Сіріспе. Этиологиясы. Клиникасы. Емі және күтім ерекшеліктері


Микробтардың әсер етуінің 3 кезеңін ажыратады



бет5/7
Дата22.11.2022
өлшемі270,93 Kb.
#159353
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Документ Microsoft Word

Микробтардың әсер етуінің 3 кезеңін ажыратады:

  1. ісіну;

  2. газ түзу;

  3. өліеттену

Жіктелуі
І. Патологиялық жіктелуі:
1. Эмфизематозды түрі (көбінесе СІ. pеrfringens тудырады).
2. Сулы ісікті (токсикалық) түрі. Қоздырғышы СІ oedematiens.
3. Аралас түрі.
4. Өліеттенген түрі.
5. Флегмонозды түрі.
6. Тінді ыдыратушы түрі.
ІІ. Клиникалық жіктелуі:
1. Жедел түрі
2. Кенеттен өршіген түрі
ІІІ. Анатомиялық жіктелуі:
1. Негізінен тері асты шелмайы мен дәнекер тінінің зақымдалуы (клостридиальді
целлюлит немесе панникулит).
2. Негізінен бұлшықеттердің зақымдалуы (клостридиальді миозит)
3. Аралас түрі
Клиникалық көрінісі
Анаэробты инфекцияның инкубациялық кезеңі 1-7 күнге созылады. Кейде кенеттен өршіген түрі кездеседі- ол жараланудан кейін, алғашқы сағаттарда дамиды.
Жергілікті клиникалық белгілері өліеттенумен, ісінумен, газдың түзылуымен және тіндердің зақымдалу көлімімен сипатталады, деңгейімен және сұйық бөліністердің көлемімен анықталады. Жалпы белгілері интоксикацияның деңгейіне байланысты болады.
Газды инфекцияның ағымының 4 сатысын ажыратады (А. Н. Львов):
1. Ерте- шектелген газды флегмона сатысы.
2. Газды флегмонаның үдемелі таралу сатысы.
3. Газды гангрена сатысы
4. Сепсистің даму сатысы.
Аурудың сатысына байланысты байқалатын жергілікті белгілер:
1 сатыда- ауыру сезімі тек жарада ғана болады. Жара құрғақ, лас-сұр тұтықпен қапталған. Терінің ісінуі тек жараның шетінде ғана болады және ол аздап сарғыштанады.
2 сатыда- ауыру сезімін «ауысып жылжу» белгісі байқалады, сонымен бірге оның сипаты өзгереді. Аяқ- қолдың көлімінің ұлғаюына байланысты керіліп тұрғандай ауыру сезімі пайда болады. Ауыру сезімінің орнын ауыстырып жылжуы газдың және ісінудің аяқ-қолдың бойымен тартылуымен түсіндіріледі. Ісіну мен газдың және ісінудің аяқ-қолдың бойымен таралуымен түсіндіріледі. Ісіну мен газдың түзілуінің жоғарылауы байқалады. Жара құрғақ, өліеттенген. Бұлшықеттер ісінген және сыртқа аударылып шығады. Терісі бозғылт- сары түсті болады. Жараның айналасында қола немесе мрамор түстес дақтар түзіледі.
3 сатыда- аяқ-қолдағы тамыр соғуының жоғарылауы және оның мұздауы анықталады. Ауыру сезімі мен сезімталдық жойылады. Ісіну мен газ тұлғаға жайылады. Зақымдалған аяқ-қолдың көлемі өте қатты ұлғаяды, геморрагиялық және қою-қоңыр сұйықтыққа толған көпіршіктер пайда болады.Жара толық өліеттенген құрғақ, ісінген, шеттері сыртқа аудырылған, қанды ірің бөліністердің шығуы байқалады.
4 сатыда – жарада ірің пайда болады, алыста орналасқан ағзалар мен тіндерде іріңді метастаздар дамиды. Диагнозды бактериологиялық зерттеумен міндетті түрде нақтылау қажет. Бактериоскопия (жарадан жағында алу) жүргізіледі және арнайы орталарға егіледі. Тіндерде газ болғанда рентгенологиялық зерттеу әдісі қолданылады. Ісінудің ұлғаюы мен газдың түщылуының жоғарылауы «лигатура белгісімен», «шампан тығыны белгісімен» дәлелденеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет