болуы бір жағыман тоң топырақтардың еруі, екіншіден, судың фильтрациясы мүлдем болмауына байланысты. Мұндай суы мол өзендердің ағыны да өте жылдам болып, бүйірлік эрозия арқылы аңғарларды қаркынды түрде кеңейтеді. Бүған судың жылулық қасиеті жағадағы тоң топыракқа әрекет жасап, аңғардын. одан әрі кеңеюіне колайлы жағдай жасайды.
Сөйтіп, мәңгі тоң тараған аймақтар өзіне тән айырмашылығымен және әр түрлі микро-мезобедер пішіндермен ерекшеленеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет