ГАЗДЫ ГАНГРЕНА. ЭТИОЛОГИЯСЫ. КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ. ЕМДЕУ ПРИНЦИПТЕРІ
Анаэробты инфекция
Анаэробты инфекция әдебиетте әртүрлі атпен белгілі: газды гангрена, газды флегмона, кенеттен өошіген гангрена, анаэробты газды гангрена т.б.
Этиологиясы. Анаэробты инфекцияның дамуындағы маңызды ролді клостридиялардың 4 түрі алады: СІ. pеrfringens, СІ oedematiens, СІ septicum, СІ hystoliticum.
Қоздырғыштардың табиғатта сақталатын жері топырақ болып табвлады. Қоздырғыштардың жараға түсіп, қосымша жағымсыз факторлардың болуы газды инфекцияның дамуына әкеледі.
Патогенезі
Анаэробты инфекцияның дамуы үшін 2 шарт қажет:
микробтардың болуы;
ауаның кіруі қиындаған, өліеттенген бөліктері мен қалталары бар тіндердің үлкен аумақты зақымдалған ошақтарының болуы;
Анаэробты инфекцияның дамуына себепші болатын факторлар:
1. Жергілікті факторлар: жұмсақ тіндердің үлкен аумақты зақымдалған сынықтары, оқ жарақаттары, ірі қан тамырлардың зақымдалуымен асқынған жаралар, жұмсақ тіндердің топырақпен ластанған үлкен көлемді мыжылулары, бұрау салу, жараны тығыз қысып таңғыш салу немесе тығындау.
2. Дененің жағдайымен байланысты жалпы факторлар: жедел қан жоғалту, шок, анемия, суықтау (мұздау);
3. Жараның хирургиялық өңдеудегі қателіктері.
Микробтар өліеттенген тіндерге түсіп, анаэробты (оттегісіз) жағдайдан тез көбейе бастайды. Олардың токсиндері өліеттену ошағын ұлғайтады және сол жерде бактериялар теө өсіп-өнеді. Осылайша токсиндер микробтарға жол ашады.
Токсиндердің біріншілік әсері- ісіну болып табылады (әсіресе СІ oedematiens). Ол жасушалық элементтерді және жасушаның құрылымын бұзып, бұлшықет талшықтары мен дәнекер тінді ыдыратады.
Микробтардың қанттарды ыдырату қызметі, біріншіден гликогеннің бұзылуына, ал протеолитті қызметі- белоутардың бұзылуына және тіндердің ыдырауына әкеледі.
Нерв талшықтары мен тамырлар да жоғарыда айтылғандай әсерге ұшырайды. Нерв талшығы аймағындағы ісіну, алғашында ауыру сезімін шақырады, содан кейін нерв жасушалары бұзылғанда ауыру сезімі жоғалады. Клиникалық тұрғыда- бұл ауыру сезімінің «ауысып жылжу» белгісі болып табылады.
Газтүзіп, қанттарды ыдырату қасиеті барлық анаэробтарға тән. Әсіресе, газдың түзілуі гликоген мен бұлшықет белоктары ыдырағанда айқын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |