Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет130/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

Бақылау сұрақтары: 
1.
Стандартты ерітінділер дегеніміз не? Анықтама беріңіздер және мысал 
келтіріңіздер. 
2.
Стандартты ерітінділер қалай жіктеледі? 
3.
Стандартты ерітінділерді сұйылту жолдары? 
4.
Қандай стандартты ерітінділер екі атаумен (шартты және химиялық)
беріледі?
 
 
 
3.4 Сұйық дәрілік түрлерді (микстураларды) бюреткалық 
жүйені пайдаланып дайындау 
 
Сұйық дәрілік түрлерді дайындау ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 16 
қаңтардағы № 60 «Дәрілік препараттарды және медициналық мақсаттағы 
бұйымдарды дайындау қағидаларын бекіту туралы» Қаулысына және ҚР ДСМ 
15 желтоқсан 2004 жылғы N 142 «Дәрілік құралдарды дайындау Ережелері 
туралы» бұйрығына сәйкес жүргізіледі. 
Ішуге және сырт тәнге қолданылатын сұйық дәрілік түрлерді дайындау 
тәсілі дәрілік түрге және дисперстік ортаның табиғатына байланысты. 
Сұйық дәрілік түрлерді дайындау салмақтық және салмақтық-көлемдік 
тәсілдерімен жүргізіледі.
 
Салмақтық тәсілмен: 
-
қатты және сұйық дәрілік заттардың, салмақпен дозаланатын тұтқыр және 
ұшқыш еріткіштердегі ерітінділері; 
-
дисперстік орта табиғатына байланыссыз (сулы, спиртті-сулы, бейсу), 
дисперстік фаза концентрациясы 3% және одан жоғары суспензиялар; 
-
дисперстік фазасының концентрациясына байланыссыз эмульсиялар; 
-
сұйық гомеопатиялық дәрілік құралдар.
 
Салмақтық-көлемдік тәсілмен: 
-
сулы ерітінділер; 
-
сулы-спиртті ерітінділер; 
-
галенді, жаңа галенді дәрілік құралдар (тұндырмалар, сұйық экстрактылар, 
адонизид және басқалар) дайындалады.
Салмақтық-көлемдік тәсілмен дәріханада сұйық дәрілік түрлерді 
(микстураларды) дайындау үшін: өлшегіш құралдар комплектісі; бюреткалық 


187 
қондырғылар үшін арнайы концентрлі ерітінділер; микстураларды дайындау 
үшін арнайы есептеулер жүргізу қажет. 
Өлшегіш құралдар комплектісі (дәріханалық бюреткалар, пипеткалар), 
олардың құрылысы және жұмыс істеу принципі 1.5 тарауда және ҚР ДСМ 
15.12.2004 ж. N 142 бұйрығының 16 қосымшасында келтірілген. 
Бюреткалық жүйелер көмегімен сұйық дәрілік түрлерді дайындау үшін 
концентрлі ерітінділер қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет