Сіріспенің алдын алу шаралары жоспарлы және шұғыл болып бөлінеді. Жоспарлы шараларға вакцинация жатады (АКДС, АДС).
Шұғыл шаралар: жараны ерте хирургиялық өңдеуден өткізу; антибиотиктерді тағайындау; кездейсоқ жараланған науқастардың барлығына сіріспеге қарсы иммунизация жасау- егілген науқастарға 0,5 мл сіріспелік анатоксин салынады, егілмеген науқастарға 1 мл сіріспелік анатоксин және сіріспеге қарсы сарысудың 3000 ХБ Безредко бойынша енгізіледі.
Сіріспенің емі.
Науқасты реанимация бөлімінің бөлек палатасына көру, есту және механикалық тітіркендіргіштерден шектеп (қараңғы бөлмеге) жатқызады. Науқас дәрігердің және мейірбикенің үнемі бақылауында болуы тиіс. Палатада ӨЖД аспабы, интубация мен трахеостомияға арналған құралдардың жинағы, ауызды ашқыш, керекті дәрілік заттар болуы қажет.
Науқасқа седативті заттар, барбитураттар, нейролептиктер, тіпті ӨЖД үшін миорелаксанттар енгізіледі. Десенсебилизациялық дәрілер, жүрек гликозидтері, тыныс аналептиктері, пневмонияның алдын алу үшін антибиотикотерапия, оксигенотерапия тағайындалады.
Энтералді және парентералді қоректендіру қолданылады, белокты және су-электролитті алмасудың бұзылыстарын қалпына келтіруге бағытталған ем жүргізіледі. Сіріспенің өлімінің деңгейі 50% дейін жетеді.
Ерекше ем: сіріспеге қарсы сарысуды венаға енгізудің бір тәуліктік мөлшері -100 000- 150 000 ХБ, курстық мөлшері- 200 000- 350 000 ХБ.
«ЖҮГЕНШЕ» ТАҢҒЫШЫН САЛУ ТЕХНИКАСЫ
«Жүгенше» бұл төменгі жақ сынған кезде салынатын таңғыш. Бинтті маңдай және шүйдеден айналдырып байлап аламыз, екіші турді шүйдеден төмен қарай түсіріп, төмен жақ бұрышынан, құлақ алдынан вертикалды турлар жасап, төбені, самай аймағын және төменгі жақты жабады. Төменгі жақты жауып бинт жақ астынан шүйдеге шығып, ары қарай маңдаймен шүйдеден айналып байланады.
ОРТАН ЖІЛІК ЖӘНЕ БАЛТЫР СҮЙЕКТЕРІ СЫНҒАНДА АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУ
Мақсат: Сан сүйегі сынығы кезінде тасымалдау және иммобилизациялау.
Достарыңызбен бөлісу: |