Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет102/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

 Дистиллятор ДЭ-25. 
Жаңадан орнатылған аквадистиллятор 48 сағат уақыт жұмыс істеуі 
қажет. Осы уақыт бойы дайындалған суды қолданбайды. Уақыт өткен соң, 
аппараттан алынған судың сапасы тексеріледі, егер оның сапасы НҚ 
талаптарына сай болса, қолдануға рұқсат етіледі. 
Тазартылған суды, жинауға және сақтауға арналған, қабылдағышта 
жинайды. 
«С» типті тазартылған су жинағыштары тот баспайтын болаттан 
жасалады (сурет 26). 
Сурет 26
. Тазартылған суды қабылдағыш. 


154 
Су жинағыштар сыйымдылығы 6, 16, 40, 100 және 250 л көлемінде 
шығарылады. Жинағыштар су өлшейтін түтікшемен және ағызатын кранмен 
жабдықталады. Корпустың үстінгі жағында ішкі бетін тазалауға және 
санитарлық өңдеуге арналған люк бар. Люк ауа өткізетін фильтрі бар 
қақпақпен жабылады. Қабылдағыштар аквадистилляторға штуцер (17) (25 
және 26 суреттерді қара) арқылы қосылады. Оларды, жұмыс орнына су 
өздігінен ағып түсуге мүмкіндік жасайтын, қондырғыларда орналастырады. 
Су қабылдағыштарды айына 1-2 рет жуғыш құралдармен тазалау керек. 
Аз мөлшерде суды химиялық тұрақты шыныдан жасалған баллондарда 
сақтайды. Осы баллондарда суды шаңнан және микробтардан сақтау үшін, екі 
тесігі бар резенке тығынмен немесе полимерлі қақпақпен тығыз жабады, ал 
тесіктерге шыны түтіктерді кіргізеді: біреуі дистилденген судың келіп түсуіне 
арналған; ішіне стерильді мақта тампоны салынған екінші түтік сыртқы 
қысыммен қатысуын қамтамасыз етеді. Осы баллондарды аквадистилляторға 
шыны түтіктер көмегімен қосады. 
Тазартылғаг су асептикалық жағдайда 3 тәулік бойы 19.04.15 жылы 
шыққан ҚР Ұлттық экономика министрінің № 232 бұйрығы талаптарына 
сәйкес сақтлады. 
Судың әр сериясы НҚ талаптарына сай тексеріледі. Тазартылған су 
химиялық және бактериологиялық бақылаудан өтеді. Күнделікті әр 
баллондағы су хлоридтердің, сульфаттардың және кальций тұздарының 
жоқтығына сапалық талдаудан өтеді. Тоқсанына бір рет су бақылау 
лабораториясында толық химиялық талдаудан, тоқсанына екі рет 
бактериологиялық талдаудан өтеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет