Оқулық шымкент, 2018 жыл


Балаларға арналған дәрілік препараттардың технологиясының



Pdf көрінісі
бет364/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   360   361   362   363   364   365   366   367   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

Балаларға арналған дәрілік препараттардың технологиясының 
ерекшеліктері. 
Нәрестелерге дәрілік препараттар «Нәрестелерге арналған» 
белгісі бар рецепт бланкісінде жазылады және баланың жасы мен салмағы 
көрсетіледі. Рецептіні қабылдаған кезде улы және күшті әсер ететін 
заттардың дозасын, сонымен бірге, антибиотиктердің, сульфаниламидтердің 
және басқа дәрілік заттардың біріктіру рационалдығын ескеріп, жазылған 
ингредиенттердің 
сыйымдылығын 
тексеру 
керек. 
Жазылымдардағы 
суппозиторий және клизма құрамындағы улы және күшті әсер ететін 
заттардың дозасы пероралды қолдануға арналған дозамен салыстырылады. 
Персоналды, бөлмені, құрал-жабдықтарды, құтыларды, көмекші 
материалдарды және нәрестелерге арналған дәрілік түрлерді дайындау 
жағдайлары ҚР Ұлттық экономика министрінің 19 наурыздағы 2015 жылғы 
№ 232 «Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен 
медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын 
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту 
туралы бұйрығы, ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 60 «Дәрілік 
препараттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау» 
қағидаларын бекіту туралы Қаулысы талаптарына жауап беруі керек. 
Нәрестелерге арналған барлық дәрілік түрлер, дәріні жазған дәрігердің 
белгілеуіне байланыссыз, стерильді болуы тиіс. Балалар стационарында және 
бір жасқа дейінгі балалар үшін индивидуалды рецепт бойынша дайындалатын 


475 
ішуге қолданылатын дәрілік заттардың ерітінділері де стерильді болуы тиіс. 
Ішуге 
қолданылатын 
ерітінділер 
салмақ-көлемдік 
тәсілмен 
тұрақтандырғышсыз немесе консервантсыз дайындалады. Корригент ретінде 
жеміс шырындары: шие, лимон, таңқурай, қарақат және басқалар 
қолданылады. 
Қаракат және шие шырындарымен бромидтердің, сульфаттардың және 
кейбір органикалық заттардың жағымсыз ащы дәмін корригирлейді. 
Ащы дәмді осы шырындармен лимон қышқылын қосу арқылы 
жақсартады. Өте тәтті дәмді цитрустар, лимон қышқылын, мүк жидегі 
экстрактарын қосу арқылы жақсартады. Балалар практикасында кеңінен 
корригент, сонымен бірге фармакологиялық белсенді зат ретінде бал; жалаң 
мия тамырынан алынған, басқа заттармен біріктірілген глицерам; эфир 
майлары және жеміс эссенциялары (жалбыз, алмұрт, апельсин, анис және 
басқа) қолданылады. Ерітінділерді сүзіп, бейтарап шынылы құтыға 
бөлшектеп құяды, резина тығынымен тығындап, металл қалпақпен айналдыра 
бекітеді. Қысым астындағы қаныққан бумен 120 °С температурада 
стерильдейді. Термолабильді заттар дәрілік түрге асептикалық жағдайда 
қосылады, ал ерітінділерді бактериалды фильтрден өткізеді. Ішуге 
қолданылатын глюкозаның 5, 10 және 25 % ерітінділерін тұрақтандырусыз, 
заттың ылғалдығын ескерусіз 120 °С 8 минут стерильдейді. Нәресте және 
емшектегі балалар үшін ішуге арналған ерітінділерді көлемі 100 мл артық 
емес индивидуалды орамадағы құтыларға бөлшектейді. Оларды сақтау 
белгіленген мерзіміне сәйкес жүргізіледі (кесте 30). 
Кесте 30
Нәрестелер үшін ішуге арналған ерітінділердің сақтау мерзімі және 
стерильдеу жағдайы 
№ 
п/
п 
Ерітінділердің 
атауы 
және 
концентрациясы 
Сақтау 
мерзімі
, тәулік 
Сақта-
луы 
Стерильдеу 
жағдайы 
Ескерту 
Темп., 
°С 
Уақыты, 
мин 








Тазартылған су 
30 
120 


Глюкозаның 5, 10 
және 
25 

ерітінділері 
30 
120 

Тұрақтандырусыз 
дайындалады 

Глюкозаның 5% 
ерітіндісі,аскорб
ин қышқылы 0,1 
5
Күннен 
қорғалғ
ан 
жерде 
100 
30 
Жаңа 
қайнатылған 
тазартылған суда 
дайындалады. 
Құтыны 
толтырып құяды 

Глюкозаның 10 
немесе 
10% 
ерітіндісі, 
30 
Күннен 
қорғалғ
ан 
120 



476 
глютамин 
қышқылы 
жерде 

Дибазолдың 
0,01% ерітіндісі 
30 
120 


Димедролдың 
0,02% ерітіндісі 
30 
Күннен 
қорғалғ
ан 
жерде 
120 

Перзетхана 
жағдайында 
қолдану 
болмайды, 
седадивті 
әсер 
көрсетеді. 

Калий 
ацетатының 0,5% 
ерітіндісі 
30 
120 


Калий йодидінің
0,5% ерітіндісі 
30 
Күннен 
қорғалғ
ан 
жерде 
120 

Бөлшектеу 20 мл 
аспауы керек 

Кальций лактат 3 
немесе 
5% 
ерітіндісі 
30 
120 

Препараттағы 
ылғалдың фактілі 
құрамын ескеріп 
дайындалады 
10 Кальций 
глюконат 
1–3 
немесе 
5% 
ерітіндісі 

120 

Ыстық 
суда 
ерітеді 
11 Кальций хлорид 
3% ерітіндісі 
30 
120 

Ерітіндіні 
дайындау үшін 5–
10% концентраты 
қолданылады 
12 Аскорбин 
қышқылының 1% 
ерітіндісі 

Күннен 
қорғалғ
ан 
жерде 
100 
30 
Жаңа 
қайнатылған 
тазартылған суда 
дайындалады. 
Құтыны 
толтырып құяды 
13 Никотин 
қышқылының 
0,05% ерітіндісі 
30 
Күннен 
қорғалғ
ан 
жерде 
120 

14 Хлорсутек 
қышқылының 1% 
ерітіндісі 
30 
120 

Дайындау кезінде 
сұйытылған (8,2-
8,4%) хлорсутек 
қышқылы 
қолданылады 


477 
15 Натрий 
хлоридінің 0,9% 
ерітіндісі 
30 
120 

16 Натрий 
бромидінің 0,9% 
ерітіндісі 
30 
120 

17 Пиридоксин 
гидрохлориді 
0,2% ерітіндісі 
30 
120 

18 Эуфиллиннің 
0,05 немесе 0,5% 
ерітіндісі 
15 
120 

Ескерту: ерітінділер резина тығынмен тығындалып, алюминий қалпақпен айналдыра 
бекітілген. 
Ішуге қолданылатын балаларға арналған дәрілік түрлер үшін, 
құтылардағы шырындар, суспензиялар және ерітінділер дозалаушы 
қасықтармен, қақпағы бар өлшегіш стақандарымен немесе тамызғыштарымен 
жабдықталған жинақтар қарастырылады. 
Құрамында термолабильді заттары бар, сырт тәнге қолданылатын (5% 
калий перманганаты, 2% колларгол, 3% сутек асқын тотығы) ерітінділері, 
стерильді тазартылған суда дайындалады және асептикалық жағдайда 
стерильді құтыларға бөлшектеп құйылады. Калий перманганаты және сутек 
асқын тотығы ерітінділерінің сақтау мерзімі 15 тәулік, ал колларгол – 30 
тәулік. Термотұрақты дәрілік заттардың (0,1% этакридин лактаты, натрий 
хлоридінің изотондық ерітіндісіндегі 0,02% фурациллин, глицириндегі 10% 
натрий тетрабораты) ерітінділерін автоклавта 120 °С 8 минут стерильдейді. 
Жаңа туған балалардағы бленореяның алдын алу үшін 2 % күміс нитраты 
ерітіндісінің орнына өндірісте шығарылатын тамызғыш-тюбиктегі 30% 
сульфацил-натрий ерітіндісін (сақтау мерзімі 2 жыл) және жазылым бойынша 
дайындалатын 30% сульфацил-натрий ерітіндісін қолдануға рұқсат етіледі. 
Профилактика лезде бала туылғаннан кейін және 2 сағаттан кейін 1 тамшы 30 
% сульфацил-натрий ерітіндісін тамызу арқылы жүргізіледі. 
Индивидуалды қолданылатын сырт тәнге арналған дәрілік түрлерді 30 мл 
көлемде бөлшектейді. Емдеу профилактикалық ұйымдарының бөлімдерінде 
құтыларды ашу және бөлшектеп құю стерильді құтыларға асептикалық 
жағдайда жүргізіледі. Ашылған құтылардағы ішуге және сырт тәнге 
қолданылатын ерітінділерді сақтауға қатаң тыйым салынады. Жаңа туған 
балалар үшін дәріханадан амбулаторлық рецептілер бойынша 100 мл көлемде 
босатылады. 
Ашылған ерітінділер тоңазытқышта 2 тәулік бойы сақталады, ол туралы 
фармацевт этикеткада белгі қояды.
Майлы ерітінділер. Жаңа туған балалардың тері бетін өңдеу үшін немесе 
майлы ерітінділерді дайындау үшін шабдалы, зәйтүн және вазелин майлары 
қолданылады. Майлы майлардың қышқылдық саны 2,5 жоғары емес болуы 


478 
керек. Оларды ИР-21 маркалы резина тығынмен айналдыра бекітілген 
сыйымдылығы 50 мл қанға арналған құтыда 180 °С температурада 30 минут 
стерильдейді. Майлар бөлме температурасында 30 тәулік сақталады.
Ішуге қолданылатын ұнтақтар асептикалық жағдайда фармакопея 
талаптарына сай дайындалады. Сеппелерді дайындау үшін ұнтақтарды 
майдалап, әрі қарай оларды стерильдейді. Термотұрақты заттармен (мырыш 
тотығы, тальк, ақ балшық және басқа) сеппелер дайындау үшін оларды 
стерильдейді. Термолабильді заттарды асептикалық жағдайда қосады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   360   361   362   363   364   365   366   367   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет