Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет142/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

Жіктелуі. 
Тамшылардың қолдануы бойынша жіктелуі: ішуге арналған 
тамшылар – Guttae ad usum іnternum; сыртқа қолдануға арналған тамшылар, 
Guttae ad usum externum

Дисперсті жүйе ретінде жіктелуі: нағыз ерітінділер; суспензиялар; коллоидты 
ерітінділер; эмульсиялар. 
Еріткіш табиғаты бойынша жіктелуі: сулы тамшылар; бейсу тамшылар. 
ҚР МФ І басылымы 1 томында «Көзге арналған дәрі-дәрмектер» жалпы 
мақаласы келтірілген. Көз тамшыларының технологиясы ерекше жағдайды 
талап етеді, сондықтан, «Стерилді дәрілік түрлер» тарауында қарастырылады. 
Тамшылар сұйық дәрілік түрлерге қойылатын талаптарға сай болуы керек. 
Фильтрленген соң ерітіндінің жалпы көлемі және дәрілік заттың мөлшері 
ҚР Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 60 
«Дәрілік препараттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды 
дайындау қағидаларын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес дәрілік препраттың 
жалпы көлемінде және дәрілік заттың салмақтық мөлшерінде жіберілетін 
ауытқу нормаларына кіруі керек. 
Тамшылардың аз көлемде босатылуы олардың технологиясына, негізінде 
нағыз ерітінділердің сүзу сатысына кейбір ерекшіліктер енгізеді. Дәрілік заттың 
қажетті концентрациясын және көлемін сақтау үшін, дәрілік затты еріткіштің 
жарты мөлшерінде ерітіп, оны алдын-ала еріткішпен жуылған фильтр арқылы 
сүзеді, сол фильтр арқылы еріткіштің қалған мөлшерін өткізеді. Тамшылар 
технологиясында, оның көлеміне байланысты, «қос цилиндрлік» әдіс 
қолданылады. 
Бұл тәсіл ерітіндінің көлемін де, концентрациясын да талапқа сай болуын 
қамтамасыз етеді. 
Егер тамшылар тұндырмалардан, галендік препараттардан, басқа сұйық 
және қатты дәрілік заттардан тұрса, онда олардың технологиясы қатты дәрілік 
заттарды тиісті еріткіште еріту немесе сұйықтықтарды ережелерге сай 
араластыру болып табылады. 
Тамшылар құрамындағы улы және күшті әсер ететін заттардың 
дозаларын тексеру келесі реттілікпен жүргізіледі: 
1.
Бүкіл сулы ерітінді көлеміндегі тамшылар саны анықталады, ол үшін 
ерітінді көлемі 20-ға көбейтіледі (сулы ерітіндінің 1 мл стандартты 
тамызғышқа сәйкес 20 тамшы). Спиртті ерітінділерде тамшылар 
кестесімен қолданады. 


204 
2.
Қабылдау саны анықталады. Ол үшін ерітіндінің барлық көлеміндегі 
тамшылар саны, рецептіде бір рет қабылдау санына берілген тамшы 
санына бөлінеді. 
3.
Улы және күшті әсер ететін заттардың реттік дозасын заттардың 
рецептіде жазылған мөлшерін қабылдау санына бөледі. Реттік және 
тәуліктік дозалары есептеледі. Есептелген реттік және тәуліктік 
дозалары нормативті құжаттағы дозалармен салыстырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет