Сіріспе. Этиологиясы. Клиникасы. Емі және күтім ерекшеліктері



бет1/7
Дата22.11.2022
өлшемі270,93 Kb.
#159353
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Документ Microsoft Word


СІРІСПЕ. ЭТИОЛОГИЯСЫ. КЛИНИКАСЫ. ЕМІ ЖӘНЕ КҮТІМ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Сіріспе (tetanus)- бұл жедел ерекше инфекциялық ауру. Ол күшті экзотоксиндер: тетаноспазмин мен тетаногемолизинді бөлетін, анаэробты спора түзуші - СІ. tetanі таяқшасымен қоздырылады.
Микроб денеге зақымдалған тері және шырышты қабықтар арқылы ластанған топырақпен бірге түсіп, сіріспені шықарады.
Инкубациялық кезең көбінесе 4-14 күнге созылады. Ол аз болған сайын, аурудың ағымы да ауырлана түседі. Сіріспеге қарсы табиғи иммунитет жоқ. Сәріспенің пайда болуында науқастың иммунологиялық жағдайы, микроорагизмнің вируленттігі, оның саны мен тіндердің бұзылу деңгейі үлкен рол атқарады. Жалпы сіріспені- біріншілік-жалпы, жоғарылайтын, төмендейтін және жергілікті (жараның айналасындағы) түрлерін ажыратады. Клиникалық ағымына байланысты жедел және созылмалы болып бөлінеді.
Клиникалық көрінісі.
Жергілікті сіріспе жараның айналасындағы бұлшықеттердің зақымдалуымен және осы аймақта тырысулардың дамуымен, тері жамылғысының бозғылттануымен, жараның қабырғасының күнгірт түсті болуымен және аз мөлшерде бөліністердің шығуымен ерекшелінеді. Аурудың ағымы жеңілірек болады. Жергілікті сіріспе жалпыға кез-келген уақытта ауысуы мүмкін екендігін есте сақтау керек.
Жалпы сіріспенің (жедел түрінің): клиникалық көрінісі бастың ауыруы, тері жамылғысының бозғылттануы, жоғары тершеңдік, әлсіздік, кейде дене қызуының 40 С-тан жоғары болуы, тахикардия-120 соққы мин.
Сіріспенің негізгі белгісіне, тіпті аз қарқынды жарыққа, дыбысқа және механикалық тітіркендіргіштерге жауап ретінде дамитын клоникалық және тоникалық тырысулар болып табылады. Шайнау бұлшықеттерінің тырысуы байқалады- тризм. Бұл кезде науқас тілін тістеп қалуы мүмкін.
Мимикалық бұлшықеттердің тырысуын «сардоникалық күлкі» деп атайды. Үрдіске шүйде, мойын, арқаның ұзын, іштің бұлшықеттері қамтылып, тұлғаның кенет жазылып иілуіне әкеледі де, оған белгілі бір қалып береді- опистотонус. Бұлшықеттердің жиырылуы күші соншалықты күшті болғандықтан, кейде бұлшықетреомен сіңірлер жыртылады және сүйектердің сынуы байқалады. Зәр мен нәжістің бөлінуі тоқтап қалады. Тырысуға қабырғалық бұлшықеттер мен диафрагма қатысуы мүкін. Осы кезде тыныстың бұзылыстары, тіпті оның тоқтауы және қабырғалардың сынуы байқалады, бұл науқастың өліміне себепші болуы мүмкін.
Жоғарылайтын (өрлейтін) сіріспеде тырысулар жараның айналасынан бастап, тұлғаның барлық жерлеріне тарайды. Төмендейтін (түсетін) сіріспеде тырысулар бет бұлшықеттерінен басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет