Раздел 1
Жарық
СЕН
• табиғи жарық көздерімен танысасың.
Кел, ойланайық
• табиғи
жарық көзі
Білгенің жөн
Күн – Жердің бетіндегі ең басты табиғи
жарық көзі. Күн жарық түсіреді, жылу
таратады. Күннің сәулесі болмаса, Жердің
бетін қара түнек басар еді. Күннің жылуы
болмаса, Жердің беті мұзға айналады.
1. Қай суретте күндізгі көрініс, қай суретте түнгі
көрініс бейнеленген? Қаладағы нысандар нелік-
тен түнде анық көрініп тұр?
Жарық көзі
– жарық шығаратын дене.
Жарық көзі
табиғи
және
жасанды
болады.
Табиғатта өздігінен жарық шығаратын дене-
лер табиғи жарық көздеріне жатады. Мысалы:
Күн, жұлдыздар, найзағай.
Табиғи жарық көздері
27
90
Дәлелдейік
Күн
жұлдыздар
жарқырауық қоңыз
найзағай
2. Суреттерге ортақ қасиетті ата. Қайсысы артық?
Неліктен?
Қызықты мәлімет
Қармақшы балық, жарқырауық қоңыз, ме-
дуза
– денесінен сәуле шығару қасиеті бар
тіршілік иелері.
91
Табиғатқа серуенге шыққанда Күннен қор-
ғану керек. Баскиім киюді ұмытпа. Көзіңе
Күннен қорғайтын көзілдірік ки.
Қызықты мәлімет
Ай – жарық көзі емес. Айдың өзінің сәуле-
сі болмайды. Күн түсіп тұрған жағы ғана
жарық болады.
Табиғи жарық Жер бетіндегі тіршілік үшін
өте маңызды!
Ойланайық
3. Дала күндіз неге жап-жарық болады?
Түнде неге ондай жарық болмайды?
92
93
Достарыңызбен бөлісу: |