Оқулық шымкент, 2018 жыл


Пилюлялар технологиясында қолданылатын көмекші заттар



Pdf көрінісі
бет275/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

Пилюлялар технологиясында қолданылатын көмекші заттар 
сипаттамасы: 
Тазартылған су
. Егер суда дәрілік заттар еритін болса, онда ол еріткіш 
ретінде қолданылады. Сонымен қатар, су - ісінетін заттарды сілбіге 
айналдырып, пилюлялық массаның құрамды бөліктерінің бірігуін қамтамасыз 
етеді. 
Этил спирті
. Пилюлялық массаны өңдеу үшін қолданылады, себебі 
шайырлар спиртте ериді немесе ісінеді. Спирт сирек қолданылады, себебі спирт 
көмегімен дайындалған пилюлялар тез кеуіп, ыдырап кетеді. 
Глицерин.
Құрамында қатты заттары көп пилюлялық массаға 
пластификатор ретінде қолданылады. Глицерин көбінесе - глицеринді су түрінде 
қолданылады (aqua glycerіnata 1:1). Ол массаның құрғап кетуін баяулатады. 


351 
Қант 
(қызылша қанты, сүт қанты). Қызылша қанты қарапайым шырын - 
қантты су түрінде (су мен қанттың бірдей мөлшердегі қатынасы), шырын, 
глицерин, су қоспасы (1:1:8) түрінде қолданылады. Ол массаның құрғап кетуін 
баяулатады. Сүт қанты - су сіңірмейді, бірақ пилюляның ерігіштігін жеңілдетеді. 
А.Ш. Хамзина 1961 жылы 1 бөлік крахмалдан, 3 бөлік сүт қантынан, 3 бөлік 
глюкозадан тұратын крахмалды - қант композициясын қолдануды ұсынды 
(Amylum Saccharatum). 
Бал.
Фруктоза мен глюкозаның тұтқырлығы жоғары концентрлі ерітіндісі. 
Бал - пилюлялық массаның пластикалылығын жоғарылатып, гигроскопиялық 
зат болғандықтан массаның құрғап кетуін баяулатады. 
Декстрин.
Сулы ерітінділерінің тұтқырлығы жоғары байланыстырғыш 
қасиеті бар. Декстринді сумен жабыспайтын сұйық дәрілік заттарды 
эмульгирлеу үшін, эмульгатор ретінде қолдануға болады. 
Шайырлар
. Арабиялық және шабдалы шайырлары. Олар тұтқыр ерітінді 
түзуге қабілетті, байланыстырғыш қасиеттері декстринге қарағанда жоғары. 
Құрамында сумен жабыспайтын сұйықтықтары бар пилюлялық массаға 
эмульгатор ретінде қосылады. Алкалоидтармен сыйымсыз және пилюляның 
ыдырау уақытын ұзартады. 
Альгин қышқылы
. Теңіз балдырларынан (ламинариялар) алынатын 
жоғары молекулалы қосылыс. Пилюлялық массаны жақсы пластифицирлейтін 
жоғарлы тұтқырлы ерітінді түзеді. 
Мия экстракты.
Мия тамырының қою экстрактысы гигроскопиялық 
тұтқыр сұйықтық, пилюлялық массаны жақсы пластифицирлейді және оның 
кебуін баяулатады. Құрғақ мия экстрактысы да жақсы пластифицирлеуші зат, 
бірақ глицерин немесе глицеринді су қосуды талап етеді. Көптеген дәрілік 
заттарды (сұйық, қою, құрғақ) пилюлялық массаға мия тамырының экстрактысы 
көмегімен айналдырады. 
Бақ - бақ және ащы жусанның қою экстрактылары да жақсы 
байланыстырғыш заттар, көптеген пилюлялық массаларға қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет