Анаэробты инфекцияның емі 1. Науқасты шектеп, бөлек палатағы жатқызу;
2. Арнайы ем: 400 мл жылы физиологиялық ерітіндіге сұйытылған поливалентті гангренаға қарсы сарысудың 150 000 АБ венаға енгізу. Ол анти- СІ. pеrfringens 50 000 АБ; анти- СІ. septicum – 50 000 АБ және анти - СІ oedematiens-50 000 АБ тұрады.
3. Жедел хирургиялық ем;
зақымдалған тіндерді ауқымды етіп тіліп ашу- анаэробты инфекцияда «лампаств», бір-бірімен байланысатын тіліктер жасау. Жараны Н2 О29 КМn О4 ерітінділерімен жуып шаю.
зақымдалған тіндерді кесіп алып тастау, алдымен бұлшықеттерді.
аяқ-қолдың ампутациясын жасау, ол бұрау салынбай, гильотинді тәсілмен және тұқылды тікпей орындалады.
4. Консервативті кешенді ем: антибактериалды; дезинтоксикациялық ем; гемостаз бен иммунитетті түзеу; симптоматикалық ем; ГБО; диоксидин мен тотықтырғыштарды пайдаланып жараны күнделікті таңу.
«ДЕЗО» ТАҢҒЫШЫН САЛУ ДЕЗО таңғышы иммобилизациялық таңғыштардың бірі. Тоқпан жілік, жауырын, бұғана сынғанда алғашқы көмек ретінде және науқасты ауруханаға қауіпсіз тасымалдау үшін, кейде иық буынды салған соң және сүт безін алып тастау операциясынан кейін қолданылады.
Жарақаттанған қолын шынтақтан 90 градуста бүгіп, қолтық астына жұдырық көлемді мақтадан жасалған валик қоямыз, егер таңғыш сол қолға салын-са, бинттеуді сол жақтан оң жаққа қарай бастаймыз, оң қолға салынатын болса бинттеуді оң жақтан сол жаққа қарай бастаймыз.
Сау қолтық астынан басталған екі циркулярлы турларды көкірек клетка-сының алдынан өткізіп тоқпан жілікті денге фиксациялаймыз, сау қолтық асты-нан бинтті қыйғаш жоғары қарай орап зақымданған иықтың үстіне шығарамыз, сонан соң вертикалды турде арқасынан орап, төмендеп шынтақ астынан науқас-тың білегін фиксациялап, сау қолтыққа көтереміз. Арқасынан бинтті қыйғаш етіп жоғары көтеріп зақымданған иыққа алып келеміз, содан вертикалды турде төмен қарай түсіріп, білектен айналып науқастың арқасымен көкірек клеткасы-на көлденең жоғары орап сау қолтыққа алып келеміз, осымен бір цикл аяқта-лады. Сол циклмен бинтті бірнеше рет айналдырады. Дезо таңғышында бинт ешқашан сау иықтың үстіне шықпайды, ал қиғаш турлар дененің алдында және арқасында үшбұрыштарды құрайды.