Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет168/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

 
 
 
3.8 Коллоидты ерітінділер 
Коллоидты ерітінділер - құрылымдық бірлігі мицелла деп аталатын 
молекулалар 
мен 
атомдар 
комплексі 
болып 
табылатын 
ультра- 
микрогетерогенді дәрілік түр. Коллоидты ерітінділер дисперстік фаза мен 
дисперстік ортадан тұрады. Дисперстік фаза бөлшектерінің өлшемдері 1 нм-
ден 100 нм-ге дейін (0,1 мкм - 0,001 мкм) болады. 
Коллоидты ерітінділердің ерекшеліктері: 
-
агрегаттық және термодинамикалық тұрақсыз. Коллоидты ерітінділер тек 
құрамына үшінші компонент-тұрақтандырғыш енгізген кезде ғана, тұрақты 
болады. 
Тұрақтандырғыш 
дисперстік 
орта 
бөлшектері 
бетіне 
адсорбцияланып, олардың коагуляциясын болдырмайды. Коллоидты 
жүйенің тұрақтылығы сонымен бірге, бөлшектердің айналасына еріткіш 
молекулаларынан сольватты қабат түзу есебінен артады;
-
коллоидты ерітінділердің кері қайту қасиеті жоқ. Сулы коллоидты 
ерітіндіні буландырып, су қосылса, қайтадан коллоидты ерітінді 
түзілмейді. Осы қасиетімен олар нағыз ерітінділерден ерекшелінеді; 
-
коллоидты ерітінділердің бөлшектері кәдімгі микроскопта емес, 
ультрамикроскопта байқалады. Көлденең бөлшектері едәуір үлкен 
болғандықтан, олар арқылы жарық өтпейді. Осыған орай коллоидты 
ерітінділер шашыраған жарықта лайлы болып көрінеді; 
-
коллоидты ерітінділердің осмостық қысымы төмен. Көлем бірлігінде 
бөлшектердің салыстырмалы салмағы, үлкен нағыз ерітінділерге қарағанда,
олар ондаған және жүз мың есе аз;
-
бөлшектерінің мөлшерінің үлкендігінен коллоидты ерітінділер ЖМҚ 
ерітінділері сияқты әлсіз диффузияланады. Бірақ коллоидты ерітінділердің 
бөлшектері оларды фильтрлеуге мүмкіндік береді. Фильтрлеуші 
материалға бөлшектердің абсорбцияланып қалу мүмкіндігі болмаса,
фильтрден оңай өтеді; 
-
коллоидты ерітінділер - лабильді, бұл олардың сезімталдығының жоғары 
болуымен түсіндіріледі. Өте аз мөлшерде электролит қосылса немесе 
температура сәл жоғарылатылса, тіпті кейде өздігінен себепсіз коллоидты 
ерітінділер бұзылып, коагуляцияға ұшырайды. Коагуляция кезінде еріген 


234 
заттың бөлшектері іріленеді, сұйықтық лайланып, суспензияға айналады, 
бірнеше уақыт өткен соң коагулянт тұнбаға түседі;
-
коллоидты ерітінділердің сақталу мерзімі шектеулі, тіпті мұқият, барлық 
жағдайларды жасаған кезде де, уақыт өткен сайын ерітінді – «ескіреді». Жоғары 
тұрақсыздығы, 
технологиясының 
қиындығы 
фармацияда 
коллоидты 
ерітінділердің қолданылуын шектейді. 
Фармацевтік практикада қорғалған коллоидты ерітінділер қолданылады. 
Тұрақты коллоидты ерітінділер алу үшін коагуляцияны тудыратын 
факторларды білу керек: жазылымда төмен молекулалы электролиттер мен 
электролит еместердің (қант және жидек шырындары, глицерин, спирт) болуы 
және олардың мөлшері, температураның өзгеруі, механикалық әсер, әр түрлі 
сәулендірулердің (жарықтың) әсері. 
Қорғалған коллоидтар - гидрофильді қасиеті бар ЖМҚ және гидрофобты 
коллоидты заттан тұратын жасанды препараттар.
Жоғары молекулалы қосылыстар - беттік активті заттар коллоидты 
бөлшектердің бетіне адсорбцияланып, беттік энергияның төмендеуіне әсер етіп 
коллоидты жүйені тұрақтандырады. ЖМҚ макромолекуласымен қорғалуы 
нәтижесінде, гидрофобты коллоидтар практикада жоғары бағаланатын жаңа 
қасиетке - тұрақтылыққа ие болады. 
Қорғалған коллоидтардың ерігіштігі ЖМҚ секілді шексіз.
Медициналық практикада үш коллоидты препарат кеңінен қолданылады - 
колларгол, протаргол (жасанды түрде алынған коллоидты заттар) және ихтиол 
(табиғи қорғалған коллоид). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет