Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет360/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   356   357   358   359   360   361   362   363   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

Ботқалар
(Electuaria) қамыртәрізді тек ішуге қолдануға арналған дәрілік 
формалар. Ботқалар жиі шошқаларға, сирек жылқыға және басқа жануарларға 
тағайындалады. Ботқалар, әртүрлі қатынаста алынатын, дәрілік және көмекші 
(сұйық, жартылай сұйық және байланыстырғыш) заттардың қоспасынан 
тұрады. Қасықтан ақпайтын, қою консистенциялы (Electuaria spissa) және 
қасықтан жәйлап ағатын, қоюлау (Electuaria tenua s. mollia) консистенциялы 
ботқаларды ажыратады. Улы және күшті әсер ететін дәрілік құралдарды, 
олардың дәл дозалауын әр қабылдауда қамтамасыз ете алмағандықтан, 
ботқаларда белгілемейді. Ботқа түрінде, жағымсыз иісі мен дәмі бар, жеңіл 


467 
ыдырайтын және жеңіл тотығатын (калий перманганаты, күміс нитраты) 
дәрілік құралдар босатылмайды. Ботқалар өзінің консистенциясы және 
құрамы бойынша болюстық массаға жақын болғандықтан, сондай көмекші 
заттар қолданылады. Жиі жалаң мия тамырының ұнтағы (Pulvis radicis 
Glycyrrhizae), жалбызтікен тамырының ұнтағы (Pulvis radicis Althaeae), зығыр 
дәнінің ұнтағы (Farina Lini) қолданылады. Осы мақсатта қант шырыны, сірне, 
бал, өсімдік экстрактылары және сөлдер, бальзамдар, шайырлар 
қолданылады. Ботқаны өсімдік ұнтақтарынан дайындағанда көмекші 
заттарды: – шырышты заттарды 1/5—1/2, шырын мен балды 1/2—3/4, 
майларды – 1 бөлік; ботқаны бейорганикалық заттармен дайындағанда – 
шырышты заттарды 1/2—1/3, өсімдік экстрактыларын және сөлдерді 1/2— 
3/4, шырын мен балды 1 бөлік; ботқаны бальзамнан және майлы майлардан 
дайындағанда өсімдік ұнтақтарын бейорганикалық қосылыстарында 
қолданған мөлшерде алады. Көмекші заттардың мөлшері негізгі дәрілік 
құралдардың және консистентік заттардың қасиеттеріне байланысты әртүрлі. 
Жалбызтікен тамыры өте жақсы байланыстырғыш зат, ол өсімдік ұнтақтары 
үшін оның жалпы салмағынан шамамен 1/6 бөлігін, тұздар ұнтағы үшін – 
оның шамамен 1/3 бөлігін құрайды. Мия тамырының мөлшері, жалбызтікен 
тамырына қарағанда, шамамен 1,5—2 есе көп, ол өсімдік ұнтақтарының 
салмағының шамамен 1/5 бөлігін және тұздар ұнтағының салмағының 1/3—
1/2 бөлігін құрайды. 
Ботқаларды дайындау үшін, ең алдымен өсімдік ұнтақтарын мұқият 
араластырады, содан соң оған сұйық немесе жартылай сұйық заттарды қосып, 
біртекті масса алынғанша араластырады. Қою экстрактыларды алдымен 
сұйық заттармен араластырады, содан соң алынған қоспаны ұнтақтармен 
араластырады. Тұздарды өте майда ұнтақ немесе ерітінді түрінде қосады 
кейін, судың артық мөлшерін қосылмауын қадағалап, қалған ұнтақтармен 
араластырады.
Ботқалар – тез ашый бастайтын тәтті заттар және екінші–үшінші күні 
ашыйтын, шырышты заттары тез кеуіп кететін, тұрақсыз дәрілік түр. Оларды 
ex temporae дайындайды. Оларды консервирлеу үшін дайындау кезінде су 
моншасында 1 сағат қыздырады немесе кеуіп кетпес үшін оларға глицерин 
қосады. Құрғақ салқын жерде жақсы жабылатын банкаларда сақтайды.
Ботқалардың консистенциясы рецептіде көрсетілуі тиіс, ал егер 
көрсетілмесе, онда қою ботқа дайындалады. Банкаларда немесе пергамент 
қағазы салынған, қорапта босатылады.
Rp.: Extracti Aloёs 10,0 
Corticis Frangulae pulverati 50,0 
Salis Carolini factitii 30,0 
Radicis Glycyrrhizae pulverati et 
Aquae purificatae q.s., 
ut fiat electuarium spissum 
Da. Signa. Жылқыға 1 рет қабылдауға 


468 
Алоэ экстрактысын майдалап, карловар тұзымен, содан соң итшомырт 
қабығының ұнтағымен араластырады. Мия тамырының ұнтағының мөлшерін 
есептейді: жалбызтікен тамырының өсімдік ұнтақтарын байланыстыру үшін 
1/6 бөлік, яғни
, ал карловар тұзын байланыстыру үшін – 1/3 
части, яғни 
, сонда жалбызтікен тамырының ұнтағынан 20,0 г 
қажет. Бірақ бұл рецептіде мия тамырының ұнтағы жазылған, онда оны 1,5—
2 есе артық алу керек, яғни 40,0 г. Ұнтақты қоспаға қосып, біртекті масса 
алынғанша араластырады, су қосады мұқият қою консистенциялы ботқа 
түзілгенше араластырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   356   357   358   359   360   361   362   363   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет