Қалыптастыру жұмашева Жеңісгүл Бағдатқызы



Дата19.02.2017
өлшемі87,58 Kb.
#10460
АРНАЙЫ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН

ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Жұмашева Жеңісгүл Бағдатқызы

Қазалы аграрлы – техникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы
«Нұрлы Жол» - Қазақстан дамуының даңғыл жолы"

Қазақстан Республикасы Президентінің

Қазақстан халқына Жолдауынан
Егеменді еліміздің, қоғамымыздың әлеуметтік саяси және басқа да салаларында түбегейі өзгерістер болып жатыр. Соның бірі – білім беру саласы. Қай кезеңде болмасын жас ұрпаққа білім мен тәбие беру қоғам алдындағы ең жауапты, маңызды іс.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Нұрлы Жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында да білім беруге үлкен мән беріліп отыр. Болашақта тек білімді ел ғана болмай қандай да болмасын бәсекелестікке төтеп бере алып, өзін-өзі сақтап қалу керек. Олай болса, ел болашағы – білімді ұрпақта.

Оқу үрдісін технологияландыру, ақпараттандыру, оқыту сапасын арттыру негізгі білім сапасының кепілі болып табылады.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев биылғы жылдың «Нұрлы Жол» атты жолдауында Қазақстандағы білім беру жүйесінің алдында тұрған негізгі мәселелерге тоқталып өтті. Жолдаудың біздің алдымызға, яғни білім саласы қызметкерлері алдына қойып отырған басты міндеті – еліміздегі білім берудің ұлттық үлгісін әлемдік стандарттарға сәйкестендіре отырып, білім сапасын арттыру. Яғни әркімнің жеке қабілетін ескере отырып, оның білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру, қоғамның әрбір мүшесінің толыққанды білім алу үшін тең дәрежеде жағдай туғызу.

«Елiмiздiң, ертеңі-бүгiнгi жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында» демекші елбасымыз бастаған «Нұрлы Жол» - Қазақстан дамуының даңғыл жолы екені баршамызға аян.

Сондықтанда тәуелсіз еліміздің саналы да, сапалы, білімді ұрпағын тәрбиелеу мәселесі бүгінгі күннің өзекті тақырыбы. Бұл мәселенің шешімін табуда үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Бұл алға қойылып отырған негізгі талаптар – Қазақстан білім беру жүйесінің бүкіләлемдік білім беру кеңестігіне толық енудің алғашқы даму стратегиясын жасау болып табылады. 

Әлемдік оқу үрдісінің өзегі — жаңа технологиялар екені мәлім. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді.Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады.

Қоғамдағы өзгерістерге сәйкес студенттерге бүгінгі таңда білім беру үшін, олардың танымдық қасиетін дамыту негізгі мақсат.

Әлемдік білім беру кеңістігінде жеке тұлға мен қоғамның қажеттілігін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім беру қажеттілігі керек.

Қазіргі білім беру концепциясының басты мақсаты: Өзінің және қоғамның мүддесіне өзін – өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

Қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, шынайы өмірге белсене қатысып, оны жақсартуға ықылас етіп белсенді, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, ой-өрісі кең, кәсіби деңгейі жоғары, сауатты, құзыретті, танымдық әрекетке қызығушылығы мол студент тәрбиелеу.

Белгілі нәтижелерге жету үшін студент бойында субъект ретінде төмендегі құзыреттіліктерді қалыптастыру керек:

Коммуникативтік құзыреттілік – адамдармен қарым-қатынас тәсілдерін, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу біліктілігін, көп тілді білу дағдылары болуын қарастырады.

Ақпараттық құзыреттілік – білім мен ақпаратты, ақпараттық технологиялар мен техникалар көмегімен өз бетінше іздеп, талдап, өзгертіп, сақтай және жеткізе білу.

Осы орайда арнайы пәндерде сабақ беру үрдісінде студенттердің құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында Марал Жанпейісованың «Модульдік оқыту» технологиясын басшылыққа алып жұмыс жасаудамын. Бұл технологияның негізгі ерекшелігі – оның білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді: яғни жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл және т.б.) ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай - ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанғаттандыруға; белсенді сөздік қорын (ауызша және жазба тілінде) дамытуға бағытталуы. Осы мақсаттарды оқу процесінде мұқият құра білген жағдайда студенттердің білім сапасын едәуір арттыруға және білім стандартты бекіткен оқу материалын студенттерге толық меңгеруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Оқу модулі оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады. Әр оқу модуліне сағат саны әр түрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты.

Модульдік технологияны пайдалана отырып, ІІІ курстарға арнайы пәндерден модульдер құрастырылып, сабақ жүргізудемін. Соның бірі №92 топ «Ауылшаруашылық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандығына, Мал шаруашылығына арналған ауылшаруашылық құралдары мен машиналары пәнінен «Топырақ өңдейтін машиналар мен құралдар» тарауы бойынша жүргізілген сабақ жоспары.
Модульдің мақсаты:

1. Топырақ өңдейтін машиналар мен құралдардың түрлерімен, құрылысымен таныстыру;

2. Топырақ өңдейтін машиналар мен құралдарды жұмысқа даярлауды үйрету;

3. Топырақ өңдейтін машиналарға техникалық қызмет көрсету жұмыстарын үйрету;


Қамтылған тақырыптар:

  • Топырақ өңдейтін машиналар мен құралдардың жіктелуі. (топтастырылуы). Соқалар сипаттамасы.

  • Топырақ өңдейтін машиналар мен құралдардың жіктелуі

  • Соқалардың құрылысы мен жұмысы

  • Соқаларды жұмысқа даярлау

  • Топырақтың үстін өңдеуге арналған машиналар мен құралдар

  • Топырақты механикалық өңдеу тәсілдері


Лабораториялық практикалық сабақ.

Студенттерге тірек - сызба жұмыстары бойынша материалдарды баяндау негізінде берілген тапсырманы жан жақты, тиянақты игеруіне мүмкіндік болады. Атап айтсақ осы тарауда бірнеше сызба нұсқалар жасалып, танымдық тапсырмалар, дәлелденген деректер беріліп, студенттердің ақпараттық құзіреттілігінің дамуына жағдай жасалынады. Төмендегі сызбадан студенттердің негізгі ақпарат көзімен таныса отырып, жалпы тарау бойынша білім алады.

Студенттерге тарау бойынша өткізілген тақырыптарға танымдық тапсырмалар беру арқылы олардың проблеманы шешу қабілеттерін нығайтуға жағдай жасаймын. Жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

Ол үшін мынандай әдістерді сабақта пайдаланамын:



ауызша әдіс - теориялық және фактіге негізделген білімді қалыптастыру;

көрнекі әдіс - зертханалық жұмыстар, оқу материалдарының мазмұнын есте сақтау, көру қабілетін жақсарту үшін;

іздену әдісі - өзінше ойлану, зерттеу, проблемалық оқуға әзірлеу;

индуктивті әдіс - қортынды жасау қабілетін дамыту, ойлау қабілетін қалыптастыру үшін;

өзіндік жұмыс - оқу әрекетінде жұмыс істеуге қабілетті дамыту, оқу еңбегінде дағды қалыптастыру, жеңіл тақырыпты өзінше оқу.

Тақырып бойынша берілген ақпараттарды талдау, оларды өңдеу, танымдық тапсырмаларды өз бетінше шешуге, жоспарлауға, еске сақтауға ақпараттарды тасымалдауға септігін тигізеді. Сол сияқты, студенттердің топпен жұмыс жасау кезінде коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыруға болады. Коммуникативтілік құзыреттілік студенттер арасында өзара қарым - қатынастар, материалды баяндау, хабарлау, өзара ақпарат алмасу, оқу материалдарына қызығушылығын қалыптастыру кезінде орнайды. Осы құзыреттілікті қалыптастыру кезінде студенттерге сенім білдіріп, жауапкершілік артамын. Сондай – ақ, тақырыпты қорытындылау үшін тест тапсырмалары беріліп, студенттердің білімі қорытындыланады.

Тест түрлері студент білімін бекітуге, қайталауға, жүйелеуге мумкіндік береді. Сонымен қоса мұғалім мен студенттердің уақытын үнемдеуге оқу жұмысын ұйымдастыруға жағдай жасайды. Тестік тапсырмаларды студенттердің білім деңгейін ескеріп, студент қабілетіне, қабылдау және меңгеру деңгейіне қарай сараптап, тұлғаның психологиялық жас ерекшеліктерін ескеремін. Нәтижесін кілтімен тексертіп өздеріне бағалатамын. Студент білімін бағалауға студенттердің жауап беру мүмкіндігі мен өз бетінше іздену дағдысын нәтижелілік дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Бағалау парағына әр деңгейлік тапсырманың бағасын қойып, қорытынды бағасын шығарып отырамын. Осындай тәжірибе арқылы студенттердің білімін, дағдыларын, ойлау қабілеттерін, шығармашылық ізденісін бақылау арқылы біршама нәтижеге жеттім.

Есте сақтау қабілетін шыңдауға, ғылым мен техника жетістіктеріне, білімге деген қызығушылығын арттыруда сыныптан тыс шаралардың маңызы зор. Студенттердің сауаттылығын арттыру, алған білімдерін тиянақты болуын қадағалау үшін сыныптан тыс жұмыстардың да маңызы зор. Бұл жұмыстар - студентті қызықтыратындай ойындар, викторина шешу, ребус, кроссворд құрастыру, логикалық есептер шығарту, ғылыми –практикалық конференцияға қытыстыру арқылы ой-өрісін, пәнге қызығушылығын арттырып, пән аралық байланысты нығайтуға көмектеседі. Модульдік технологияны сабақта және сабақтан тыс уақыттарда қолдану арқылы студенттердің түйінді құзыреттіліктері мен субъектілері артқандығы байқалады. Осы орайда, студенттердің шығармашылық ізденісін, тапқырлығын, зеректігін, ойлауға икемділігінігін, өмірге ғылыми көзқарасын дамытуға өткізілген сыныптан тыс жұмыстар:

«Қарлы кесек» оқыта үйрету ойыны, «Брейн-рейнг» оқыта үйрету ойыны, «Барлығын білгім келеді» сайыстары, «Сен маған-мен саған» сұрақ-жауап, тб.. Студенттердің шығармашылықпен жұмыс істеуіне сабақта және сабақтан тыс жұмыстардың қорытындысы өз нәтижесін беруде.

Студенттер өзін-өзі бағалай білетін, шығармашылық деңгейі жоғары жан-жақты тұлға қалыптастыра отыра, студенттің білім сапасын көтеремін, алған білімдерін өмірмен ұштастыруға бағыт беріп студент кұзырлығын дамытамын. Сонымен модульдік оқыту технологиясы студенттің жеке тұлғасын пән арқылы дамытуға, студенттің зейінін, жадысын қалыптастыруға, белсенді сөздік қорларын дамытуға, шығармашылық қабілеттерін нығайтуға, студенттердің өз күшіне сенуіне мүмкіндік туғызады деп ойлаймын.

Оқытудың модульдік технологиясын қолдану нәтижесінде студенттердің төмендегідей іс- әрекеті қалыптасады:


  • нақты мақсат қоюға дағдыланады;

  • оқу процесіне белсенді қатысады;

  • өз ойын ашық айтады, оны дәлелдей біледі;

  • айтылған жауаптарының құндылығы жоғары болады және алуан түрлі жауап бере алады;

  • сараптауға, бағалауға дағдыланады;

Қорытындылай келе менің іс-тәжірибем арқылы студенттердің өз пәніме деген қызығушылығының, сабаққа деген белсенділігінің артқандығын байқадым. Сонымен қатар, әртүрлі әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану студенттердің құзыреттілігінің көтерілуіне үлкен әсер етеді деп ойлаймын.

Модульдік оқыту технологиясын сабақта қолдану – арнайы пәндерді оқытуда сабақтың білім сапасын көтерудің негізгі факторы болып табылатындығына сенімдімін.



Сондықтан модульдік технологияны пайдалана отырып, студенттердің құзыреттілігін дамыту арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруға тиіспіз.

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. М.М.Жанпейісова«Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде». Алматы 2002 жыл.

  2. М. Қамзина «Модульдік оқыту технологиясы» / тәрбие құралы.2005жыл, №4

  3. Р.Искакова, З.Ерназарова «Жаңа технологияны пайдалану әдістері», Қызылорда, 2004 жыл.

  4. Назарбаев Н.Ә. Нұрлы Жол  //Қазақстан халқына Жолдауы//,  11.11.2014ж.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет