Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет149/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

Өсімдік майлары 
Olea pіnquіa. Өсімдік майлары - жоғарғы майлы 
қышқыл глицеридтерінің қоспасы - мөлдір, сарғыш түсті, иіссіз немесе әлсіз 
өзіне тән иісі бар майлы сұықтықтар. Оларды тұқым мен жемістерді пресстеу 
арқылы алады. Дәріхана іс-тәжірибесінде бадам (Oleum Amygdalarum), 
шабдалы (Oleum Persіcorum), абрикос (өрік) (Oleum Armenіacae), зәйтүн 
(Oleum Olіvarum), күнбағыс (Oleum Helіanthі) майлары қолданылады. Бұл 
майлардың сапасы КСРО МФ нормаланады. Барлық майлар сумен 
араласпайды, этанолда аз ериді, бірақ, эфирде және хлороформда жеңіл ериді. 
Өсімдік майлары бейполярлы және полярлығы төмен заттарға еріткіш ретінде 
қолданылады: камфора, ментол, бензой қышқылы, фенол, тимол, кейбір 
витаминдер (кесте 11). 
Сонымен бірге, өсімдік майлары линименттер, жағар майлар, кейбір 
шаншуға арналған ерітінділер технологиясында қолданылады. 
Өсімдік 
майлары 
биологиялық 
зиянсыз, 
фармакологиялық 
индифферентті, бірақ, химиялық тұрақтылығы төмен. Майлардың тотығуы 
және гидролизі әсерінен асқын тотықты қосылыстар, альдегидтер және басқа 
өнімдер түзіледі, соның нәтижесінде майлардың иісі және дәмі өзгереді. 
Жарық, оттек, ауа, ылғал, жоғары температура және әртүрлі микробтар бұл 
процесті күшейтеді. Сондықтан өсімдік майлары жақсы жабылатын, ауа 
қалдырмай толтырылған ыдыстарда, салқын және жарық түспейтін жерде 
сақталады. Өсімдік майлары салмақпен дозаланады. 
Вазелин майы (сұйық парафин) 
ҚР МФ II т., 143 б.
 
Oleum Vaselіnі, 
Paraffіnum lіquіdum. Вазелин майы - мұнай крекингінің өнімдерінің бірі. 
С
10
Н
22
-ден С
15
Н
32
дейінгі қаныққан көмірсутектердің қоспасы. Бұл түссіз, 
мөлдір, дәмсіз және иіссіз майлы сұйықтық. 
Басқа қаныққан көмірсутектер сияқты, вазелин майы химиялық 
индифферентілігімен сипатталады, этанолда және суда ерімейді, бірақ 
эфирмен, хлороформмен, өсімдік (майсана майынан басқа) майларымен 
барлық қатынаста араласады. Еріткіштік қасиетіне қарай өсімдік майларының 
қасиетімен салыстыруға болады. Бірақ, молекуласында спирттік, фенол 
гидроксилі және басқа полярлы топтары бар, дәрілік заттар вазелин майында 
өсімдік майларына қарағанда едәуір аз ериді (кесте 11). 
Вазелин майы тері және кілегей қабаттары арқылы сіңірілмейді, дәрілік 
заттардың сіңірілуін баяулатады. Вазелин майының ең негізгі кемшілігі - теріге 
жаққанда газ және жылу алмасуға кедергі келтіреді. 
Осыған және еріткіштік қасиетінің шектелгеніне байланысты бейсу 
ерітінділерінің технологиясында, вазелин майы өсімдік майларына қарағанда 
сирек қолданылады. Едәуір жиі ол жағар майлар технологиясында 
пайдаланылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет