341
Қалыптың ұяшықтарының саны 30, 50, 200 және одан да көп, ал
сиымдылығы 1,0; 1,5; 2,0; 3,0 және 4,0 см
3
болады. Қалыптың
ұяшықтарын, егер негіз гидрофобты
болса сабынды спиртпен,
гидрофилді болса вазелин майымен малынған мақта тампонымен сүртеді.
Жиналған қалыпты тоңазытқышқа 30-40 минут салқындатып, содан соң
дайын жартылай суыған (қату температурасына жақын) массаны құяды.
Тоңазытқышта салып салқындатуға қалдырады. Уақыт өткен соң мұздап
қатқан суппозиторийлерді қалыптың екі бөлігін ажыратып, әр
суппозиторийді орамдайды.
Суппозиторийлерді қалыпқа құю әдісімен
дайындаудың ерекшелігі,
негізді есептеу кезінде: қалыптың ұяшығының көлемін, яғни 1
ұяшықтағы негіз салмағын; майлы негіздің салыстырмалы тығыздығын
0,95 г/см
3
, желатин-глицерин негізінің тығыздығын - 1,15 г/см
3
;
орынбасу коэффециентін Е
ж
ескереді.
Орынбасу коэффициенті -
тығыздығы 0,95г/см
3
болатын (какао майының тығыздығы) 1 г майлы
негіздің орынын басатын дәрілік заттың мөлшерін көрсетеді. Сонымен
қатар кері орын басу коэффециентін (1/Е
ж
) қолдануға болады, 1 г дәрілік
заттың орнын басатын майлы негіздің мөлшерін көрсетеді. Іс жүзінде
кері орын басу коэффициентін қолданған қолайлы.
Сурет 44.
Достарыңызбен бөлісу: