Оқулық шымкент, 2018 жыл


Балшықты минерал гельдері (бейорганикалық заттар)



Pdf көрінісі
бет232/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

3. Балшықты минерал гельдері (бейорганикалық заттар). 
Олар 
алюмосиликаттардың (SіO
2∙
Al
2
O
3 ∙
H
2
O) бентонитті балшық гельдері, алюминий 
орнын Na, K, Fe, Mg басуы мүмкін. 
Бентонитті гельдер теріге жеңіл жағылады, бірақ тез кеуіп кетеді. Оның 
кеуіп кетуін болдырмау үшін бентонитті гельдің құрамына 10% дейін глицерин 
енгізеді. Белгілі бентонитті негіздің құрамы: 13-20% бентонит, 10% глицерин, 70-
77% су. Бентонитті негіздер жоғары химиялық инерттілігімен, эмульсиялаушы 
қасиетімен, терінің экссудаттары мен жағымсыз иісті жоюмен ерекшеленеді. 
Бентониттің суды қосқанда гельге айналу қабілеті, оларды ұнтақ және таблетка 
түрінде құрғақ концентраттар дайындау үшін қолданады. Концентраттар түрінде 
оларды тасымалдау мен сақтау қолайлы. Жағар май негізін алу үшін ұнтақ немесе 
таблеткаға есептелінген судың мөлшерін қосып араластырады. 
А.Г. Кутателадзе Грузияның жергілікті бентониттерін зерттей отырып, 
гидрофильді негіз ретінде мантмориллониттің 7% коллоидты натрий тұзын
ұсынды. Бұл негіз әдебиеттерге «Асканкол» атауымен белгілі. 
З.А. Назарова, А.М. Ходжаева, М.А. Уманский Өзбекстанның бентонитті 
балшықтарының кейбір үлгілерін зерттеген. Бұл авторлармен жағар май үшін 
құрамы: бентониттен 20-25 бөлік, глицериннен - 10 бөлік, тазартылған судан 65-
70 бөлік тұратын гидрофильді негіз өндірілген.
Артықшылықтары: 
- жағар май-концентрат – дәрілік заттың бентонитпен қоспасы дайындалады 
және ex tempore су қосылады. 
Кемшіліктері: 
- тез кебеді, сондықтан глицерин қосылады; 
- стерильдеуді қажет етеді. 
4. Фитостеринді негіздер. 
Бұрынғы Кеңес Одағында фитостерин алғаш рет 
1938 жылы алынды. Оны Ф.Г. Солодкин (Ленинград) шырша тектес ағаштардың 
діңгегін күйдіргіш натрий ерітіндісімен 160 
0
С температурада қыздыру арқылы 
алған. Ұстағанда майлы ашық сары түсті ұнтақ. Фитостериндер суда ерімейді, 
бірақ суды 120% дейін көлемде сіңіруге немесе адсорбциялауға қабілетті. 
Спиртте, эфирде, хлороформда, ацетонда, бензолда ериді. Жағар май негізі 
ретінде 12-15% фитостериннен және 88-85% судан тұратын қоспа қолданылады. 
Фитостерин хлорлы сумен араласады, 60 
0
С 4-6 минут бойы араластырып 
қыздырғанда ақ немесе әлсіз сарғыш масса түзіледі, ол дәрілік заттармен жақсы 
араласады. Фитостеринді негіздерді ұзақ сақтағанда кеуіп кетеді, бірақ сумен 
қайта араластырып қыздырса, алғашқы қасиеті бар масса түзіледі. Фитостериннің 
осы қасиеті құрғақ ұнтақ тәрізді жағармай-концентрат алуға қолданылады. 
Фитостеринді негіз теріні және кілегей қабатты тітіркендірмейді, дәрілік заттың 
резорбциясына кедергі келтірмейді. Негіздің өзінің кептіргіш, қабынуға қарсы 
әсері бар, әсіресе сулы экземада қолдануға ыңғайлы. 


301 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет