Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет118/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

 
Технологиясы:
Цилиндрмен 30 мл тазартылған суды өлшеп алады. 
Қосымша ыдыста 0,6 г калий йодидін судың 9 тамшы мөлшерінде ерітеді (калий 
йодидінің ерігіштігі 1:0,75). Түзілген калий йодидінің қаныққан ерітіндісінде 0,3 
г кристалдық йодты ерітеді. Йодты алдын-ала пергамент қағазға өлшеп алады. 
Калий йодидінің ерітіндісінде йод толық еріген соң, еріткіштің қалған мөлшерін 
қосып, қоңыр түсті құтыға мақта тампоны арқылы ерітіндіні сүзеді. Йод 
қабықты тығындарды бұзатындықтан, құтыны полиэтилен тығынмен бекітеді. 


173 
Дәрілік түрді босатуға безендіреді. Негізгі этикетка – «Сырт тәнге», ескерту 
этикеткалары – «Балалардан сақта», «Қараңғы салқын жерде сақта». 
Осылайша 
сынап дийодидінің
ерітіндісі де дайындалады (сынап-йодты 
микстура, Фармацевтік мануал, 67 бет).
Сынап дихлориді (сулема) - аса улы зат, салқын суда баяу ериді (1:18,5), 
қайнап тұрған суда ерігіштігі жоғары (1:3). Өте улы зат болғандықтан, 
рецептінің дұрыс жазылуына, дәрілік түрдің дайындалуына, есептердің дұрыс 
жүргізілуіне, безендірілуіне ерекше көңіл аударылады. Препараттың ерігіштігін 
арттыру үшін тең мөлшерде натрий хлоридін қосады. Бұл кезде комплексті тұз 
түзіледі, нәтижесінде ортаның рН мәні бейтараптанып, ерітінді тұрақтанады
яғни, негізгі тұздар бөлінбейді, препараттың ұлпаларға көрсететін тітіркендіргіш 
әсері төмендейді. Сынап дихлоридінің сыртқа қолдануға арналған ерітінділірін 
эозиннің 1%-дық ерітіндісімен бояйды. 
 
Rp.:
Solutіonіs Hydrargyrі dіchlorіdі 1:1000 - 500 ml 
Da. Sіgna.
Дезинфекциялау үшін 
Есептеу: Сынап дихлориді
1 - 1000 мл 
х - 500 мл
х = 0,5 
Сынап дихлоридіне (0,5) тең мөлшерде натрий хлориді (0,5) қосылады. 
Б.П. 
Aquae purіfіcatae 500 ml
Natrіі chlorіdі 0,5 
Hydrargyrі dіchlorіdі 0,5
Vж. = 500 ml 
Технологиясы:
Ыдысқа 500 мл жылы тазартылған суды өлшеп алып, 
онда 0,5 г натрий хлориді мен 0,5 г сынап дихлоридін ерітеді. Сынап 
дихлоридін улы дәрілік заттардың өлшенуі және босатылуы арнайы 
ережелері бойынша (01.11.96 ж. N 481 бұйрығының талаптарына сай) өлшеп 
алады. 
Дайын ерітіндіні эозиннің 1%-дық ерітіндісімен бояп, шыны құтыға 
сүзеді. Тығындап, сүргілейді. Безендіру: негізгі этикетка – «Сырт тәнге» және 
ескерту «У», «Абайлап қолдан», «Сулема», айқасқан сүйекпен бас сүйегі бар 
этикеткалармен жабдықталады (ҚР ДСМ № 481 01.11.96 ж. бұйрығының 
талаптарына сәйкес). Сигнатурада ерітінді эозинмен боялғандығын көрсетеді. 
Сулема ерітіндісін құрамында тең мөлшерде сынап дихлориді және 
натрий хлориді бар, эозинмен боялған, 0,5 және 1,0 граммнан шығарылатын 
таблеткаларды еріту жолымен дайындауға да болады. 
8. Кейбір сулы ерітінділердің жеке технологиясы. а) Осарсолдың 
ерітіндісін дайындау. Осарсол суда аз еритін зат. Оның ерігіштігін жақсарту 
үшін натрий гидрокарбонаты қосылады: 1,0 г осарсолды еріту үшін 0,61 г 
натрий гидрокарбонаты керек. Еріту кезінде заттардың арасында нейтралдау 


174 
реакциясы жүреді, сондықтан суда алдымен натрий гидрокарбонатын ерітіп, 
сонан соң осарсолды қосып, ерітеді. 
Осарсол ерітіндісін безендіру және босату 01.11.96 ж. ҚР ДСМ № 481 
бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі. 
 
Rp.: Solutіonіs Osarsolі 5% - 200 ml
 
 
Da. Sіgna.
Тампондарды қанықтыру үшін

Құрғақ заттардың мөлшері: 5% > 3%


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет