Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет368/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

Бақылау сұрақтары: 
 
1.
Жаңа туған және бір жасқа дейінгі балалардың организмінің 
ерекшеліктері. 
2.
Балаларға арналған дәрілік түрлерді асептикалық жағдайда дайындау 
қажеттілігін көрсетіңіз. 
3.
Балаларға арналған дәрілік препараттардың технологиясының
бақлаудың, сақтаудың және босатудың ерекшеліктері. 
4.
Балаларға араналған дәрілік түрлерді жетілдіру. 
 
 
 
 


482 
ТАРАУ 

СЫЙЫМСЫЗ 
ЖӘНЕ 
РАЦИОНАЛДЫ 
ЕМЕС
ЖАЗЫЛЫМДАР 
6.1. Сыйымсыз және рационалды емес жазылымдар
Дәрілік заттардың сыйымсыздығы - бұл дәрілік заттардың емдік әсерінің 
әлсіреуі, жоғалуы, бұзылуы немесе жанама, улы әсерінің күшеюі. 
Фармацевтік сыйымсыздық деп дәрілік заттардың өзара немесе көмекші 
заттармен әрекеттесуі нәтижесінде олардың физика-химиялық қасиеті, сонымен 
қатар, терапевтік әсері өзгеретін ингредиенттер бірігуін айтады. 
Дәрігермен ескерілмеген бұл өзгерістер дәрілік препараттарды дайындау 
және сақтау процесінде жүруі мүмкін. 
Рациональды емес дәрілік жазылымдар – бір дәрілік түрде жазылған және 
осы дәрілік түрді дайындау кезінде ерекше немесе арнайы технологияны қажет 
ететін дәрілік заттар бірігуін айтады. 
Сыйымсыздықты үш топқа бөледі: физикалық және физикалық-химиялық, 
фармакологиялық. 
Физикалық 
және физикалық-химиялық сыйымсыздықтың түзілу 
себептері: 
1.
Дәрілік препараттардың ерімеуі және оның ерігіштігін нашарлататын 
жағдайлар. 
2.
Коллоидты жүйелердің және жоғары молекулалы қосылыстар (ЖМҚ) 
ерітінділерінің коагуляциясы. Эмульсиялардың қабаттануы. 
3.
Күрделі ұнтақтардың ылғалдануы және балқуы. 
4.
Дәрілік заттардың адсорбциясы. 
5.
Ингредиенттердің сыйымсыздығы немесе араласпауы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет