Оқулық құрастырған: Ташимова А. А. №8 гимназия Буйнелеу өнері, сызу және



бет2/7
Дата29.05.2018
өлшемі7,91 Mb.
#41067
1   2   3   4   5   6   7

2 сурет - Сәулет мектебі. Макет.

Мамандықтың төменгі және жоғарғы курстарында әрбір курс жұмысы мен жобасын орындау үшін макет техникасын орындау жаттығуларын керек етеді. Аяқталған жобаның құрамына демонстрациялық макет те кіреді.

2 Қағазбен жұмыс істеу тәсілдері

2.1 Материалдар мен құрал - жабдықтар

Макеттеу техникасын орындау жұмысы үшін міндетті түрде келесі материалдар мен құрал – жабдықтар керек:



  • «ватман», «торшон» түріндегі сызу қағаздарының беттері;

  • арнаулы кесуге арналған пышақ;

  • қайшы;

  • фаскасы бар сызғыш (темір сызғыш та жарайды);

  • ПВА, резина желімдері (резина желімі ақ түсті болғаны дұрыс);

  • қатты қарындаш.

2.2 Қағаз

Қағаз материалының сапасы әр түрлі заттарды жасау үшін шексіз жағдайлар туғызады. Біз үшін қағаздың сапасы көлемді модел жасау үшін тек қана материал ретінде қажет.

Қағаздың сортын анықтаған соң, оны орынды жұмыста қолданады. Әрбір жағдайларда қағаздарды қолдану сферасы тек қана оның құрылысына ғана байланысты емес, сонымен қатар жасалған моделдің жарыққа әсері де қарастырылады. Фактурасы ірі түршіктерден жасалған макет көптеген ұсақ көлеңкелердің арқасында салмақты болып көрінеді. Көлемді моделдер жасау үшін тегіс бетті қағаздар ыңғайлы. Оларды бүгуге, кесуге, бүктеуге және желімдеуге ыңғайлы.

2.3 Умаждау

Тегіс қағаздың беті практика жүзінде жарықты біркелкі шағылыстырады. Горизонталды орналасқан жағдайда тіпті де байқалмайды.

Умаждалған қағазды алайық. Макеттің бетінің фактурасын көрсету үшін умаждалған қағазды қолдануға болады. Ол үшін газетке пайдаланатын және папирусты қағаз сорттарын қолдануға болады. Осындай қағаздарды тегіс бетті қағаздарға желімдегенде – ол декоративті және көлемді болып көрінеді. Осы қасиет моделге тура жарық түсіргенде байқалады.

2.4 Бүгу және бұжырлау (гофрирование)

Қағазды алдын ала сызылған сызықтар бойынша бүгу немесе бұжырлағанда оның салмақ көтеру қасиеті артады және оған нақтылы мінездеме береді. Алдымен қағаздың бетіне керекті сызықтарды сызған соң, оны өткір құралмен (пышақпен) аздап тіледі. Тілікті сыртқы бет жағынан істеген дұрыс , яғни қағазды қай жаққа бүктеленетінін біліп барып қана тілген дұрыс. Осыны ескермегенде қыры түзу болмайды.

Бетті бұжырлау кезінде, ең бірінші бір жағын тіліп алып бүккенсоң, орталарын келесі жағынан тіліп бүккен дұрыс. Өлшемдерінің дәлдігіне, бұрыштарының түзулігіне өте көңіл аудару керек.

Қағазды бүгу және бұжырлау арқасында күрделі композицияларды орындауға болады. Осылай, ойланып және дәл орындаған моделді пішу арқасында көп нәтижелерге жетуге болады.

2.5 Үзу және кесу

Қағазды үзу және кесу кезінде беттің жаңа мінездегі үлгісі пайда болады. Осындай қағаз беті кеңістігімен, мәнерлігімен және композициялық толықтығымен әсер береді. Қағазда фигураларды кесіп, (үшбұрыштар, шеңбер, рамалар) бүгу арқылы жасалған моделдердің жалпы мінездемелері жарықтың түсу бұрышына байланысты өзгереді.

2.6 Үлкен пішіндерді желімдеу

Цилиндр, конус, призма, куб секілді ең көп тараған геометриялық пішіндердің жасалуы өте қарапайым. Күрделі көлемді пішіндерді жасауда - ең әуелі олардың құрамдас бөліктерін дайындап, сонан соң ұқыптылықпен біріктіру керек.

Пішіндердің қырларын екі түрлі тәсілмен желімдеуге болады :



  • «түйістіріп»;

  • желімдеуге бос орын қалдырып.

3. Жаттығуларды орындаудың әдісітері

3.1 №1 жаттығу. Макет жасау техникасындағы негізгі жұмыс тәсілдері

Тапсырманың мақсаты: қағазбен жұмыс істеудің негізгі тәсілдерін тексеріп көру (умаждау, бүгу, қию, фактуралық бетін бүрмелеу).

Мақсаты:


1 Қағаздың модель жасау материалы ретінде қаншалықты пластикалы екендігін зерттеу;

2 Қағаздың бетін өзгерту тәсілдерімен танысу;

3 Скальпелді пайдалануды, макетті желімдеуді, модельді пішу дағдыларына үйрету;

Талаптар:

1 Жаттығу А-3 форматында орындалады (бірнеше жазықтық фрагменттері);

2 «Ватман», «торшон» типті қағаздар, скальпель, ПВА желімі пайдаланылады.

3.2 №2 жаттығу. Еркін пластикаға негізделген рельеф

Тапсырманың мақсаты: Сурет элементтерінің (пейзаж, натюрморт) кеңістіктегі қатынасын түрлі фактуралық қағаздар арқылы беру (көрсету). Үлгі ретінде сурет репродукцияларын пайдалануға болады.

Мақсаты:

1 Белгілі бір абстракциялық үлесімен берілген заттың жатық макетін орындау.

2 Суреттің жоспары мен оның элементтерінің арасындағы кеңістік қатынасты қағаз фактурасының көмегімен көрсету.

Талаптар:

1 Макет А-3 немесе А-4 форматында орындалады.

2 Әртүрлі форматты қағаздар, ПВА желімі, скальпель пайдаланылады.

3.3 №3 жаттығу. Көлемді пішіндерді конструкциялау

Тапсырманың мақсаты: рациональды пішу негізінде басты геометриялық пішіндердің (куб, цилиндр, пирамида, конус, параллелепид) макетін жасауды үйрету; макетті сапалы жасай білуге қол жеткізу.

Мақсаты:

1 Қарапайым геометриялық пішіндердің макетін жасау (куб, конус, параллелепид және т.б.)

2 Макетті орындаудың бүкіл процесін алдын ала ойластыру, элементтерді желімдеу кезегін белгілеу, егер қажет болса желімдеуге бос орын қалдыру.

Талап ету:

1 Дайын заттың биіктігі 6-8 см. Басқа периметрлері пропорциональды күйде таңдалынады.

2 Пішінді сапалы қиюды және желімдеуді қадағалау.Қырларын желімдегенде пышақтың ұшымен (жатқызып) үстінен жеңіл ғана бастырып өту.

3 Аяқталған макетті негізге орналастыру.

3.4 №4 жаттығу. Геометриялық денелерден жасалған көлемді – жазықтықтық композиция.

Мақсат:

1 №3 жаттығуда қолданған элементтерден композиция құрастыру.



2 Бір – біріне кірген модельдерді ескеріп, пішіндерді құрастырудың ең бір рационалды әдісін табу.

Талап ету:

1 Элементтердің биіктіктері 6 -8 см. қысқа болмау керек, өзге өлшемдері сәйкестеніп өседі.

2 Дайын макетті негізге отырғызу.

3.5 №5 жаттығу.Күмбездер мен қабыршықтар

Мақсат: Моделдеуді үйрену және практикада макеттерді модуль жүйесінде (кеуекті) орындау.

Тапсырма:

1 Модульді элементтерден күмбез, қабыршық пішіндерін құрастыру.

2 Форманы көрнекті етіп жасау үшін қағаздың мүмкіншілігін және макеттеудің басқа да әдістерін іздестіру.

Талап ету:

1 Макет үшбұрышты, көпбұрышты, квадрат және басқа формалар модуль элементтерінен орындалады.

2 Элементердің санын және олардың өлшемдерін А - 4 форматында шектеледі.

3 Картон сияқты қағаздың қатты сорттарын және скальпель, ПВА желімін т. б. пайдалану.

3.6 №6 жаттығу. Каркасты – стерженді жүйені макеттеу

Мақсат: Стержінді модульді элементерден құралған көлемді және кеңістіктік формаларды модельдеудің әдістерін меңгеру.

Тапсырма:

1 Конструкциясы стерженнен жасалған структурасының макетін орындау.

2 Қималары үшбұрышты, квадратты, шеңберлі стержендерді қолданып, көрнекті модель жасау үшін макеттеудің әдісінің мүмкіндігін көрсету.

Талап ету:

1 Элементтердің өлшемдері мен сандары А – 3 форматымен шектеледі.

2 Картон, ағаш және қағаздың қатты сорттарын пайдаланады.

3 Дайын болған макет негізге қойылады.

4 Курс жұмысын орындау алдындағы дайындық жұмыстар

«Графика және модельдеу» пәндерінің курс жұмыстарын тек қана графикамен ғана орындап қоймай оның моделінің макетін де жасайды. Оқу жылында әрбір тақырыптардан дәріс оқылған соң курс жұмысының тапсырмасы беріледі. Практика сабақтарында дайындық ретінде жаттығулар жасалады. Жаттығуларды бітірген соң студентерге архитектуралық композиция принциптерінен дәріс оқылып, формалардың абстракты қалытасу, орналасу және бір – бірімен байланыс (бірлік, салыстыру, бағыныштылық) заңлықтарынан жұмыстар жасалады. Қарапайым тәсілдерге сүйеніп алғашқы дайындық деңгейінде формаларды дайындау (формалардың ұқсастығы, параметрлердің өзгеру ньюанстері, элементтердің қарама –қайшылықтары, салмақтылық және кеңістіктік). Жаңа мемлекеттік стандарт бойынша біріккен үш пәннің (сәулеттік жобалау негіздері, композицияның негізері және сәулеттік графика және макеттеу) бір – бірімен байланыстарын тұтас қарап, қарапайым элементтерден күрделі элементтерге ауысуының жалпы заңдылықтарын студенттерге жеткізу өте маңызды.

Практика сабақтарында қағазбен, материалдармен жұмыс істеу және орындау тәсілдерінің құрамдары курс жұмысының көлеміне кіреді.

Жұмысты оқушылар өздері сабақтан тыс уақыттарда жасайды. Мұғалім бір студентке 2 сағат көлемінде консультация береді.

Курс жұмысының (макеттің) өлшемі – еркін, бірақ А -3 форматынан үлкен болмау керек.

Жұмыстың бағасын тек қана композициясы мен эстетикалық қасиетіне қарап қоймай, оның орындау сапасын да ескеру керек.

Курс жұмысының мақсаты:

- оқу барысында үйренген макеттеудің практикалық дағдыларын көрсете білу;

- композицияға бағыныштылықпен қойылған талап бойынша анықталған макеттің күрделі деңгейінін нақтылы көрсете білу;

- үш өлшемді форманың пропоция байланыстарын көре білу.

Талап қою:

1. Макет қатты сортты қағаздардан жасалады.

2. Жұмыстың көлемі А – 3 форматынан аспау керек, биіктігі 10 -15 см.

А қосымшасы(міндетті)



Қағаз жазықтығын диагональды – қатпарлы бөліктеу

а) үстінен қарағандағы көрініс б) жалпы көрініс


Б қосымша(міндетті)



Тік төртбқрышты қималы қатпарлар

а) үстінен қарағандағы көрініс б) жалпы көрініс

В қосымша (міндетті)

Үшбұрышты қималы қатпарлар.



а) үстінен қарағанддағы көрініс б) жалпы көрініс


Г қосымша(міндетті)



Қима сызығы бойымен біріктірілген қатпарлар.

а) үстінен қарағандағы көрініс б) жалпы көрініс

Д қосымша(міндетті)

Көлемді күмбезді құрылым



а) алдыңғы жағынан көрініс б) үстіңгі жағынан көрініс



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет