Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет131/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

Концентрлі ерітінділер
- дәрілік заттың мөлшері рецептіде жазылған 
мөлшерінен әлдеқайда жоғары, белгілі концентрациядағы жұмысшы ерітінділер. 
Дәріханаларда концентрлі ерітінділердің қоры дайындалады және олар жартылай 
фабрикат рөлін атқарады. Қажет болған жағдайда осы жартылай фабрикаттарды 
еріткіштің сәйкес мөлшерімен сұйылтып, дәрілік түр құрамында қолданылатын 
қарапайым ерітіндіге айналдырады. 
Концентрлі ерітінділерді қолданудың артықшылықтары: 
1.
Дайын дәрілік түрлердің сапасын арттырады, себебі, концентрлі ерітінділер 
сапалық және сандық талдаудан өтеді, қажет болғанда олардың 
концентрациясын нығайтады немесе сұйылтады. 
2.
Фармацевтің жұмысын жеңілдетеді. 
3.
Науқасқа дәрілік препаратты босатуды жылдамдатады, енбек өнімділігін 
арттырады. 
Концентрлі ерітінділердің номенклатурасы экстемпоральды дәріхана 
рецептурасына және жұмысы көлеміне байланысты белгіленеді. 
Ерітінді концентрациясын - 1:10, 1:20 және т.б. қатынаста белгілейді және 
бұл қатынас ерітінді көлеміндегі заттың салмақпен берілген мөлшерін көрсетеді. 
Яғни 1:10 қатынасындағы ерітінді дайындаған кезде, 1 г дәрілік зат және 
еріткішті 10 мл ерітінді түзілгенше алады. Дәріхана жағдайында сұйық дәрілік 
түрлерді, сонымен бірге, көзге арналған дәрілік түрлерді дайындау кезінде 
ұсынылған концентрлі ерітінділер және бірқатар сұйық дәрілік құралдар тізімі ҚР 
Үкiметiнiң 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 60 Қаулысының 4-қосымшасының 
2, 6, 7 бөлімдерінде келтірілген. 
Концентрлі ерітінділерді (концентраттарды) гигроскопты, желденетін, көп 
мөлшерде кристалдық суы бар заттардан дайындау ұсынылады.
Дәріханада қолданылатын концентрлі ерітінділерінің тізімі 13 кестеде 
көрсетілген. 
Концентрлі ерітінділерді дайындау ҚР ДСМ 15.12.2004 жылғы N 142 
«Дәрілік құралдарды дайындау Ережелері туралы» бұйрығының 25 тармағымен 
реттеледі. 
Кесте 13 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет