Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет141/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

 
Бақылау сұрақтары: 
1.
Микстуралар технологиясында құрғақ дәрілік заттарды пайдаланумен 
салыстырғанда 
концентрлі 
ерітінділерді 
қолданудың 
қандай 
артықшылығы бар? 
2.
Микстура технологиясында қолданылатын концентрлі ерітінділерді 
сұйылту немесе қойылту қажеттілігін қалай негіздеуге болады? 
3.
Микстуралар 
технологиясында 
суды, 
концентрлі 
ерітінділерді, 
экстракциялық препараттарды өлшеу ретін қалай жүргізеді? 
4.
Құрамында мөлшері 3% көп болатын құрғақ дәрілік заттары бар 
микстураларды дайындау кезінде КҰК пайдалану қажеттілігін қалай 
түсіндіруге болады? 
5.
Егер еріткіш ретінде хош иісті су қолданылатын микстуралар 
технологиясында концентрлі ерітінділерді не үшін қолданбайды? 
6.
Микстураларға тұндырмаларды, сұйық экстракттарды, шырындарды, жаңа 
галендік және басқа сұйық препараттарды енгізу тәртібі қандай?
7.
Микстураның жалпы көлемін қалай анықтайды? 
 
3.5. Тамшылар технологиясы 
 
Тамшылар (
Guttae
) –тамшымен дозаланатын ішуге және сырт тәнге 
қолданылатын сұйық дәрілік түр.
Тамшы түрінде дәрілік заттардың сулы, майлы, глицеринді және спиртті 
ерітінділері, сонымен бірге тұндырмалар, сұйық экстрактар және басқа 
препараттар жазылады. 
Тамшылар - тамшымен дозаланатын нағыз және коллоидты (кейде майда 
суспензия түрінде) ерітіндіден тұратын сұйық дәрілік түр. 
Тамшымен дозалау - осы дәрілік түрдің жалғыз ерекшелігі. Оларды жеке 
топқа бөлу себебі - құрамындағы дәрілік заттардың реттік дозасы, дәрілік 
препараттан бірнеше тамшы қолданғанда алынатын концентрациямен 
белгіленеді. 


203 
Тамшылар сұйық дәрілік түрлерге тән барлық артықшылықтармен 
сипатталады. Тамшылар микстураларға қарағанда ықшамдылығымен, 
тасымалдауға ыңғайлығымен ерекшеленеді. 
Тамшылар 5 мл-ден 30 мл-ге дейінгі көлемде жазылады. Тамшылар 
ex 
tempore 
және дәріханаішілік дәрі ретінде дайындалады, себебі, олардың 
кейбір жазылымдары жиі қолданылады және кейбірі стандартты болып 
саналады. Тамшылардың көлемі (нағыз ерітінділердің, сулы тамшы 
ерітінділерінің) олардың технологиясына, оның ішінде фильтрлеу сатысына 
өзгеріс енгізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет