Оқулық шымкент, 2018 жыл


Эмульсия типін анықтау тәсілдері. Парафинді пластинка әдісі



Pdf көрінісі
бет184/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

Эмульсия типін анықтау тәсілдері. Парафинді пластинка әдісі.
Шыны 
пластинкаға парафин қабатын жағып, оның бетіне зерттелетін эмульсия 
тамшысын тамызады. Осы кезде егер тамшы жайылып ағып кетсе, онда 
дисперстік орта май болғаны - С/М типті эмульсия. Ал егер тамшы жайылмай, 
ағып кетпесе, онда дисперстік орта су болып, эмульсия типі М/С болады. 
 
Сурет 35. 
Эмульсия типтері. 
а) М/С типті эмульсиясы; б) С/М типті эмульсиясы; 
Су фазасы штрихталған. 
 


253 
Сұйылту әдісі.
Бұйым шынысына зерттелінетін эмульсиядан бір тамшы 
және судан бір тамшы тамызады. Егер эмульсия С/М типті болса, онда 
тамшылар бірікпей, су тамшысы май тамшысынан домалап ағып кетеді. 
Бояу әдісі.
Дисперстік орта суда немесе майда еритін бояумен боялады. 
Метилен көгі - бояғыш зат, суда ериді, майда ерімейді. Яғни, егер 
зерттелінетін ерітіндіге метилен көгінің бір түйіршігін салған кезде, 
дисперстік орта көк түске боялады, егер эмульсия М/С типіне жатса, 
микроскоппен боялмаған май көздерін көруге болады. Егер эмульсияның С/М 
типі болса дисперстік орта да, дисперстік фаза да түссіз болып қалады, себебі 
метилен көгі майда ерімейді, ал ортаға су өте алмайды. Егер майда еритін 
бояғыш - судан ІІІ қолданылса, онда бірінші типтегі эмульсияларда түссіз 
фонда дисперстік ортадан боялған май тамшыларын көруге болады. 
Электрөткізгіштік әдісі.
Егер дисперстік орта су болса, онда эмульсия 
электр тогын өткізеді, ал егер дисперстік орта май болса, ол электр тогын 
өткізбейді. 
Дисперстік фаза болып табылатын сұйықтықтың концентрациясына 
байланысты эмульсиялар сұйылтылған және концентрленген болуы мүмкін. 
Егер эмульсияның дисперстік фазасы дисперстік ортаның 1% кем мөлшерін 
құраса, ол сұйылтылған деп аталады. Концентрленген эмульсияларда 
дисперстік фазаның мөлшері 5% жоғары болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет